Қаз 26, 2019 16:06 Asia/Almaty

XVIII ғасырға дейін шығыстанушылар Исламның ұлық пайғамбары мен хазіреттің дінін тану үшін зерттеулер жасады. Бірақ бұл зерттеулердің шындықпен сәйкестігі аз болды.

Жұлдыз жарқырап, ай туғанша илаһи пайғамбарлар бір-бірлеп, белгілі кезеңдерде келіп кетті. Соңғы илаһи пайғамбар хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) надандыққа толы Арабстанда дүниеге келіп, бүкіл әлемді Аллаға табыну нұрына толтырды. Хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) қасиетті діні келгеннен 14 ғасыр өтті. Бүгінде бұл дін Шығыстан Батысқа дейін таралып, әлемдік дінге айналды.

Алла елшісінен : «Уа, Алла елшісі! Діннің мақсаты не?»- деп сұрағанда: «Ахлақ»,- деп жауап берді. Исламның ұлық пайғамбары өз ахлағымен арабтарды дін, Құран мен құбылаға негізделген тудың астында біріктіріп, ислам қоғамының үлгісін көрсетті. Исламның ұлық пайғамбары артықшылықтың факторын тақуалық, ұстамдылық пен имандылық деп атап, ұлттық кемсітушіліктерді айыптады. Құран Кәрімде хазірет туралы:  "Әй Пайғамбар! Сөз жоқ, сені бір куә әрі қуантушы, ескертуші етіп жібердік. Алла жаққа Оның нұсқауымен шақырушы бір нұрлы шырақ түрінде жібердік",- деп айтылған. ("Ахзаб" сүресі, 45-46-шы аяттар).

 

 

 

 

XVIII-ші ғасырға дейін шығыстанушылар Исламның ұлық пайғамбары мен хазіреттің дінін тану үшін көп зерттеу жасады. Бірақ зерттеулердің шындықпен сәйкестігі аз болды. XVIII ғасырда Ислам діні мен хазірет Мұхаммадқа (с.ғ.с.) қарсы шабуылдар жалғасты. Алайда олардың айырмашылығы сынаушылардың бар назары Ислам дініне емес, Исламның ұлық пайғамбарының болмысына шоғырланды. Жалпы айтқанда бұл кезеңде де бұрынғы тіл тигізу әрекеттері қайталанды. XVIII ғасырдағы Ағартушылық кезеңінде табиғат пен ғалам ақыл мен парасат саласында деген сенімге негізделді.  Иммануил Кант: "Ағартушылық дегеніміз - адамның өзіне өзі жасаған қамқорлықтан кетуі және ауысуы",- деген. Бұл кезеңнің зерттеушілері жұмыстарын ойланып іске асыруға талпынды. Сондықтан бұл кезеңде Еуропада Ислам бұрыс емес аналогия ретінде баяндалғанымен, көптеген жайттарда шынайы қатер мен қоқан-лоққы ретінде көрсетілді. Кезінде шынайы қатер мен қоқан-лоққы саналған Ислам діні еуропалықтар мен батыстықтарды қызықтырды. Еуропада Ислам мен хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) әдебиет пен өнердің өзегіне айналды.  Ол кезеңде Пайғамбар (с.ғ.с.) мен Исламға деген көзқарас оң немесе бейтарап болмағанымен бұл жолы Исламның ұлық пайғамбарына көбірек көңіл бөлінеді. Шығыстанушылар  Саймон Аккли мен Джордж Сейлдің   екі үлкен жұмысына байланысты Ислам туралы пікірталастар  маңызды қадамдар болды.   Олар Алла елшісінің алғашқы қорғаушылары ретінде танымал болып, хазірет туралы жазып, өздері де ырымшылдықтан алыстады.

 

Саймон Аккли "Сарациндер тарихы" деген кітабында мұсылмандардың жеңістері мен халықпен қатынас орнату тәсілдерін мадақтап: "Арабтар басқа жеңімпаздармен салыстырғанда жеңіп алған жерлеріндегі халықты құрметтеп, олармен әділ әрі адал қатынас орнатуға талпынады",- деп жазды. Ол 1717 жылы  имам Әлидің (ғ.с.) афоризмдерін аударып, «Әлидің сөйлемдері» атты   кітап шығарып, имамның даналығы мен кемеңгерлігін дәріптеді. Аккли: "Еуропалықтар ие шамалы білімнің барлығы Шығыстан алынды. Олар білімді басында гректерге жеткізді. Римдіктер де бұл білімнен пайдаланды. Батыс әлеміне қатыгездік тарағаннан кейін мұсылмандар жерлерді жеңіп алып, білімді Еуропада таратты.  Біз бәріміз Мұхаммадқа (с.ғ.с.) қарыздармыз", - деп жазды. Құранды ағылшын тіліне аударған Джордж Сейл исламның ұлық пайғамбарының өмірі мен ислам сенімдер туралы жазды. Оның бұл еңбегі оған қарсы көптеген наразылықтарға себеп болып, ол "жартылай мұсылман" деп айыпталды. Бірақ Сейл өзін қорғап, кітабының кіріспе сөзінде: "Мұхаммад пен Құран туралы сұхбатымда мен өзіме ұят, әдепсіз сөздерді қолдануға рұқсат етпедім. Керісінше, мен Мұхаммад пен Құранға әдеппен қарауды міндетті санадым",- деп жазды. Сейлдың пікірінше, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) арабтарды пұтқа табынушылықтан Құдайға табынуға шақырып, дінді бұрмаланушылықтардан тазартуға талпынды. Ол: "Пайғамбардың мүшірік арабтарды Құдайға қарай тарту жобасы абыройлы, таза және мадақтауға лайық жоба болды. Сондықтан мен "Мұхаммад өз елін пұтқа табынушылықтан бір Құдайға бағынатын дінді қабылдауға мәжбүрлеп, жаман, бұрыс істеді» деген марқұм Придоны растай алмаймын",- деп жазды.  

 

XVIII ғасырда ерлік идеясы көп жырланып, Ислам пайғамбары  Мұхаммад (с.ғ.с.) атақты неміс ақыны Гетенің кейіпкеріне айналды. Иоганн Вольфганг фон Гете неміс ақыны. Ол жас кезінен Ислам діні мен хазірет Мұхаммадқа (с.ғ.с.)   қызығушылық танытқан 18-ші ғасырдың әйгілі ақындары мен данышпандарының бірі. Ол исламдық дереккөздеріне қолжетімділігінің жеткіліксіздік болғанына қарамастан "Мұхаммадтың (с.ғ.с.) трагедиясы" деген еңбегінде Алла елшісінің рухани берекесін әдемі әрі ұмытылмастай көрсетті. Гете "Мұхаммад  жырында" хазіретті адамдарды өзімен мәңгілік сарайға апаратын шексіз өзенге теңеді. Бұл өлең Пайғамбардың ең жақын адамдары, яғни хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатиманың тілімен айтылды. Ол Исламның ұлық пайғамбарын даланың шөлін қандыратын ағын су санады.  Гете хазірет Мұхаммадты (с.ғ.с.)  ерекше адам ретінде мадақтап, оның  Құран кітабын мәңгілік мұра санады.