Қар 03, 2019 17:17 Asia/Almaty

Құран Кәрім мен Ислам тағылымдарына негізделген саясат бойынша, Ислам революциясының көсемі имам Хомейни экономикалық тәуелділікті бөгделердің билеп-төстеушілігінің ықпалына түсу деп санаған.

 

Экономикалық қарсыласу Иран экономикасының жергілікті тәуелсіз үлгісі болып табылады. Әлемдегі басқа экономикалардағыдай   бұл экономиканың моторы да өндіріс саналады. Қарсыласу экономикасының негізі – ұлттық өндіріс.

 

Кез келген мемлекеттің экономикалық саясаткерлерінің мақсаты экономикалық дамуға қол жеткізу. Экономикалық даму деңгейі артқан сайын халықтардың байлығы, жұмыс орындары мен тұрмыс жағдайы жақсарады. Экономикалық дамуға ұлттық өндірісті арттыру арқылы жету мүмкін. Өнім деп әртүрлі ауылшаруашылығы, мал шаруашылығы, өнеркәсіп пен инжинирингтік қызмет, фармацевтика мен медициналық құрал жабдықтар, ғылыми өндіріс, ақпараттық және «жұмсақ» соғыс өнімдері. Бұлардың жиынтығы  ұлттық  күш-қуат пен байлыққа жеткізеді.

Ұлттық өнімнің артуы аясында жұмыс орындарын ашуға мұрсат туып, жұмыссыздық мәселесі төмендейді. Ұлттық өндіріс елдің инфрақұрылымдарын нығайтып, қолдағы ресурстардың дұрыс пайдаланылуына ұластырады. Ұлттық өндірістің артуы кедейшілікті азайтып, жұмыс пен талпынысқа жол ашып, өндіріс пен тұрмыстың жақсаруына себеп болады. Сондықтан ұлттық өндіріске шоғырланып, елді шетелге тәуелді болудан құтқарып, елдің тәуелсіздігін қорғауға болады. Тәуелсіздікке ие болу мұсылмандар мен исламдық елдер үшін сенімдерінен тамырланады. Исламдық тағылымдар негіздерінің бірі мұсылмандарды бөгделер мен дұшпандардың билеп-төстеушілігіне түспеу туралы ескерту жасайды. «Ниса» сүресінің 141-ші аятында:  «...Алла кәпірлер үшін мүміндерге қарсы жол қоймайды»,- деп айтылды.

Құран Кәрім мен Исламның тағылымдарға негізделген саясат бойынша, Ислам революциясының көсемі имам Хомейни экономикалық тәуелділікті бөгделердің билеп-төстеушілігіне түсу деп санап: «Егер біз экономикалық салада тәуелді болсақ, саяси салада да тәуелді болып, еліміз бұрынғы жағдайға оралады»,- деді. 

 

Өндірісті дамыту - бүкіл тәуелділіктерден құтқаратын жол.

Ислам революциясының жеңіске жетуінен кейінгі 40 жылы дұшпандардың Иран халқының революцияшыл мақсаттарына қарсы қастықтары мен көптеген санкциялар арқылы елге экономикалық қысым көрсету әрекеттеріне толы болды. Санкцияларға қарсы тұру саласында ұлттық өндіріс дұшпандардың қастықтары мен санкцияларын залалсыздандырған маңызды факторлардың бірі болды. Ұлттық өндірістің мақсаты - өндірісті ұлғайту арқылы қоғамды негізгі тауарлар және қажеттіліктермен қамтамасыз етумен қатар, экспорттық бағытты сан жағынан да, сапа жағынан да арттыра отырып, елдің тәуелсіздігін қорғап, қауіпсіздігін арттыру. Бұл мақсатқа жету үшін факторлар мен талаптар, соның ішінде шикізат пен ресурстардың болуы қажет. Иран - энергетика, өнеркәсіп және кеніш, ауылшаруашылығы және қызмет көрсету салаларында өндіріс ресурстары жағынан үлкен әлеуетке ие санаулы елдердің бірі.  Мұнай, өнеркәсіп пен кен, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету Иран экономикасының төрт негізгі саласы болып табылады. Энергетика саласында   Иран газдың ең үлкен қоры және   мұнайдың әлемдегі төртінші қорына ие. Егер мұнай мен газ қорларын бірге алатын болсақ, Иран әлем бойынша отын мен энергия қорларынан бірінші орынды иеленеді. Иранның мұнай және газ кен орындары Парсы шығанағының таяз суларынан бастап Каспий теңізінің терең суларына дейін, сондай-ақ құрлықтағы жерлерге дейін елдің көптеген аймақтарына таралған. Иран мұнай және газ қорлары бойынша әлемде бірінші орынға ие. Бұл ресурстар дәстүрлі көздердің қатарына жатады.  Негізінде Иран әлі де дәстүрлі емес қорларды (мұнай және газ тақта тасы мен газ гидраттары) кең зерттеу мен бағалауды бастаған жоқ.  Мәліметтер бойынша, Иранның кейбір аймақтарында елдің газ қорынан асатын газ гидратының үлкен қоры бар.

Иран экономикасының 70-тен астам салаларының ішінде мұнай-химия саласы алтыншы орында. Иран 33 триллион текше метрден астам кәдімгі табиғи газ қоры және 157 миллиард баррель шикі мұнай қорын иелене отырып,  мұнай мен газдың құндылықтар тізбегін толықтыру мақсатында  мұнай-химия саласын дамыту әлеуетіне ие. Экономиканы мұнай мен газдан түсетін кірістерден айырмаудың бір жолы  мұнай-химия  өнімдерінің экспортын ұлғайту болып табылады. Басқа жағынан, бұл өнеркәсіп өнімдері Иран экономикасының көп бөлігін шикізатпен қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл өте маңызды және саясаткерлер үшін әрқашан қызығушылық тудырады. Қазіргі уақытта өнеркәсіптің әртүрлі бөліктерінде халықаралық стандарттарға сай мұнай-химия өнімдерінің шамамен 100 түрі өндірілуде.   ИИР   жаңа өнімдер шығару ағымында бұл өнеркәсіппен байланысты басқа салаларда, соның ішінде бояу мен резеңке және пластмасса және басқа полимерлік заттардан бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруға талпынуда.

 

Статистикаға сәйкес кен орындары саласында Иран пайдалы қазбалар қоры бойынша әлемдегі үздік 10 мемлекеттің қатарына кіреді. Мамандардың айтуынша, елде пайдалы қазбалардың 67 түрі бар, бірақ олардың тек 20 түрі ғана зерттеліп, олардан өнім жасалуда. Иран пайдалы қазбаларының 67 түрі мен 37 биллион тоннасы анықталған қоры және ықтималды 57 биллион тонна қорымен әлемнің 15 кен өнеркәсібі мемлекеттерінің қатарында орналасқан.  Иранның шамамен 5800 кен орынында  138000 адам жұмыс істейді. Анықталған кен қорының мөлшері 60 миллиард тоннаға жуықталады. Әлемнің кен қорының 3 пайызын құрайтын Иранда анықталған кен қорының құны 770 миллиард долларға бағаланды.

Өнеркәсіп әлемдегі экономикалық дамудың басталуы  мен жалғасуына маңызды рөл атқарды. Көптеген елдер тұрақты дамуды елді индустриаландыру  арқылы мүмкін санайды. Иранның заманауи өнеркәсіпке жету саласындағы алғашқы талпыныстарынан ондаған жыл өтті. Бұл секторға құйылған инвестициялар мұнайдан түсетін кірістен және жергілікті және шетелдік сектордың ішкі қаржы қорларынан алынды. Ирандағы өнеркәсіптік өндірістің эволюциясы аралық және төмен тұтыну салаларын дамытудан басталды. Аралық, тұрақты және капиталды көп қажет ететін салалардан өткеннен кейін қазір жоғары технологиялық аралық сатыға жетті. Иранның негізгі өндірістік белсенділігі химия, негізгі металдар өндірісі, азық-түлік пен сусындар өндірісі,   металл емес минералды өнімдер, көмір,  мұнай өңдеу және ядролық отындар салаларынан байқалады.

Ауыл шаруашылығы - адам өмірінің негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін экономиканың бірінші бөлігі. Иранның ұлттық есептер статистикасы бойынша, ауылшаруашылығы және бау-бақша шаруашылығы, мал шаруашылығы, орман шаруашылығы және балық шаруашылығы ауылшаруашылығы саласындағы бөлімдер.  Иран экономикасының тағы бір артықшылығы оның байтақ жерінің бір бөлігі ауылшаруашылық өндірісі үшін қолайлығында. Иран 9 түрлі климаты бар әлемдегі бірегей ел болып, 25 өнім шығару бойынша әлемде бірінші орында орналасқан. Аймақтағы сұрыпталған жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерінің 85 пайызға жуығы белгілі бір климаттық ерекшеліктеріне байланысты Иранда қол жетімді. Иран өзінің географиялық орналасуына байланысты ауылшаруашылық өнімдерін көршілес және Батыс Азия елдері нарықтарына оңай экспорттай алады.