Қар 04, 2019 21:00 Asia/Almaty

Ислам кең тарап, танымал болған сайын адамдардың бұл діннің жолдауы мен құндылығына деген құштарлығы арта түсті.

Хазірет Мұхаммад бен Абдолла  (с.ғ.с.) құрайыш халқы үшін танымал және олардың ішіндегі ең мейірімді адам болды. Оның бұрынғы жарқын өмірі жалпы халыққа белгілі және ахлақ пен рухани жағынан танымал болды. Өйткені ол пайғамбарлық міндетіне кірісуден бұрын 40 жыл халықтың ортасында өмір сүрді. Хазіреттің өмірі екіжүзділік пен жаман қылықтардан аулақ болғандықтан жұрт  оны адал және сенімді санаған. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) Хира тауының үңгірінде Алла тарапынан пайғамбарлыққа, халыққа жетекшілік етуге сайланды. Ол соңғы илаһи пайғамбар болды. Исламның ұлық пайғамбарының талпынысымен Арабстан түбегі хазіреттің ғұмыры кезінде Исламға бет бұрды. Келесі кезеңдерде Ислам тарала түсіп, бірте-бірте әлемдік дінге айналды.  

Хазірет Мұхамад (с.ғ.с.) өзінің пайғамбарлық міндетін жариялаған кезде мүшіріктер хазіреттің болмысын теріске шығармағанымен илаһи аяттарға қарсы шықты. Бұл туралы «Анғам» сүресінің 33-ші аятында:  «...Олар сені өтірікке санап отырған жоқ. Бірақ залымдар Алланың аяттарына қарсы келеді»,- деп айтылған. Алла елшісі барлық әулиелер мен пайғамбарлардың қадір-қасиеттерінің кемел нұсқасы. Құран набоват нығметінің Алланың таңдаулы топтарына сыйланатынын, бірақ бұл мәселе пайғамбарлардың тең екенін білдірмейді деген тағырыпқа назар аудартады. Исламның ұлық пайғамбары басқа ешбір пайғамбарда болмаған ерекшеліктерге ие болды. «Хиджр» сүресінің 72-ші аятында Пайғамбардың (с.ғ.с.) жоғары мәртебесін білдіріп: «(Мұхаммад с.ғ.с.) Өміріңе серт!» - деп, хазіреттің өмірімен ант етеді.

Құран Кәрім пайғамбардың артықшылығы туралы:  «...пайғамбарлардың кейбіреуін кейбіреуінен артық қылдық...»,- деді. («Бақара» сүресі, 253-ші аят).

 

Ислам діні кең таралып, танымал болған сайын адамдардың бұл діннің жолдауы мен құндылығына деген құштарлығы арта бастады. Адамдардың көбі тауһид пен бауырластықтың қайнар көзі және оның мақсаттарымен танысқысы келсе кейбір басқа адамдар бұл жарқын тұлғаны бұрыс көрсетуге талпынды.

Мина Самими «Мұхаммад (с.ғ.с.) Еуропада» деген кітабында шығыстанушылардың пікірлері және сол пікірлердің ағартушылық кезеңінде өзгеруін зерттеп: «Пайғамбарды қорғайтын Джордж Сейлдің еңбегі сынды еңбектер оның жазушылары үшін қатерлі болды. Ол өз шығармаларын көбінесе есімсіз тарататын. Олардың кейбір нұсқаларын Британия кітапханасынан көруге болады. Бүгінде олардың тек кейбіреуінің ғана авторларын анықтауға болады. Ең көне шығармалардың бірі ««Мұхаммедшіліктің» пайда болуы мен таралуын сипаттау; христиандардың жала жабуына қарсы Мұхаммед пен оның дінінің құқығын дәлелдеу» болды. Папа кеңсесіқызметкерлерінің бірі Чарльз Хербни бұл қолжазбаны алып, оның 1631-ші жылы дүниеге келген Генри Стаббтың қолжазбасы санады. Стабб Оксфорд университетінің Бодлейн кітапханасының екінші кітапханашысы болған. Ол Ислам туралы кітап жазғаны үшін жұмыстан шығарылған. Ол өз кітабында Мұхаммадты (с.ғ.с.) өз заманының ең үлкен әрі ең парасатты заң шығарушысы деп сипаттады. Ол британиялық жазушы Хамфри Придоны хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) жүзін теріс көрсеткені үшін айыптап: «Ислам заңдары ешбір жағдайда  шаһуаттың қалауымен шектелмейді, Исламда отбасын құру бақылауға алынған»,- деді.

Генри Стаббтың сөзімен тұспа-тұс "Мұхаммедшілік және Мұхаммедтың (с.ғ.с.) мінез-құлқы мен амалдары" деп аталған, бірақ жазушының есімі көрсетілмеген мақала жарық көрді. Бұл мақаланың авторы: "Мұхаммед пен оның дінін айыпталған кейбір өтіріктерден ақтағым келеді. Мүмкіндігімше олар туралы осы күнге дейін Батыста айтылғаннан көбірек түсіндіруге талпынамын",- деп жазды. Жазушы Мұхаммадқа (с.ғ.с.) байланысты ырымшылдықтың надандықтан туындайтынын қуаттап: "Англиялық діндарлардың көбі Мұхаммад (с.ғ.с.) жөнінде көптеген уәж айтты",- деді.

 

Орта ғасырдың ырымшылдықтарынан алыстап, хазірет Мұхаммед  (с.ғ.с.) пен Исламға ортақ ұстаным білдірген жазушылар мен шығыстанушылар болды. Солардың бірі - XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы британдық мемлекет қайраткерлерінің бірі Генри Боулинг өз еңбегінде  исламның бұрмалануы туралы сөз қозғады. Ол: "Тарих бойында христиандар мен мұсылмандардың арасында әрқашан қатыгездік байқалды. Бұл арада біз өзімізді шапқыншы деп айыптаудан басқа амал қалмайды. Өйткені олар бүкіл кезеңдерде біздердің, христиан дінінің илаһи уағыздаушыларына құрмет көрсетті. Біз болсақ, олар мен олардың пайғамбарларына тіл тигіздік. Шығыстағы шіркеулер мұсылмандардың қолдауына ие болып, діни рәсімдерін өткізу рұқсатына ие. Ал Еуропада мұсылмандарға қолдау көрсетіп, оларға діни рәсімдерін өткізуге рұқсат етудің орнына өлімді артық көреді. Біз Мұхаммедті (с.ғ.с.) қудаладық",- деп жазды. Франциялық шығыстанушы Кеннет өзінен кейін көптеген шығарма қалдырған және "Мұхаммадтың (с.ғ.с.) өмірі" деген соңғы кітабында  Пайғамбарды (с.ғ.с.) қорғап, бұл мәселе христиандардың көбінің реакциясына тап болды. Ол Исламның қарапайым, қисынды дін екеніне тоқталып, Исламды мадақтады. Ол хазірет Мұхаммадты (с.ғ.с.) әділ заң шығарушы, кемеңгер, адал және қарапайым пайғамбар деп сипаттады.

 

 

 

 

Белгісіз адам 1731 жылы ағылшын тіліне аударған Мұхаммадтың (с.ғ.с.) өмірбаяны туралы кітап өте мұқият жазылған. Өйткені оның тарихи мәліметтері исламдық дереккөздерінен алынған. Кеннет теолог ретінде шөл даланың оқшаулығы   арабтарды әлемнің басқа елдерінде кең таралған ырымшылдықтан қорғап, олардың арасында шынайы Құдай туралы туа біткен сезімді сақтады деп санайды.               

Болин Вилли Йе мұсылмандардың заңдары мен дәстүрлерін қорғап, оларды Мұхаммад (с.ғ.с.) әкелген ақылды және түсінікті заңдар мен әдет-ғұрыптар ретінде таныстырды. Батыс қоғамындағы Пайғамбарға (с.ғ.с.) қарсы жасалған үгіт-насихаттың жаппай қысымына қарамастан: «Мұхаммед (с.ғ.с.) ұлы дінді әлемге әкелген ұлы да дана заң шығарушы болды. Барлық нәрседен хабардар Алла оны адасқан христиандарды дұрыс жолға салуға, пұттарды қиратуға, күнге сыйынушы ирандықтарды сендіруге және Қытайдың қабырғаларынан Испанияның жағалауына дейін илаһи дінді таратуға жіберді»,- деп жазды.

 

 

.