Исламның ұлық пайғамбары: шығыстанушылардың көзқарасы бойынша 4
Бүгінгі бағдарламада өзінің эволюциялық бағытын ақиқат пен шындыққа бағыттаған француз шығыстанушысының еңбегін қарастырамыз.
Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) қасиетті болмысы мен хазіреттің адамзат қоғамына тигізген әсері жөнінде зерттеулер жасалып, құнды еңбектер жазылды. XVIII ғасырдың басында Ренессанс дәуірінде кейбір шығыстанушылар тарихтың ұлы сәулетшісі және адамзат ағартушысын жақсы түсіну үшін батыстың студенттері мен ғалымдары арасында араб тілін үйретуге көп күш салды. Бұл жұмыстар еуропалықтардың санасына енгізілген сенімдерді толығымен жоя алмағанымен ескі құрғақ пікірді ауыстырып, әділетке жол ашты.
«Вольтер» деп танымал болған Мари Франсуа Аруэ – XVIII ғасырдың немесе ағартушылық кезеңінің ең танымал тұлғасы. Ол өз заманының әйгілі драматургі, әдебиетші және тарихшы болған.
Вольтер өмірінің шарықтаулар мен құлдырауға толы кезеңдерін ерекше өткізді. Вольтер жас кезінде пасторлар мен миссионерлердің Исламға қарсы аңыздарының тұтқыны және құрбаны болып, Ислам туралы естігені немесе үстірт оқығанынан басқа ештеңе білмеді. Дәл осы кезеңде ол христиандардың дұшпандық жазбаларының әсерімен Mohomet (ou le fanatisme (1739) деген пьесасын қойып, тіпті Папаның ашуын тудырды. Вольтер осы пьесада XVIII ғасырдағы еуропалықтар үшін Мұхаммад пайғамбарды (с.ғ.с.) рақымсыз сипаттады. Ислам мен Пайғамбар (с.ғ.с.) туралы зерттеулер жасап, шындықты білуге талпынғаннан кейінгі кезеңде Вольтер Исламның ұлық пайғамбары қорлауға немесе мазақтауға лайық емес деп, Ислам тарихына керемет бейімделді.
Вольтер әрқашан әділет, діни және саяси төзімділік пен әлеуметтік реформалар туралы айтты. Вольтердің сөз азаттығы, ырымшылдықтан алыстау және ақылға сүйену деген сенімі көп ұзамай оны Франциядағы шіркеу мен буржуазиялық авторитарлық билікпен бетпе-бет келтірді. Христиан рауаятшыларының Ислам мен Пайғамбар (с.ғ.с.) туралы аңыздарынан кейін Вольтер өзінің христиан дініне қатысты сындарын жариялады. Осы кезден бастап оның Ислам туралы сөзі өзгеріп, ол Исламды мадақтап, мұсылмандардың сенімдерін қорғады. Вольтер «Ырымдар қабірі» және «Кісіге арналған шариғат» сияқты еңбектерінде Ислам мен Пайғамбарды мадақтады. Бұл мақтау эпикалық деңгейге дейін жетіп, «Соңында оған бет бұрыңдар» сияқты басқа жазбаларында Исламды жер бетіндегі барлық діндерден жоғары санады.
Вольтер діндердің шындығын білу жолында көп қиындық көрді. Ол көптеген кітапы оқып, көптеген зерттеу жасады. Әртүрлі діндердің жақтастарымен қатынас орнатып, олардан Исламға жақын жүруге көмектесуді сұрады. Вольтер ақылға сай дәлелдерімен Құдайдың бар екеніне сенді. Ол: "Сағат оны жасайтын адамды қажет ететіндей, әлем де жаратаушысын қажет етеді. Үстімдегі аспан мен түнгі жұлдыздар мен үшін Құдайдың бар екенін білдіреді",- деген болатын.
1763 жыл Вольтердің ойлары өзгерген жыл болды. Дәл осы жылы оның хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) пен хазіреттің жақтастары туралы пікірлері өзгерді. Ол 40 жылдық тарихи және діни зерттеулерден кейін Пайғамбар (с.ғ.с.) туралы шындыққа жетіп, былай деді: «Күмәнсіз, Мұхаммад (с.ғ.с.) керемет адам. Ұлы адамдар оның рақымында тәрбиеленген. Ол дана заң шығарушы, әділ билеуші және әділ пайғамбар болып, жер бетіндегі ең үлкен революцияны жасады».
Вольтер "Ырымдар қабірінде": «Жер бетіндегі барлық діндер жерге көміледі. Тірі қалатын жалғыз адам хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)» деп жазды. Вольтер діндерді бір-бірлеп зерттеп, Ислам дініне жеткен кезде: "Сөзсіз, Мұхаммад (с.ғ.с.) әкелген дін христиан дінінен артық. Оның дінінде ешқашан бір яһудиді Құдайға жақындатпады, яһуди әйелді Құдайдың анасы деп санамады және басқа яһудилерге кек пен жиіркеніш білдірмеді. Оның дінінде христиан діні сынды бір Құдайды үш құдай, үш құдайды бір Құдай деп санайтын күпірлік болмады. Тек бір Құдайға иман келтіру – Мұхаммад (с.ғ.с.) дінінің үлкен негізі",- деп жазды.
1776 жылы Вольтер өзінің алғашқы исламға қарсы фанатизмді еске түсіріп, соңғы сөзін айтты: «Мен Мұхаммедтің хақы үшін өте жаман істедім».
Вольтер 1776 жылы Исламға қарсы бірінші Mohomet (ou le fanatisme) пьесасын есіне алып: "Мен Мұхаммадқа (с.ғ.с.) жамандық жасадым. Ол бүкіл мүшіріктерге мен оған қарсы шыққандарға қарсы тұрып, халықты тек бір Аллаға ғибадат жасауға шақырды. Ол жылдар бойы Аллаға шақыру жолында азап-қорлық көрді",- деді.
Вольтер әрқашан Исламның таралуының сыры және Мұхаммадтың (с.ғ.с.) жақтастарының өркениет пен ғылыми дамуы туралы ойланды. Вольтер өз сұрақтарына жауап табу үшін Исламды терең зерттеп, хазірет Мұхаммадты (с.ғ.с.) танып, хазіреттің оның пьесаларындағы Мұхаммадпен ешбір ұқсастығы жоқ екенін түсінді. Ол өзінің ішкі өзгерістерінің арқасында үгіт-насихатшылар мен пасторлардың айыптауларына керісінше хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) дінінің шайтанға жақын және ақылға сай еместігін теріске шығарып, бұл дінді христиан дініне жақын, сондай-ақ тарихи тұрғыдан кемел санады. Вальтердің пікірінше, Исламның алғашқы ғасырларында мұсылмандар ғылыми және рухани тұрғыдан христиандардан артық болды.
Вольтердің Ислам туралы соңғы пікірлері 1772 жылы айтылды: "Мұхаммадтың (с.ғ.с.) діні – ақылға сай, шынайы, пәк, адамзатты жақсы көретін дін. Ақылға сай. Өйткені еш уақытта күпірлікке шырмалған жоқ. Негізін ақылдан алыстатпады. Шынайы. Өйткені құмар ойындар мен шарапты харам деп санайды. Пәк. Үйленетін әйелдердің санын төрт әйелмен шектеді. Адамзатты жақсы көреді. Өйткені зекет пен көмек қажылық сапарынан маңызды. Мұның барлығы Исламның ақиқатының белгісі».
Вольтер өмірінің соңғы жылдарында Ислам мен Алланың соңғы елшісін қорғап, өзіне қарсы сындарға: «Мына менің жақын досым Мұхаммадтың (с.ғ.с.) мені қызықтырғаны сондай тіпті хат жазатын уақытым қалмады",- деп жауап берді.