Жел 03, 2019 22:42 Asia/Almaty

Ислам діні осы күнге дейін, жылдан жылға, ғасырдан ғасырға, әлемнің бір бұрышынан екінші бұрышына тарады. Бұл дінді қабылдағандармен қатар оның көптеген жаулары мен қарсыластары болды.

Кейбіреулер Исламды дұрыс танымай, кек және надандықпен қарсылық білдірді. Алайда кек білдірмей, шындыққа жетіп, Исламды тану үшін зерттеу жүргізген адамдар да болды. Олардың көпшілігі Ислам дінін ұстанбағанымен тарихта осы дін, әсіресе Исламның ұлы пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) туралы қызықты зерттеулер жасаған  Шығыс пен Батыстың әйгілі ғалымдары, жазушылары мен ойшылдарынан бастап,   философтары мен ақындарына дейін аз емес. Олардың барлығы маңызды еңбектерін қалдырды.

Өткен бағдарламада шығыстанушылардың Исламның қасиетті пайғамбары жөніндегі зерттеулері туралы айтқан болатынбыз. XVI ғасырға дейін Еуропада Исламның ұлық пайғамбарының мұғжизасы қасиетті Құранды аудару және басып шығаруға тыйым салынған болатын. Кейбіреулер бұл ісі үшін қамауға алынды. Бірақ кейбір зерттеушілер Мұхаммадтың «өтірігін» барша көру үшін Құранды шығару керек" деп ойлады. Сондықтан Құран аударылып, жарыққа шықты. Бірақ нәтижесі ойлағандарынан керісінше болды. Құранның тағылымдары қисын мен ақылға сай болып, христиандардың наным-сенімдері мен шіркеулердің «Троица» жөніндегі іліміне күдік-күмән тудырды. Исламның ұлық пайғамбары христиандардың ақылға сай келмейтін наным-сенімдерін дағдарысқа тіреген қоғамдық реформатор ретінде танымал болды. Еуропалық Ағарту дәуірінде кейбір жазушылар Ислам пайғамбарын христиан дініне қарсы қаһарман деп атады. Кейбіреулер исламды философиялық монотеизмнің таза формасы, Құранды әлем жаратушысын мадақтайтын әуен ретінде қарастырды.

Эдвард Гиббон ағылшын тарихшысы, Ағартушылық дәуірі шығыстанушыларының бірі. Оның «Рим империясының құлдырауы» атты ең үлкен еңбегі 1776-1788 ж.ж. алты томдық болып жарыққа шығып, алғашқы түпдерек ретінде пайдаланылды.

 

Эдвард Гиббон

Бұл кітаптың 50-ші тарауы "Мұхаммад (с.ғ.с.) және Исламның пайда болуы" деп аталып, дербес жарық көрді. Гиббон кітабының бір тарауын Исламның ұлық пайғамбарының өмірі мен Ислам тарихының алғашқы кезеңіне арнап, көбінесе еуропалық жаңа зерттеулер мен саяхатшылардың мәлімдемелеріне сүйенді. Ол Исламның ұлық пайғамбарын Меккеде өмір сүрген кезде монотеизмнің жаңа формасын қалыптастырған рухани ерекшеліктерге ие адам ретінде таныстырды.  

Эдвард Гиббон хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) келуі туралы сөзін былай бастады: "Христиандар Мұхаммадқа тіл тигізіп, ақсүйектерден шықпаған деп, беделін түсірмек болғанымен керісінше оны арттырды". Содан соң ол мұсылмандар мен христиандарды салыстырып, былай жалғастырды: "Әр ғасырдағы әрбір пайғамбардың мақсаты – адамдар арасында Құдайдың  болмысы мен Оның шариғаты бойынша амал ету туралы  білім тарату. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) өзіне дейінгі бүкіл пайғамбарлардың, хазірет Адамнан Құранның жіберілуіне дейінгі кезеңнің көрінісі болды. Бұл кезеңде 124 мың адамға набоват нұрының несібесі тиіп, олардың ішінде тұрақты діннің пайғамбарлары да болды. Мұсылмандар арасында осы пайғамбарлардың беделі артады. Хазірет  Мұхаммад (с.ғ.с.) мұсылмандарға хазірет Исаның дінін   құрметтеуді үйреткен. Құранда: "Сол уақытта періштелер: «Әй, Мәриям! Расында Алла сені өз тарапынан бір сөзбен қуантады; оның аты Мәсіх Иса Мәриям ұлы. Дүние мен ақиретте беделді, сондай-ақ Аллаға жақындардан болады» деді",- деп айтылды". ("Әл-Имран" сүресі, 45-ші аят).

Гиббон сөзінің жалғасында хазірет Мұса мен хазірет Исаның соңғы пайғамбардың келетіні туралы хабарына тоқталып: "Мұса мен Иса сопы болып, дінді жақсы көргендіктен келешекте үздік пайғамбардың келетініне сенімді және қуанышты болды. Мұхаммад (с.ғ.с.) та Ислам дінінің негізін Исламнан бұрын Мұса мен Исаға жеткен дінге сүйеніп, қалыптастырды.  Мұхаммад (с.ғ.с.) Арабстанның пұттарын қиратып, намаз бен дұға оқу және садақа беру секілді ғибаддаттарды  адамды құрбандыққа шалу мен қан төгудің орнына әкелді. Оның ең маңызды жұмысы мүміндердің болмысында мейірімділік пен иман қалыптастыру болды. Ол өз жақтастарына қоғам үшін пайдалы жұмыстарды атқару жөнінде ақыл-кеңес берді. Оның тәлімдері мен пайдалы заңдарының арқасында ашкөздік, кек, бөгделер мен жетімдерге зорлық-зомбылық жасауға тыйым салынды. Сондай-ақ дұшпан тайпалардың барлығы бір дінді қабылдап, бірікті",- деп жазды.

Ағылшын ойшылы кітабында  қателіктер жіберген. Зерттеушілердің пікірінше, бұл қателіктерге оның   деректері бұрмаланған кітаптар мен тарихи мәліметтерді пайдалануы себеп болды. Эдвард Гиббон Құран мен Ислам дінінің ілімдерін пайғамбардың данышпандығының нәтижесі санап: "Абдолланың перзенті араб тілінің ең жақсы және таза диалектісін үйренген. Шешендігі мен сөйлеу күшіне қарамастан, Мұхаммад (с.ғ.с.) оқымаған адам еді. Әлбетте, оқымау өмір шеңберін шектейді, бірақ табиғат пен адам Мұхаммадтың (с.ғ.с.) көз алдындағы ашық кітап болғандықтан сапарларында философия мен саясаттағы ұғымдарды байқады. Қысқа және асығыс сапарларда Мұхаммад (с.ғ.с.)  өз қырағылығымен серіктері көре алмайтын нәрсені көрді»",- деп жазды.

Гиббон хазірет  Мұхаммад (с.ғ.с.) туралы  оқырмандары оны хазіретке ғашық немесе хазіреттің жақтасы деп ойлайтындай жазған. Гиббон: "Мұхаммад (с.ғ.с) көпшіліктің немесе белгілі бір адамдар тобының алдында сөз сөйлеген кезде тыңдармандарын қадір-қасиеті, әдемі келбеті, жылы жүзі, мейірімі және сөзіне лайық ғамалымен тартатын. Ұлы ислам революциясының бастаушысы тақуа болған. Ол илаһи сырлар мен миссиясы туралы ойлану үшін Хира үңгірінде жалғыз қалатын. Ол өзінің үлкен және ұсақ жұмыстарын өзі орындайтын. Мұхаммадтың (с.ғ.с.) ойларының нәтижесі Ислам діні болды. Хазірет бұл дінді отбасы мен араб қоғамына таратты. Бұл діннің басты негізі – мәңгілік ақиқат, яғни Алла Тағала және екінші негізі Мұхаммадтың пайғамбарлық міндеті болды.",- деп жазды.

Исламның ұлық пайғамбары Алла Тағала есімін даңққа бөлеп, баршадан онымен бірге болып, илаһи періштелер қайталап, оған сәлем айтуды сұрады. "Расында Алла, Пайғамбарға рахмет етеді. Және періштелер салауат айтады. Әй, мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер". (Ахзаб" сүресі, 56-шы аят).