Жел 12, 2019 09:55 Asia/Almaty

Ғылым мен технология дамыған қазіргі кезеңде адами күш елдердің байлығы мен экономикалық күш-қуатының маңызды факторларының бірі болып табылады.

 

«Халқының саны әлем халқының 1 пайызын құрайтын Иран әлемдік кен қорының 7 пайызына ие. Үлкен жерасты ресурстары, географиялық тұрғыдан Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстіктің қиылысында орналасуы,  600 миллион халқы бар 15 елмен шекараласқан аймақтық үлкен нарық, ұзын теңіз жағалауы, әртүрлі ауылшаруашылық және бау-бақша өнімдері үшін құнарлы жерге ие болуы, ірі және түрлі экономикасы бұл елдің әлеуеті саналады. Елдің кейбір мүмкіндіктері әлі ашылмаған. Зерттеулерге сәйкес пайдаланылмаған табиғи және адами мүмкіндіктер тұрғыларынан Иран әлем бойынша бірінші орында. Мүмін әрі еңбекқор жастар мәселелерді шешеді. Перспективалардың екінші онжылдығы  өткен кезеңнің жетістіктерін іске қосуға және осы кезге дейін қолданылмаған мүмкіндіктерге шоғырланып, мемлекет өндіріс пен ұлттық экономика салаларында ілгерілеуі керек».

 

«Өндіріс серпілісі – дамудың негізі» атты бүгінгі бағдарламаны Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің Иранның байлығы жөніндегі сөзімен бастадық. Ол кісінің жастарды мұрсаттар мен мүмкіндіктерді пайдалана алатын дарын санауы өнідіріс пен экономикалық дамудағы адами күштің рөлін еске салады. Ғылым мен технология дамыған қазіргі кезеңде адами күш елдердің байлығы мен экономикалық күш-қуатының маңызды факторларының бірі болып табылады. Сындарлы рөлі бар күш экономикалық белсенділіктін қосымша құны мен өнімдердің сапасын арттырып, ішкі және халықаралық нарықтардағы бәсекелестікке жағдай тудырады.

Жұмыс күші өндірістегі маңызды факторлардың бірі болып, физикалық белсенділік, шығармашылық, ойлау сынды ерекшеліктерге ие болып, материалдық ресурстарға оң өзгеріс әкеліп, тауарлар өндіріп, қызмет көрсете алады. Өндірістің басқа факторларымен салыстырғанда бұл өндірістік фактордың маңыздылығы басқа факторлардың физикалық және материалдық шектеулері мен кемшіліктерін едәуір өтеуге қабілеттілігі мен өндірістің өсуіне айтарлықтай ықпал етуінде. Уақыттың өтуі және өндіріс процесінің өзгеруімен жұмыс күшінің рөлі қарапайым жұмыс күшінен  өндірістің негізгі факторы болып табылатын адами капитал білім мен дағдыға айналды.

Экономикалық әдебиетте  адам капиталы таза экономикалық түсінік ретінде қолданылады. Яғни, адамның қасиеті – инвестицияның бір түрі. Бұл ерекшелік өндірістің,  нәтижесінде табыстың артуы мен тұрмыстың жақсаруына себеп болады. Бүгінгі таңда жұмыс күші өндіріс пен дамуға әсер ететін сандық фактор емес. Жұмыс күшінің сапасы мен тиімділігіне назар аудару оны артығырақ пайдалану мен оң нәтижеге жету үшін маңызды. Өнімділіктің артуы, әсіресе еңбек күші өнімділігінің өсуі экономикалық және әлеуметтік қызметтерге, сондай-ақ өндіріс қуаттылығына, өндірілетін өнімнің сапасына, өзіндік құны мен бағаны төмендетуге және инвестициялық табысқа  әсер етеді.

 

Жұмыс күшінің өнімділігін арттыру оларды оқыту сияқты факторды талап етеді.  Оқыту еңбек ресурстарының деңгейін арттыру үшін өте маңызды. Оқыту ғылыми орталықтар мен университеттерде, ғылыми-зерттеу жұмыстары арқылы жүзеге асады. Іскер және білімді жұмыс күші бар ел шын мәнінде экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларда даму үшін қажет негізгі факторлардың біріне ие ел саналады. 

Иран – халқының саны 80 миллоннан асқан мемлекет. Жұмыс күші тұрғысынан бұл елдің 55 млн халқы 15-65 жастағы адамдардан құралады.  Елде 33 млн адам – 15-40 жастағы адамдар.  ИИР-ның өткен 40 жылдағы маңызды жетістіктерінің бірі ғылыми-оқу орталықтары санының артуы болып табылады. Қазіргі таңда Иранда 2600-дан астам ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейді. 150 миллионнан астам адам жоғары білімді немесе жоғары оқу орындарында инженерлік, медицина, гуманитарлық және өнер салаларында білім алып жатыр. Иран инженерлік кадрлар саны бойынша әлемдегі алғашқы елдердің бірі саналады.

Білім берумен қатар, шеберлікке баулу мен біліктілікті арттыру жұмыс күшінің сапасын арттыру саласындағы келесі факторлар  болып табылады. Бүгінде шеберлік пен біліктілікті арттыру жұмыспен қамту мен өндірісті арттырудың негіздері саналады.  Кәсіптік шеберлікке үйрету  еңбек нарығында тиімді жұмыс күшін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, қызметкерлерге технологияның өзгеруі нәтижесінде кәсіби шеберліктері мен біліктілігін жетілдіретін жағдай жасалған. Сондықтан барлық индустриалды қоғамдарда білім беру саласындағы инвестициялар кәсіптік білім беруді дамыту мен кеңейтуге  салынады. Кәсіптік білім берудің рөлі жұмыссыздықты азайту, әлеуметтік мәселелерді шешу, адамдардың тұрмысы, денсаулығы мен психикалық жағдайын жақсарту, өмір сүруге үміттендіру,  еңбек пен кәсіпті дамыту, қоғамдық және адами қатынастарды жақсарту, құндылықтармен алмасуға көмектесіп, әлеуметтік-мәдени өзгерістер үшін маңызды болып табылады.

Кәсіп меңгеру ертеден Иранның экономикалық қызметінің негізі болған. Адамдар келешекте жұмыс орындарын табуға алаңдамас үшін  жас кезден бастап бір немесе бірнеше кәсіпті игере бастаған.  Кәсіп пен шеберлік ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырды. Соңғы онжылдықтарда елдің білім беру жүйесінің мақсаттарының бірі – білім алған күштердің келешек еңбек нарығының қажеттіліктері мен жағдайларына сәйкес негізгі шеберлікке, қабілеттер мен мүмкіндіктерге ие болуына жағдай жасау. Кәсіптік шеберліктерге үйретуге инвестиция салу іскер әрі білікті жұмыс күші мен ұлттық жетістіктің көрсеткіші болып табылады.

 

 

 

Кәсіптік білім беру ұйымы  жыл сайын 1,5 миллион адамға қызмет көрсетеді. Бұл ұйымның 550-ден астам оқу орталығы, 21000 оқытушысы, 11700-ден астам жеке меншік мектептері бар. Бұл орталықтарда оқушылар, студенттер мен жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар тәжірибеден өтіп, шеберліктерін арттырады. 28 университет орталығында студенттер мен жоғары білімді адамдар үшін профориентациялық және шеберліктерін басқару жұмыстары ұйымдастырылған. Бұл ұйымға оқуға келетіндер ауылдар тұрғындары. Ауылшаруашылық саласында білім алатындар Ауылшаруашылығы министрлігі, Ауылшаруашылығы инженерлік ұйымы мен тағы басқа жылжымалы орталықтардың арқасында білім алады. Өндіріс пен экономиканың дамуын қамтамасыз ету саласындағы  еңбек нарығын  білікті жұмыс күшімен қамтамасыз ету қажеттілігі  елдің казармаларында «Білікті сарбаз» деген жобаның іске асырылуына себеп болды. Ел әскерлерінің басты міндеті – аумақтық тұтастық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бірақ осы қасиетті мақсатпен қатар Қарулы күштер штабы өз сарбаздарын кәсіби шеберлікке баулып, жұмысқа орналасуға мүмкіндік беру арқылы Ислам революциясы жетекшісінің «Өндірісті дамыту» жылының ұранын орындауға көмектесіп жатыр.