Қаң 18, 2020 23:26 Asia/Almaty

Гендерлік теңдік – Батыс ақпарат құралдары көп жарнамалайтын ұран. Батыс БАҚ-ы әйелдердің бұл қоғамда гендерлік теңдік, ерлермен тең құқықтар мен бостандықтарға ие болу арқылы жылдам даму жолын жүріп өтіп жатқандай көрсеткісі келеді.

"Батыстың өмір салты" атты бағдарламамыздың бүгінгі бөлімін Батыс елдеріндегі гендерлік теңдік тақырыбына арнаймыз. Гендерлік теңдік – Батыс ақпарат құралдары көп жарнамалайтын ұран. Батыс БАҚ-ы әйелдердің бұл қоғамда гендерлік теңдік, ерлермен тең құқықтар мен бостандықтарға ие болу арқылы жылдам даму жолын жүріп өтіп жатқандай көрсеткісі келеді. Бүгінгі бағдарламада Батыс елдеріндегі гендерлік теңдік тақырыбын үш қырдан – әйелдердің жалақысы, кедейлік және жыныстық белгі бойынша алалау тұрғысынан талқылаймыз.

Батыс елдерінің әйел мен еркектің құқықтық теңдігі туралы ұрандатып, әртүрлі есептер жариялап, басқа елдерді әйелдердің құқықтарын бұзып, жыныстық  кемсітушілік жасайды деп айыптап жатқанына жылдар болды. Ал бұл жағдайда Батыс елдерінде жүргізілген зерттеулер бойынша жұмыс түрі мен қызметтік дәреже бойынша бірдей жағдайда тұрған әйелдер мен еркектер жалақы алуға келгенде тең жағдайға ие емес, әйелдер ерлерге қарағанда азырақ жалақы алады.

Батыстағы әйелдер жалақы тұрғысынан ерлермен тең емес

Осыдан бұрынырақ Eurostat зерттеу институты бір есеп жариялады. Онда Еуроодаққа мүше елдердегі әйелдер мен ерлердің табыс айырмашылығы қарастырылған. Осы есеп бойынша, Еуроодақтағы әйелдер мен ерлердің орташа табыс айырмашылығы 16 пайыздан асады. Мысалы, Германияда жас неміс әйелдер өздерін қоғамдағы ерлермен тең азамат санағанымен, бұл елдегі әйелдер мен ерлердің табыс айырмашылығы шамамен 21,5 пайыз деп жарияланды. Бұл айырмашылық Ұлыбританияда 21 пайызды құраса, Аустрияда 20 пайыздан сәл асады. Осы есеп бойынша, Франция, Испания мен Швеция да әйелдер мен ерлердің табыстары арасында айтарлықтай айырмашылық бар елдердің қатарына жатады. Швецияда бір әйел орташа алғанда ер адамнан 15 пайыз төмен жалақы алады.

АҚШ-та да әйелдер жалақы алуда қысым мен теңсіздік көріп отыр. Есептеулер бойынша, америкалық әйелдер жалпы жұмыс кезеңінде ерлерден шамамен жарты миллион доллар азырақ жалақы алады. Америкалық ер адам 1 доллар алса, әйел 77 цент алады. Толық сағат жұмыс істейтін қызметкерлер арасында әйелдер 18 пайыз азырақ жалақы алады. Бұл әділетсіздік басшылар арасында 20 пайызға жетеді. Заң және құқық саласындағы жұмыстарда әйелдер мен ерлердің табыс айырмашылығы 43 пайызға дейін барады.

Бұл есепте әйелдер жалақысының ерлерден төмен болуына әсер ететін факторлар қарастырылған, соның ішінде  университет дипломы, мамандық түрі, елдің экономикасындағы қызметтің орны, жұмыс уақыты, жұмыс өтілімі, қызмет деңгейі, оқыған университеті мен оның беделі, жұмыс түрін таңдауы, жасы, географиялық аймағы, жанұялық жағдайы бар. Ақырында есепті дайындаушылар мынадай нәтижеге жетті: бұл зұлымдық пен теңсіздіктің ең негізгі факторы – гендерлік теңдік.

Бағдарламаның бұл бөлігінде ИИР Телерадио бірлестігінің тілшісі Мұхаммад Делаваридің репортажы арқылы Еуропаның астанасы Брюссельдің бір көшесіне барамыз. Ол өз репортажын былай бастайды: "Бұл көшелерді қызыл нұр, алкоголь мен есірткі заттары араласқан ауа арқылы тануға болады. Мұндай көшелер темір жол бекеттеріне жақын жерлерде және кедейлер тұратын аудандарда көбірек кездеседі. Әйелдер витринада тұрады. Жаяу жүргіншілер құл базарында жүргендей тамашалап, таңдау жасайды. Бұл әйелдер көбіне Еуропаның шығысынан немесе кедей елдерден жайлырақ өмір сүру уәдесімен контрабанда арқылы осы жерге әкелінген. Ал енді ең төмен бағаға амалсыздан өз-өздерін сатуға мәжбүр. Банда басшылары мен дүкендердің иелерімен қоса, үкіметтер де жыныстық құлдардың тән сатуынан табыс тауып отыр. Тіпті бұл мәселеге қарсы емес адамдардың өздері 21 ғасырда Еуропаның астанасы Брюссельде бір дүкеннің витринасына бір адамның қойылуынан ұялады".

 

ИИР Телерадио бірлестігі тілшісінің репортажында осындай іспен айналысатын жас әйелдердің бірі: "Менде ақша болмады, ішерге тамағым болмады. Өмір қиындап кетті. Біз тоқтаусыз жұмыс істейміз. Кейде күніне 50 клиент келіп отырды. Дүниеге келмей-ақ қоюым керек еді деп тіледім. Бұлай өмір сүргенше өлгенім артық  деп ойладым",-деді.

Дамыған елдерде әйелдер ерлерден көбірек кедейліктен зардап шегеді. Бұл құбылысты қоғамтанушылар "кедейліктің әйелдік сипат алуы" деп атайды. Еуроодаққа қарасты Euro News арнасы өткен жылы: "Еуропа қоғамының төрттен біріне кедейлену қатері төніп тұр. Әйелдер – кедейлікке қатысты ең әлсіз топтардың бірі. 12 млн әйел ерлерге қарағанда көбірек кедейлік қатеріне ұшырап отыр. Тіпті әлемнің ең бай елі, яғни АҚШ-та ең кедей адамдар қатарын балалы әйелдер құрайды. АҚШ Өкілдер палатасының депутаттарының бірі Ильхан Омар осыдан біраз бұрын АҚШ-та 16 млн әйелдің кедейлік деңгейінен төмен өмір сүріп жатқанын айтты",-деп мәлімдеді.  

"Аң аулайтын жер" (The Hunting Ground) – Кирби Диктің (Kirby Dick) режиссерлігімен 2015 жылы шыққан фильм. Бұл деректі фильм АҚШ-тың университеттерінде, әсіресе Гарвард университеті аумағында орын алатын жыныстық қорлау тақырыбына тоқталған. Бұл фильмде режиссер мына тақырыптың бетін ашты: АҚШ университеттеріндегі қыз студенттердің төрттен біріне жуығы университет ішінде сол оқу орындарының ұл студенттері тарапынан жыныстық қорлық көрген. Бұл фильмде айтылғандай, зорлық-зомбылықтың 80 пайызынан астамы университеттердің басшыларына жетпеген және құрбандар полицияға бармаған. Университеттің ішкі тәртібі бойынша, бұл мәселе полицияға айтпас бұрын оқу орнының ішінде шешілуі тиіс.

"Аң аулайтын жер" атты деректі фильм түсірушілер өз көрермендеріне мынадай ой айтады: егер Гарвард университеті өз ауласында болған зорлық қылмыстары санын мойындаса, есіктері жабылып, басшылары өз-өздерін өлтірер еді.

Куин Пик университетінің сауалнама жүргізу бөлімі басшысының көмекшісі Тим Малви 2016 жылдың қараша айында 1415 адамнан сауалнама жүргізіп, жұмыс орнында әйелдер ғана емес, ер адамдар да қорлық көретінін хабарлады. Жыныстық қорлық пен тиісуге ұшыраған әйелдердің айтуынша, бұл оқиғалардың 69 пайызы жұмыс орнында, 43 пайызы қоғамдық орындарда, 45 пайызы көшелерде, 14 пайызы үйде орын алады. АҚШ-тағы ер адамдардың 88 пайызы мен әйелдердің 89 пайызы жыныстық қорлықты осы ел қоғамындағы ең маңызды әлеуметтік тақырып деп атады. Бұл сауалнаманың нәтижесінде  әрбір 10 әйелдің алтауы жыныстық теріс пайдаланудың құрбаны болған.

Голливудта әйелдерді қорлау жайттары бұдан да қорқынышты. Зерттеулер көрсеткендей, Голливуд кинематографиясында жұмыс істейтін әйелдердің 94 пайызы жыныстық тиісу және қорлықты бастан өткерген. Голливудтағы жыныстық қорлау цунамиінің ауқымды болғаны соншалықты, 2017 жылы "Мен де" атты кампания қалыптасты. Бұл іс Голливудтың атақты продюссері Харви Вайнштейн бастаған 40-тан аса әйелдің арызымен басталды. Кампания тарала түскен соң, Голливудтың әртістері, режиссерлері мен продюссерлері, тележүргізушілер, тіпті Джордж Буш-әкесі мен Билл Клинтон сияқты америкалық саясаткерлердің  көптеген заңсыз жыныстық қатынастары әшкереленді. Бұл мәселе тіпті АҚШ-тың Конгресінде де көтерілді. Associated Press ақпарат агенттігі бір мәліметінде АҚШ Өкілдер палатасындағы кейбір әйел депутаттардың өздерінің еркек әріптестері тарапынан жыныстық сипатта тиісулерге ұшырағанын мойындады. АҚШ басшылары арасындағы бұл жанжалдар Ақ үйге де жетті. Daily Mail: "Дональд Трамптың уәкілі 100 әйелге Трамппен қатынасы болғанын жасыруы үшін ақша берген",-деп жазды.

Трампқа қарсы арыз жазған кейбір әйелдер

Әйелдердің қауіпті жағдайда болуы тек АҚШ-пен шектелмейді, Еуропада да әртүрлі салаларда қызмет ететін әйелдер осы мәселеге ұрынады. Еуропа елдерінде әйелдер заңмен қорғалатындықтан азырақ зорлыққа ұшырайтындай көрінеді, бірақ жарияланған статистикалар басқа жағдайды көрсетіп отыр. Sandy Times газеті тілшісінің хабарлауынша, Еуропа құрлығында өмір сүретін барлық әйелдер мен еркектердің құқықтарын теңдей сақтауы тиіс Еуропа Парламентінде осы уақытқа дейін жыныстық зорлықтың құрбаны болған 87 әйел мен 6 еркек өкіл болып отыр. Швецияның Сыртқы істер министрі Марго Уолструм "Мен де" атты кампанияға қосылып: "Мен ең жоғары саяси сатыда тұрсам да, жыныстық зорлыққа ұшырадым",-деді.  Швеция Сыртқы істер министрінің бұл кампанияға қосылғанына таң қалуға болмайды. Өйткені Швеция Еуропада жыныстық зорлық бойынша ең жоғары статистикаға ие елдердің бірі саналады. Бұл елдегі әрбір 4 адамның біреуі жыныстық зорлықтың құрбаны болған.

Ұлыбританияның Guardian газеті бір мәлімдемесінде халықаралық жәрдем беру ұйымдарында жұмыс істейтін әйелдердің жасырын, бірақ кең түрде жыныстық зорлыққа ұшырайтынын хабарлады. Guardian газетіне сұхбат берген әйелдердің айтуынша, әйелдерге зорлық көрсету ірі мемлекеттік емес ұйымдар мен БҰҰ-ға қарасты институттардан бастап, шағын қайырымдылық ұйымдарына дейін таралған. Бірде-бір көмек институтында әйелдерді қолдауға және зорлықтардың алдын алуға ешқандай шара қолданылмайды.

Батыстықтар жыныстық бостандық берілген соң әйелдерге қорлық көрсету статистикасы азайғанын және гендерлік теңдік сияқты алдамшы тақырыптармен әйелдердің қоғамдағы рөлін жеңілдете алғанын айтып отырған жағдайда осындай есептер таралуда. Ал Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің айтуынша, "Батыс әйелі – тұтыну, бояну, ерлерді арбау символы және еркек жыныстының құмарлығын ояту құралы болып табылады. Ал гендерлік теңдік сияқты ұрандар – бос сөздер. Жағдайдың сыртқы боямасы ғана. Қайдағы әділеттік пен теңдік? Бұл әділеттік пе?".