Маусым 20, 2020 16:33 Asia/Almaty
  • Өндірістегі серпіліс – дамудың негізі 13

Иран геологиялық және географиялық тұрғыдан жер шарының бір пайызына тең жерімен 60 миллиард тоннадан астам нақты қоры және әлемдегі минералды қордың 7 пайызына ие.

Иран кен, мұнай және газ қорларына ие санаулы мемлекеттердің бірі. Иранның тау-кен өндірісі көптеген пайдалы қазбалар мен қорларға, азат суға қолжетімділік пен жұмыс күшіне ие. Тау-кен қоры өндірістің көбіне қажет шикізатпен қамтамасыз етеді.  Сондай-ақ, өнеркәсіптік тұрғыдан өз-өзін қамтамасыз ету, жұмыс орындарын ашу, ұлттық ішкі өнімді арттыру елдің кіріс көзінде маңызды рөл атқарады. Бұл бөлімнің Иранның экономикасына тигізетін жанама әсері сауданың, тіпті өндірістің әсерінен жоғары.

 

 

Дүниежүзі халықтарының бүгінгі өмірі кен өнеркәсібімен байланысты. Тәулік бойы қолданылатын кез келген тауар үшін минералдың бір түрі қолданылады. Сондықтан тау-кен өндірісі негізгі салалардың бірі. Иран   геологиялық және географиялық тұрғыдан жер шарының бір пайызына тең жерімен 60 миллиард тоннадан астам нақты  қоры және әлемдегі минералды қордың 7 пайызына ие. Иранның кен орны  130 млн гектар жер мөлшерімен елдің жалпы аумағының сегіз пайызын құрайды. Анықталған минералды қорының құны 770 миллиард доллардан асады. Статистикаға сәйкес, Иран пайдалы қазбалар қоры бойынша әлемдегі алғашқы 10 елдің қатарына кіреді. Сарапшылардың пікірінше, Иранның кен қоры  түрлілігі тұрғысынан 10-шы, ал тау-кен барлау қоры тұрғысынан әлемде 14-ші орында.

Темір, мыс, күміс, алтын, мырыш, қорғасын, хромит, марганец, титан, уран, көмір, қалайы, асыл тастар, гипс және тұз үлкен мұнай және газ ресурстарымен қатар Иранның бай жерасты қорларының бір бөлігі болып табылады. Иран осыдан 70 жыл бұрын  кен әлеуетіне байланысты университеттерінде тау-кен ісі мен геологияны оқытуды бастаған аймақтағы алғашқы ел. Қазіргі кезде Иран университеттерінің көбінде бұл мамандыққа студенттер қабылданады. Иранда көптеген инженерлер мен техниктер тау-кен, металлургия және геология салаларында жұмыс істейді. Аймақтың басқа елдерінде мұндай мүмкіндік жоқ.

 

Иран шахталарының   экономикалық артықшылығының бірі олардың шағын болуында. Мәліметтер бойынша, елдегі шахталардың 98 пайыздан астамы ұсақ және орта, ал кен-тау өндірісінің шамамен 60 пайызы осы шағын және орта кеніштерден алынады. Әлемдік банктің статистикасы бойынша, 2017 жылы әлемде ашылған әр 5 жұмыс орнының төртеуі ұсақ және орта өндірістерде ашылған. Сондықтан бұл өндіріс маңызды саналады. Иранда кен-тау өндірісінде 130 мыңнан астам адам жұмыс істейді.  Бұл өндірістің тұрақтылығы оның даму себептерінің бірі.

Тау-кен өндірісі екі бөліктен тұрады: металлургиялық және бейметаллургиялық. Тау-кен өндірісінің металлургия саласына салынған инвестиция мөлшері көбірек. Бірақ бейметалл тау-кен өндірісі де басқа салалардың өндірісінде     маңызды рөл атқарады. Иранның тау-кен қорларының ішінде пайдалы қазбалардың үлкен бөлігі бейметалл пайдалы қазбалар болып табылады. Мамандардың айтуынша, елдің тау-кен қорының 68 түрінің тек 20 түрі ғана белгілі. Иран экономикасының бұл бөліміне бөлінген инвестиция инвесторларға көптеген кіріс әкеледі.

 

 Ирандағы асыл тас кендері әлемдегі ең құнды кендердің бірі

Сарапшылардың пікірінше, Иран өзінің 18 пайыз газ   және 9 пайыз мұнай ресурстарымен әлемнің тау-кен өндіруші елдері арасында тау-кен жұмыстарын, әсіресе өңдеу мен металдарды энергиямен қамтамасыз етуде ерекше орынға ие. Иранның энергия көздерінің бағасы әлемдік бағадан  50 пайызға төмен. Бұл Ирандағы ірі компанияларға соңғы бағасын белгіліп, аймақтағы жақын нарықтарға жеткізуге мүмкіндік береді.

Керман провинциясы «Иран шахталарының жаннаты» деп аталады. Бұл провинцияда 445 шахтадан өндірілетін белгілі минералдардың 42 түрі бар. Елдің облыстары ішінде Керман облысы жыл сайын 63 миллион әртүрлі пайдалы қазба және олардың 21 пайызын өндіруімен бірінші орынды иеленді. Керман облысының минералдық әлеуеті металды пайдалы қазбаларында. Керман провинциясында шамамен 6 миллиард тонна белгілі қор бар. Олардың 83 пайыздан астамы мыс, темір, хромит және көмірмен байланысты. Керман облысындағы көмірдің анықталған қоры 240 миллион тонна болса, болжамдар бойынша оның ықтималды қоры шамамен миллиард тоннаға бағаланады. Айта кететін жайт, Иранның шекара облыстарының көбі кен әлеуеттеріне ие болғандықтан бұл бөлімге инвестиция салу мүмкіндігі артады.

Хузестан, Илам, Керманшаһ, Бушеһр және Хормозганның шекаралас облыстарында бір жағынан құрылыс материалдары мен бейметалл минералдардың жоғары әлеуеті, екінші жағынан минералды өнімдерін экспорттауға Парсы шығанағы елдері және Иракпен шекаралас болуы инвестицияның экономикалық тиімділігінің артуына ұластырады. Мысал ретінде елдің белгілі тау қорының 69 пайызын құрайтын Хоросане Разави, Күрдістан, Шығыс Әзірбайжанның шекаралас облыстарын, сондай-ақ, Исфахан мен Фарс облыстарын атауға болады. Иранның құрылыс және декоративті тастарының маңызды экспорттық нарықтары – көршілес Ирак, Кувейт, БАӘ, Сауд Арабиясы және Әзірбайжан.  Еуропалық нарық, соның ішінде Ұлыбритания мен Италия – Иранның  құрылыс және декоративті тастарын экспорттайтын нарықтар. Бейметалл пайдалы қазбалардың бірі цемент  елдердің экономикалық инфрақұрылымын құру мен дамуда шешуші рөл атқарады.  Бүгінгі таңда цемент тұтыну мөлшері елдердің индустриялды даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. 85 жылдық тәжірибесімен елдегі негізгі өндірістердің бірі Иранның цемент өнеркәсібі әлеуеті бойынша әлемде төртінші орында орналасқан. Иранда цемент шығаратын 75-тен астам зауыт бар. 1398 жылдың соңына дейін олардың әлеуеті 91 миллион тоннаға жетті.

 

Иранның экономикалық дамуының жергілікті үлгісі қарсыласу экономикасы болғандықтан, оны іске асыру өте маңызды. Қарсыласу экономиксы ерекшеліктерінің бірі ішкі әлеуетке сүйенуінде. Иран кен секторының шетелдік көздерге тәуелділігі өте төмен және аймақта жақсы экспорт нарығына ие. Сондықтан қарсыласу экономикасында ерекше орыны бар. Кен бөлімі мамандарының айтуынша, Иран экономикалық  жобаларын алға ілгерілету үшін кен көздерін қажет ететін Түркия, Сауд Арабиясы мен Парсы шығанағы жағалауындағы елдер  аймағында орналасқан.