Шіл 07, 2020 18:33 Asia/Almaty
  • Әлемдегі су дағдарысы 15

Әлемнің қазіргі жағдайын ескере отырып, мамандар келешекте «су соғысы» деп аталатын жаңа соғысты болжауда

 

Соғыс -  өмірдің негіздерін нысанаға алатын жойқын құбылыс. Әлем осы кезге дейін ыстық соғыс, суық соғыс, жұмсақ соғыс, апиын соғысы, жасырын соғыс және орны толмас шығындардың куәсі болды. Егер қақтығыстардың себептеріне шолу жасайтын болсақ, олардың көпшілігінің табиғи және шикізат ресурстарын  билеп-төстуге бағытталғанын көреміз. Келешекте өндіріс пен тұтынуы жоғары елде мұнай мен алтын және басқа табиғи ресурстар таусылып, оларды басқа аймақтардан алу үшін шайқастар мен жанжалдар  басталады. Алайда әлемнің қазіргі жағдайын ескере отырып, мамандар келешекте «су соғысы» деп аталатын жаңа соғысты болжауда.  Бұл соғыстың белгілерін әлемнің әртүрлі аймақтарында байқауға болады.  Мамандар  осыдан он жыл бұрын  су дағдарысы  туралы дабыл соғып, 2015 жылға дейін  әлемнің ондаған миллион халқы су тапшылығына ұшырайтынын, сондай-ақ дүниежүзі халқының 2/3 бөлімінің таза ішімдік сусыз қалатынын болжаған болатын.

Ескертулерге сәйкес судың күнделікті азаюы азық-түлік пен энергияны азаюына себеп болуы мүмкін. Сондықтан су соғысы  келешек үшін қиял тақырып емес, қазіргі кезден су дағдарысына жақындаған елдердін қайшылықтарының куәсі болудамыз. Осы саладағы Мысыр мен Эфиопяның арасындағы қайшылық тіпті әскери қақтығыс қарсанына жетті.

Американдық «Christian Science Monitor» журналы әлемдегі су соғысы мәселесін ойландыратын мәлімдемесін жариялап: «Мамандар әлемдік халық санының артуы және қолдануға жарамды сумен қамтамасыз етудің төмендеуі  бірнеше онжылдықта әлемдік суға деген сұранысты айтарлықтай арттыратынын мәлімдеді»,- деп жазды. World Resources Institute мәліметтері бойынша 2020, 2030 және 2040 жылдарға дейін 167 елдің бірқатар климаттық  және түрлі әлеуметтік-саяси жағдайларға байланысты су дағдарысымен кезігу ықтималы айтылды. Мәліметтерге сәйкес, 33 ел 2040 жылға дейін ең жоғары шиеленіске тап болады.  Халықаралық ұйымның мәліметі бойынша, суға байланысты қақтығыстар Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың 14 елінде болады.

Зерттеушілердің айтуынша, Таяу Шығыс жерасты суларын көп пайдаланатын, теңіз суларын тұщыландыратын аймақ. Болжамдар бойынша, бұл аймақ  келешекте су дағдарысымен бетпе-бет келеді.

World Resources Institute  келешектегі қайшылықтар ауылшаруашылы, экономика және аталмыш елдердің қоғамдарына зардап келтіруі мүмкін деп санайды. Оның зерттеушілері: «Суға деген әлемдік сұраныс алдағы бірнеше онжылдықта халық саны және оның суға деген сұранысының өсуіне байланысты болуы артуы мүмкін. Бұл мәселе ауыл тұрғындарының қалаларға көшулеріне себеп болады және орта топқа көбірек қысым көрсетіп, азық-түлік және әлектр тоқпен қамтамасыз етуді қиындатады.

Зерттеушілер әлемнің әртүрлі аймақтарындағы климаттың өзгеруі  немесе құрғақшылық тудыруы мүмкін деп санайды. Деректер бойынша Еуропаның бірқатар аймағы ауыр құрғашылдықпен бетпе-бет келеді. Сондай-ақ, Қытай, Үндістан және АҚШ бөліктері 2020 жылға дейін, әсіресе  оңтүстік-батыс бөлігі, су тапшылығымен бетпе-бет келеді. Әлемнің бірқатар елі, оның ішінде Чили, Намибия және Ботсвана, құрғақшылықтың салдарынан су тапшылығын көруде. Айта кететін жәйт, бұл мәлімдемеде Сирияның ішкі соғысы мен ДАИШ туралы айтылды. Мамандардың жазуынша, су тапшылығы – 2011 жылдағы Сириядағы ішкі соғыстың негізгі себебі. Су тапшылығы бейберкеттерге көмектесіп, бұл елді ішкі соғысқа тіреді.

Суға байланысты қайшылықтар көбінде кішкентай және дергілікті оқиға ретінде басталады. Бірақ кішкентай азаматтық наразылықтар жылдамдықпен кеңейе алады. Мәселен, бірнеше ұлттық соғысқа және тәкфіршіл ДАИШ лаңкестік тобының құрылуына әкелген бейберекеттер наразылықтардан басталды.  Сириядағы ішкі соғыс Сирияның оңтүстігіндегі Дераа қаласында бірқатар жастар әкімнің суды бөлу әдісіне қарсы ұран жазып жатқан кезде құрықталды. Бұл жастарды қамау және олармен дұрыс қатынас орнатпау олардың тайпаларының наразылығына себеп болды.

АҚШ үкіметі және сионистік режим мен тәкфіршіл ханзадалардың  қолдауына ие ДАИШ өз стратегиясында басқа тақырыптардан көбірек судың маңыздылығы мен келешекте су соғысының ықтималына ерекше көңіл бөлді. ДАИШ-тың негізгі базасы саналатын Ракка қаласы Евфрат өзенінен пайда болған Асад көлінен 40 км қашықтықта орналасқан. Ракканың экономикасы бұрыннан көлдің суын тұтынып, мақта өсіруге сүйенді. Бұл көл 1973 жылы Табка дамбасының құрылысы арқасында пайда болып,  2500 миля² ауылшаруашылық жерді сумен қамтамасыз етеді. ДАИШ Тигр өзіне жолында Мосулда Ирактың ең үлкен бөгетін өз бақылауына алу үшін қатаң соғысты. Бұл топтың мүшелері сондай-ақ Евфраттың үстіндегі екі, яғни Фалуджедегі және Хадиседегі бөгетті өз бақылауына алды. Кейбір зерттеулер өткен 50 жылда әртүрлі елдер арасында су мәселесіне байланысты 37 рет су шиеленісі орын алып, кейбіреулері әскери қақтығыстарға айналғанын көрсетті. Олардың ішінде 30-дан астамы сионистік режимнің басып алынған жерлерге шекаралас елдермен ортақ сукздеріне байланысты болды. Бұл қақтығыстардың 30-дан астамы 1950 және 1960-шы жылдар онжылдығында сионистік режимнің Сирия және Иорданиямен Иордан және  Ярмук өзендерінің суын тасымалдау мәселеге байланысты болды.

Суды қайшылықтар құралы емес, ынтымақтастық құралы деп санайтын зерттеушілердің пікіріне қайшы әлемнің саяси басшылары бұл салада әртүрлі пікірлер айтты. Мысырдың үшінші президенті Анвар Садат 1979 жылы: «Мысырды қайтадан соғысқа итермелейтін жалғыз мәселе – су мәселесі»,- деді. 1985 жылы БҰҰ-ның алтыншы басшысына Таяу Шығыс аймағындағы келесі соғыс суға байланысты болатынын хабарлады.

Әлемдік банкінің орынбасары Исмаил Сираджаддин 1995 жылы: «Бұл ғасырдағы соғыстарының көбі мұнайға байланысты болса, келешек ғасырдың соғыстары суға байланысты болады»,- деп жариялады. БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан 2001 жылдың наурыз айында: «Су ресурстарына қатысты бәсеке келешектегі қақтығыстар мен соғыстардың себебі болуы мүмкін»,- деді. Ол 2002 жылы өз пікірін өзгерткенімен, судың халықаралық ынтымақтастықтарды жақсартудың әсерлі факторы рөлін еске салып, баршаны су ресурстарын басқаруға қатысуға шақырды. 2009 жылы БҰҰ кезіндегі Бас хатшысы Пан Ги Мун де: «Дарфур дағдарысы экологиялық ең алдымен су дағдарысына байланысты басталып, кеңейіп, халықаралық деңгейдегі қақтығыстарға себеп болды»,- деді. 2012 жылының басында Ирактың бұрынғы Премьер-министрі Нури Малеки де: «Су тапшылығын шешу үшін жылдам шаралар қолданылмаса, араб елдерін бір-бірімен соғысқа итермелеуі мүмкін»,- деген.  

Су ресурстары соғыс, үкіметтер мен ұлттар арасындағы шиеленістің басты себебі болмағанымен, елдер арасындағы соғыстар мен қақтығыстардың себептерінің бірі болуы мүмкін. Басқаша айтқанда, су мәселесіне байланысты соғыс болмағанымен,  бұл мәселеге тиесілі қайшылықтар жоқ деп айттуға болмайды. Су мәселесінің елдер арасындағы ынтымақтастыққа немесе керісінше олардың қақтығыстарына әкелуі, су ресурстарын дұрыс басқаруға байланысты. Су көздерінің дағдарыс пен елдер арасындағы қақтығыстар  олардың дұрыс басқармалуының нәтижесі.