Қаз 13, 2020 02:34 Asia/Almaty

Луристан облысының орталығы Хоррамабадтағы Шапури көпірі – әлемде толығымен тастан жасалған жалғыз көне көпір.

Сасанилер заманындағы сәулет өнерінің бірегей туындысы саналатын Сынған көпір немесе Шапури көпірі Хоррамабад қаласының оңтүстігіндегі «Фалак ул-Афлак» тарихи қамалының оңтүстік жағында орналасқан. Су тасқыны мен басқа да оқиғалардың салдарынан бұл тарихи көпірден бірнеше баған ғана қалған.

Түрлі тарихи және туристік әлеуеттерге ие Луристан облысы Иранның батысындағы туристер үшін маңызды мақсаттардың бірі болып табылады.