Қаз 13, 2020 20:03 Asia/Almaty
  • Исламның ұлық пайғамбары: шығыстанушылардың көзқарасы бойынша 15

Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.) он төрт ғасыр бұрын Алланың тарапынан әлемдіктердің басшысы болып сайланды.

 

Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.) он төрт ғасыр бұрын Алланың тарапынан әлемдіктердің басшысы болып сайланды. Сондай-ақ Алланың сөздері мен оның ғылыми және практикалық тағылымдары жинақталған қасиетті Құран кітабын жүздеген миллион халықтың өмірлік бағдарламасы ретінде қалыптастырды. Бұл илаһи тұлға адамдардың өміріндегі өзгерістердің ең маңызды факторларының бірі саналады.

Исламның ұлық пайғамбары адамзатты дұрыс жолға нұсқауға сайланып, хазіреттің ең маңызды мақсаты әлемде әділет орнату болып табылады. «Әнбия» сүресінің 107-ші аятында Алла Тағала: «(Мұхаммад с.ғ.с.) Біз сені бүкіл әлемге рахмет етіп қана жібердік»,- деді.

Ислам дінінің таралуының басынан қазіргі уақытқа дейін тарихшылар мен ғалымдар өз еңбектері мен жазбаларын   Пайғамбардың (с.ғ.с.) өміріне арнап, көптеген зерттеулер жүргізді. ХХ ғасырдағы шығыстанушылардың бірі - араб-христиан шығыстанушысы Филип Хури Хитти.

Филип Хитти 1908 жылы Бейруттегі америкалық университетті аяқтады. Ол ливандық тарихшы болғанымен АҚШ азаматы саналады. Ол Ливандағы АҚШ университетінде сабақ берді.  Филип Хитти 1939 жылдың қыркүйегінде «Араб тарихы» деп аталған кітабын басып шығарды. Бұл кітаптың сегізінші бөлімі Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммадқа (с.ғ.с.) арналды. Ол сөзін Пайғамбардың (с.ғ.с.) туған жылы мен есімі және отбасына туралы  бастады. Бұл кітаптың бір бөлімінде: «Есімі Ескі Өсиетте ескерілген Исраиль әулетінің пайғамбарларындай араб Мұхаммадтың шақыруы мен жолдауы расында пайғамбарлық сипатты болды. Бастапқыда оның миссиясының мағынасы: Құдай жалғыз, құдіретті және барлық әлемдерді жаратушы, сондай-ақ есеп күні бар. Мұхаммадтың жаны қасиетті қайнардан нәр алып, оған Алланың елшісі ретінде сеніп тапсырылғанын парызды орындауды өз міндеті деп санады. Ол адамдардың арасында жүріп, оларға сабақ берді»,- деп жазылды.

Филип Хиттидің пікірінше, Пайғамбар (с.ғ.с.) күш-жігерімен   біртіндеп серіктерін көбейтті, сондай-ақ ол және оның серіктері өз жолында көп қорлық көрді. Ол сөзінің жалғасында: «Мұхаммадтың (с.ғ.с.) серіктеріне уақытша шығындар әкелген азап күндері оның батылдығына кедергі болмады және ол шақыруын жалғастырды. Ол адамдарды жалған құдайларынан бас тартуға және жалғыз шынайы Құдайға құлшылық етуге жігерлендірді»,- деді. Филип Хитти өз еңбегінде былай деп жазды: «Мұхаммад (с.ғ.с.) күш-қуатының ең жоғарғы кезеңінде кедей кезеңіндегіндей өмір сүрді. Ол қарапайым және шынайы өмір сүрді. Пайғамбар (с.ғ.с.) қайтыс болған кезде қалдырған ақшасы  үкіметтің меншігіне тапсырылды.  Оның күнделікті маңызды және кішігірім мәселелердегі әрекеттері заңды болды. Мұхаммад (с.ғ.с.) сияқты  адамды кемелді үлгі тұту және оның барлық істеріне еліктеу адамзат ұрпақтарының ешқайсысында болған емес. Ол амалы мен сөзі заңға айналған жалғыз кемелді адам болды және миллиондаған мұсылмандар бүгін оларға сай амал етеді».

Исламның ұлық пайғамбары Меккеде болған кезде, мүшіріктердің қысымдары сондай артып, түнделетіп Алла елшісін өлтіру шешім қабылдады. Уаһи арқылы Пайғамбар (с.ғ.с.) бұл қастықтан хабардар болды.  Мекке енді хазіреттің қалатын жері болмады. Қастық жасалатын күні Әли бен Абитолеб (ғ.с.) Пайғабмардың орнына жатып, тарихытң ең маңызды хиджраты басталды.  Бұл хиджраттың мақсаты Ясреб (Медина) қаласы болды. Пайғамбардың Мединеге қоныс аударуынан хабардар болған мұсылмандар Алла елшісін құрметтеді.

Көп ұзамай Пайғамбар (с.ғ.с.) Құба мешітінің құрылысын бастауды бұйырды. Бұл Исламда салынған алғашқы мешіт болды.Пайғамбардың ең маңызды шешімдерінің бірі мұхаджерлер мен ансарлар арасындағы келісім болды. Бұл екі топ Медина яһудилерімен бірге болды. Бұл келісімшарттың ережелеріне қарап, Пайғамбардың (с.ғ.с.) қоғамды басқарудағы интеллектуалды данышпандығы, оның   әлеуметтік және рулық әдет-ғұрыптарын сақтаған топтарды біріктіре алғанын көреміз. Пайғамбар халқы Исламды өз ниетімен қабылдаған және оны шақырған қалаға енді. Бұл Исламның қалыптасуы мен дамуы үшін ең жақсы мұрсат. 

Филип Хитти: «Медина жамағаты кейінгі кезеңдердегі ислам қауымдастығының кішігірім бейнесі болды. Аз уақыттың ішінде Мұхаммад (с.ғ.с.) бұрын-соңды біріктірілмеген елде және осы уақытқа дейін тек географиялық атағы ғана естілген елде христиандар мен иудаизм діндерін кең жерлерден қуып, олардың орының алған дінді қалыптастырды. Қазіргі кезге дейін адамзаттың үлкен тобы бұл діннің ізбасарлары болуда. Мұхаммад (с.ғ.с.) ешкімнен сабақ үйренбеді. Бірақ оған әлем халқының 1/5 бөлігі оны бүкіл ғылым мен діни мағлұматтар жинағы  деп санайтын кітапты жіберді»,- деп жазды.

Шығыстанушы ғалымдардың алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі - Алла Елшісінің (с.ғ.с.)  басқа иләһи кітаптардың, әсіресе Тәурат пен Інжілдің Құран мен оған тиесілі оқиғаларға әсерін тигізуін көрсетуі. Қазіргі дәуірде кейбір шығыстанушылар Құран оқиғаларына күмәнданып,   Құранның бірқатар рауаяттарын аңыздар деп атайды. Мұндай ғалымдар Құранның көркемдік мұғжизасы саналатын Құран дастандарының сыртқы және тарихи фактілерін жоққа шығару арқылы оларды белгілі бір теорияларға қолданады.

Филип Хитти сөздерінің бірінде Құран дастандарына тоқталып, оларды өсиеттер айтылған дастандармен салыстырып: «Алла Тағала Құранда адам өмірі мен адамзаттың қажеттіліктерімен тікелей байланысты оқиғалар туралы баяндап, бұрынғы илаһи діндердің жақсы және жаман беттерін көрсету арқылы келешек нәсілді өткендерден сабақ алып, олардың қателіктерін қайталамауға шақырады»,- деді. Филип Хитти Құран дастандарын Тәурат дастандарымен салыстырғаннан кейін Құранның артықшылығын   мойындады.