Қаз 22, 2020 19:18 Asia/Almaty
  • Әлемдегі су дағдарысы (18)

Жер бетінің шамамен 72 пайызын су құрайды және оның 97 пайызы тұзды ішуге жарамсыз.

 

Жер бетінің шамамен 72 пайызын су құрайды және оның 97 пайызы тұзды ішуге жарамсыз. Әлемдегі тұщы судың шамамен үштен екі  бөлігі полюстердегі мұз қабаттарында және әлемдегі тұщы судың бір пайызынан аз мөлшеріне қол жетімді. Жер бетіндегі су қорларын үшке   бөлуге болады: мұхиттар мен теңіздер, құрлықтағы су және атмосфералық су.

Жердегі су айналымының 486 миллиард текше км бағаланған салыстырмалы тұрақты көлемі бар. Тұщы су ауылшаруашылығында, өнеркәсіпте және ауыз суда қолданылады. Жаңбыр суы өзендердің ағуына себеп болады және жер асты суларын қоректендіреді. Кез келген аймақтағы суды пайдалану қол жетімділікке, пайдалану мен технология тиімділігі үшін ресурстар мен қондырғылардың болуына байланысты. Жан басына шаққандағы жаңартылатын судың бірдей мөлшерін әлемнің әртүрлі аймақтарында бөлу өте теңгерімсіз, тіпті аймақтардың немесе елдердің әрқайсысы өз аумағында мәсеелсіне тап болады. Мысалы, жан басына шаққанда 1175 текше метр суы бар араб елдерінде ең аз су қоры бар, сондықтан су ұл елдерде біркелкі таралуы жоқ. Осыған байланысты Мавританияны, Ирак пен Сирияны атап өтуге болады, бұл елдердегі жан басына шаққандағы жылдық су мөлшері 2500 текше метрден асады. Сондай-ақ Парсы шығанағы аймағында жылдық су мөлшері 100 текше метрден төмен елдер де бар.

Оңтүстік-Шығыс Азияға Индонезия, Тайланд, Бирма, Филиппин, Камбоджа және Вьетнам және тағы басқа бірнеше шағын елдер кіреді. Бұл аймақтың жан басына шаққандағы тұщы су қоры жылына 10464 текше метрді құрайды және бұл Азияның басқа аймақтарына қарағанда көп.

Шығыс Азияға Қытай, Корея, Моңғолия және Жапония кіреді. Бұл елдер халқының саны 59,1 миллиардты және жан басына шаққанда жаңартылатын су қорлары жылына 2126 текше метрді құрайды. Батыс Еуропаға Германия, Франция, Бельгия, Австрия, Нидерланды, Швейцария және Люксембург кіреді. Бұл елдердің ішінде жан басына шаққанда 9180 текше метр жаңартылатын суы бар    Австрия және 1860 текше метрі бар Германия аймақтағы су ресурстарының салыстырмалы түрде жоғары және төменгі деңгейіне ие.

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі әртүрлі климаттық жағдайлар мен суға қол жетімділік мөлшері оны жинауға және тұтынуға әсер ететін ең маңызды фактор болып табылады. Табиғи ресурстардан алынған судың мөлшері мен сапасына климаттық жағдайлардан басқа, технологиялық деңгей, халықтың тығыздығы, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер өз  әсерін тигізеді. Суды жерасты, өзендер, көлдер және су қоймаларынан алуға немесе тікелей жауын-шашыннан жинауға болады. Халықаралық мәтіндерде жер асты сулары мен жер үсті ресурстары «көгілдір су», ал жаңбыр суы «жасыл су» деп аталады.

Африка континенті, жан басына шаққанда жылына 5195 текше метр жаңартылатын су ресурстарына ие, жан басына шаққанда 191 текше метрден ғана өнім жинайды. Мүмкіндіктері мен статистиканың жоқтығынан бұл жердің барлық елдеріндегі судың жағдайын тексеру мүмкін емес. Жаһандық мәліметер бойынша, Египет жасыл су ресурстарының тапшылығына қарамастан жан басына шаққанда су жинау бойынша континентте ең жоғары көрсеткішке ие.

Азияның маңызды елдеріндегі су жағдайы да сондай перспективалық емес. Бұл елдерде 3 миллиардтан астам адам өмір сүреді және бұл елдерде су немесе ауылшаруашылық өнімдер тапшылығы байқалуда. Австралия өзінің бай ресурстары мен салыстырмалы аз халқымен жан басына шаққанда 1145 текше метр су алады және аграрлық секторында қосымша құн  1161 доллар құрайды. Азия елдері шінде жауын-шашын мөлшері Сауд Арабияда ең төмен, ал Индонезия ең көп жауады. ФАО-ның мәліметтері бойынша Сауд Арабиясы жаңартылатын суды 9 есе көп жинайды, бірақ басқа Парсы шығанағы елдері сияқты азық-түлікті импорттайды.

Еуропа -   әртүрлі климаты  және жеткілікті су қорына ие континент. Түркия мен Испаниядан басқа елдерде ауылшаруашылығы үшін жиналатын судың коэффициенті төмен, бұл температура мен климаттың әсерін көрсетеді. Германия ауылшаруашылығы бойынша ең төменгі жинау көрсеткішіне ие және елдің жиналған суының 82 пайызы өнеркәсіпте қолданылады. Ол барлық азық-түлік тауарларды экспорттаушы  және импорттаушы да, көбіне Еуроодаққа мүше басқа елдермен сауда жасауда. Еуропалық елдердің көпшілігінде экономикасы өнеркәсіп және қызмет көрсетуге бағытталған.  Олардың су ресурстары жеткілікті және климаты азық-түлік өндірісі үшін қолайлы, сондай-ақ олар технология мен капитал тұрғысынан шектелмегендіктен,    азық-түлік қорлары да мол.

Америка солтүстік және оңтүстік бөлімдерімен екі құрылықта орналасты. Солтүстік бөлімін Канада, АҚШ және Мексика құрайды. АҚШ жыл сайын жаңартылатын су ресурстарының 15 пайызын пайдаланып,  әлемдегі ең ірі ауылшаруашылық өндірушілерінің бірі болып табылады.  Жаңартылатын су ресурстарының жылдық жинау коэффициенті ресурстардың тұрақтылығы мен тұтынылуының   көрсеткіш болып табылады. Халықаралық ұйымдардың мәлімдемесіне сәйкес, жаңартылатын су ресурстарының жылына 40 пайыздан астамын жинайтын кез келген аймақ немесе ел су дағдарысының алдында тұр. Бұл критерийді барлық аймақтарға жалпылау мүмкін емес, өйткені географиялық орны мен жауын-шашын мөлшері суға байланысты мәліметтерге әсерін тигізетін маңызды көрсеткіштер болып табылады. Жоғары және полюстерге жақын орналасқан елдер мен экваторлық және тропикалық ормандарға жақын елдерде су ресурстары мол.  Жауын-шашын мөлшері аз елдер жер асты суларын жиі пайдаланады.

Бұл мәліметтерге сүйеніп, әлемдегі жаңартылатын судың мөлшері мен әртүрлі аймақтар мен елдердегі оның таратылу тәсілі Солтүстік Африка, Оңтүстік-Батыс Азия және Орталық Азия мен оңтүстік Еуропа аймақтарының, әсіресе халық саны жоғары елдер жаңартылған суды аз пайдаланады.