Иран: Тәппе Мил
Қар 17, 2020 04:24 Asia/Almaty
Теһранның оңтүстігіндегі Рей ауданында Сасанилер заманынан қалған «Тәппе Мил» немесе Аташкаде (отқа табыну орны) бар.
Аташкаде Рей қаласынан 12 км жерде Варамин тас жолы бойында орналасқан. Ол 72 га ауданды алып жатыр. Биік төбеде орналасқан Аташкаде ғимараты бағанға ұқсайтындықтан «Тәппе Мил», яғни Бағантөбе деген атпен де танымал.