Аза тұту рәсімдері
Сәу 16, 2016 14:35 Asia/Almaty
Бағдарламамыздың бүгінгі бөлімінде сіздерді Ирандағы аза тұту рәсімімен таныстырамыз.
Иранда аза тұту рәсімінің әр түрлі салттары бар, соның ең бастысы – пайғамбардың (с.ғ.с.) немересі Имам Хосейнді аза тұту рәсімі. Бірақ, Иранда бір адам бұл дүниеден озған кезде, оны ақтық сапарға шығарып салу рәсімдері де бар. Иранда көне заманнан бері аза тұту рәсімі кезінде халыққа құрма мен халуа таратылатын, бұл рәсім қазір де елде кең тараған. Қазір Мұхаммед Хамид атты досымен телефон арқылы ертеңгі күннің жоспары жайында сөйлесіп отыр. Хамид оған мешітке баратынын айтады. Алдымен жаңа сөздерді үйреніп алайық.
Сен жұмыс істейсің | То кар микани | تو کار می کنی |
Сенің жұмыс істегің келеді (немесе: Сен жұмыс істейсің, келер шақ) | То михаһи кар кани | تو می خواهی کار کنی |
Бағдарлама, жоспар | Бәрнаме | برنامه |
Сенің жоспарың бар | Ту барнаме дари | تو برنامه داری |
Ертең | Фәрда | فردا |
Түстен кейін | Бәд әз зоһр | بعد از ظهر |
Мен барамын | Мән мирәвәм | من می روم |
Менің барғым келеді (немесе: Мен барамын, келер шақ) | Мән михаһәм берәвәм | من می خواهم بروم |
Мешіт | Мәсджед | مسجد |
Қандай жаңалық бар? | Че хабар әст? | چه خبر است ؟ |
Сол кезде | Ан моуғе | آن موقع |
Уақыт | Вәғт | وقت |
Намаз | Нәмаз | نماز |
Намаз уақыты | Вәғт-е нәмаз | وقت نماز |
Ғой, қой (нақтылау мәнді демеулік шылау) | Ке | که ( علامت تاکید ) |
Рәсім | Мәрасем | مراسم |
Қатым шығару | Хәтм | ختم |
Қатым шығару рәсімі | Мәрасем-е хәтм | مراسم ختم |
Әке | Педәр | پدر |
Досым | Дустәм | دوستم |
Бұрын | Ғәбл | قبل |
Ол бұл дүниеден озды (қайтыс болды) | У әз дониа рәфт | او از دنیا رفت |
А... жарылқасын! | Ходо рәхмәтәш конәд | خدا رحمتش کند |
Онда | Пәс | پس |
Үш | Се | سه |
Үшінші | Севвом | سوم |
Жеті | Һәфт | هفت |
Жетінші | Һәфтом | هفتم |
Қырқы | Чеһел | چهل |
Қырқыншы | Чеһелом | چهلم |
Кісі, адам | Фәрд | فرد |
Адамдар | Әфрад | افراد |
Қайтыс болған | Фоут шоде | فوت شده |
Аза тұту | Сугвари | سوگواری |
(Бізде) бар | Дарим | داریم |
Үй | Хане | خانه |
Бәрібір | Фәрқ немиконәд | فرق نمی کند |
Біз аламыз | Ма мигирим | ما می گیریم |
Не жұмыс | Че кар | چه كار |
Не істейсіңдер? | Че кар миконид? | چه كار مي كنيد ؟ |
Халық, адамдар | Мәрдом | مردم |
Олар Құран оқиды | Анһа Қоран миханәнд | آنها قران می خوانند |
Олар тыңдайды | Анһа гуш миконәнд | آنها گوش می کنند |
Сұхбат | Сохбәт | صحبت |
Дәріс оқушы | Сохәнран | سخنران |
Діни, мазхаби | Мәзһәби | مذهبي |
Қара түсті киім | Лебас-е мешки | لباس مشکی |
Сіз киесіз | Шомо мипушид | شما می پوشید |
Дұрыс па? | Дорост әст? | درست است؟ |
Біз киеміз | Ма мипушим | ما می پوشيم |
Жақындар (отбасы мүшелері) | Нәздикан (әфрад-е ханеваде) | نزدیکان ( افراد خانواده ) |
Қайғыға ортақтасу | Һәмдәрди | همدردي |
Қайғыға ортақтасамыз | Һәмдәрди миконим | همدردي مي كنيم |
Қазір Хамид пен Мұхаммедтің әңгімесіне қайтып оралайық.
Мұхаммед: Ертең не істейсің? Жоспарың бар ма? | Мухаммад: Фәрда михаһи че кар кони? Бәрнамей-е дари? | محمد - فردا می خواهی چه کار کنی ؟ برنامه ای داری ؟ |
Хамид: Ия. Ертең түстен кейін мешітке барамын | Хамид: Аре. Фәрда бәд әз зоһр михаһам бе мәсджед берәвәм. | حمید - آره . فردا بعد از ظهر می خواهم به مسجد بروم . |
Мұхаммед: Түстен кейін мешітте не бар? Ол кез намаз уақыты емес қой. | Мухаммад: Бәд әз зоһр дәр мәсджед че хәбәр әст? Ан моуғе ке вәқт-е нәмаз нист | محمد - بعد از ظهر در مسجد چه خبر است ؟ آن موقع كه وقت نماز نیست . |
Хамид: Досымның әкесінің қатым Құран шығару рәсімі үшін мешітке барамын. Досымның әкесі үш күн бұрын дүниеден өтті. | Хамид: Бәрай-е мәрасем-е хәтм-е педәр-е дустәм бе мәсджед мирәвәм. Педәр- е дустәм се руз ғәбл әз дониа рәфт. | حمید - برای مراسم ختم پدر دوستم به مسجد می روم . پدر دوستم سه روز قبل از دنیا رفت . |
Мұхаммед: Алдынан жарылқасын! Онда қатым түсіру үшін мешітке барады екенсіңдер ғой! | Мухаммад: Ходо рәхмәтеш конәд. Пәс бәрай-е мәрасем-е хәтм бе мәсджед мирәвид! | محمد - خدا رحمتش کند . پس برای مراسم ختم به مسجد می روید ! |
Хамид: Ия. Үшінші, жетінші және қырқыншы күндері қайтыс болған адамдар үшін аза тұту рәсімі бар. | Хамид: Бәле. Рузһайе севвом, һәфтом вә чеһелом бәрай-е әфрад-е фоут шоде, мәрасем-е сугвари дарим. | حمید - بله . روزهاي سوم ، هفتم و چهلم برای افراد فوت شده ، مراسم سوگواري داريم . |
Мұхаммед: Мешітте ме? | Мухаммад: Дәр мәсджед? | محمد - در مسجد ؟ |
Хамид: Мешітте немесе үйде. Рәсімді қайда өткізсек те айырмашылығы жоқ. | Хамид: Дәр мәсджед иа дәр хане, фәрқ немиконәд ке коджа мәрасем бегирим. | حمید - در مسجد یا در خانه ، فرق نمی کند که کجا مراسم بگیریم . |
Мұхаммед: Аза тұту рәсімінде не істейсіңдер? | Мухаммад: Дәр мәрасем-е сугвари че кар миконид? | محمد - در مراسم سوگواري چه کار می کنید ؟ |
Хамид: Жамағат мешітте Құран оқып, молданың уағызын тыңдайды. | Хамид: Мәрдам дәр мәсджед Қоран миханәнд вә бе сохбәтһай-е сохәнран-е мәзһәби гуш миконәнд | حمید - مردم در مسجد قرآن می خوانند و به صحبتهای سخنران مذهبي گوش می کنند . |
Мұхаммед: Қара киім киесіңдер ме? Дұрыс па? | Мухаммад: Айа лебас-е мешки һәм мипушид? Дорост әст? | محمد - آيا لباس مشکی هم می پوشید ؟ درست است ؟ |
Хамид: Ия. Қара киім киіп, қайтыс болған адамдардың қайғысына ортақтасамыз. | Хамид: Бәле. Лебас-е мешки мипушим вә ба нәздикан-е фәрд-е фоут шоде, һәмдәрди миконим. | حمید - بله . لباس مشکی می پوشيم و با نزدیکان فرد فوت شده ، همدردي می کنيم . |
Мұхаммед пен Хамид аза тұту рәсімі туралы әңгімелерін жалғастырады. Хамид Мұхаммедке аза тұту рәсімінде әдетте барлық адамдардың қара түсті киім киіп, мешітке баратындарын айтады. Қайтыс болған адамның жақындарынан бірнеше адам мешітке кіре беріс жерде тұрып, рәсімге қатысқан адамдарға алғыс білдіреді. Бір діни қызметкер мешітте діни, наным-сенім және ахлақтық мәселелер жайлы уағыз айтып, соңғы сапарға дайындалу керектігін тыңдаушылардың естеріне салады. Көбінесе, Имам Хосейн мен оның оқиғасы айтылады. Содан кейін жаңадан қайтыс болған адамның күнәлары кешірілуі үшін Құран оқылады. Әдетте жақынын жоғалтқан отбасы мүшелері қырық күнге дейін қара киім киіп жүреді. Иранда жұма күндері кешке бұл дүниеден өткендердің аруақтарына Құран бағыштау үшін олардың зираттарының басына барады немесе олардың күнәлары кешірілу үшін қоғамдық жерлерде адамдарға құрма, тәтті-пәтті немесе тағы басқа тағамдар таратады.
Құрметті достар, бағдарламамыздың бүгінгі бөлімі өз мәресіне келіп жетті. Келесі көріскенше аман-сау болыңыздар!
Тегтер