Жел 12, 2020 14:28 Asia/Almaty
  • Исламның ұлық пайғамбары: шығыстанушылардың көзқарасы бойынша 18

Фритьоф Шуон - Швейцарияда дүниеге келген ойшыл, философ, ислам дінтанушысы және теолог.

Фритьоф Шуон 1907 жылы Швейцарияның Базель қаласында неміс отбасында дүниеге келген. Оның әкесі музыкант болып, ол өнер кеңістігінде тәрбиеленді. Оның отбасында музыкамен бірге әдебиетке ерекше көңіл бөлінді. Метафизика және діндерді салыстырмалы зерттеу бойынша болашақ профессор Еуропа әдебиетімен ғана емес, сонымен бірге  аудармада түріндегі Шығыс әдебиетімен де танысты.

Фритьоф Шуон

Шуон араб тілін үйреніп, Исламға қызығушылық білдірді. Бұл қызығушылығы 1932 жылы сол кезде жұмыс жасап жүрген Парижде оның Ислам дінің қабылдауына себеп болды. Исламды қабылдаған соң, ол есімін шейх Иса Нур ад-Дин Ахмад деп өзгертті. Ол өзінің Исламды қабылдаған күні туралы былай деді: «Күндердің бірінде діндердің қайсысы кемелділеу деп ойлап, Жаратушының алдында дұға жасап, белгілі бір күні тал түске дейін Құдайдың тарапынан қай діннің белгілері жіберілсе, дәл сол дінді қабылдаймын»,- деп уәде бердім. Сол күні ол сағат 11:45 пәтерінен шығып, бас көшеге қарай бет алды. Сағат 11:55 көшеде тек Солтүстік Африка сарбаздарынан құрылған атқа мінген және исламға сай киінген топты көрді. Париждің ортасында бұл топтың көрінуі айқын белгі болды. Шуон Құдайға берген уәдесін орындап, Ислам дінің қабылдады. Шуоннның жеке өмірі Батыстың қақ ортасында дәстүрлі исламды   қалпына келтіретін кеңістікте өтті. Оның отбасының ортасы ең әдемі дәстүрлі Магриб үйлеріне ұқсайтын, бұл ортада өзін ислам әлемінің кеңістігінен бөлек сезіну қиын еді. Шуон күнделікті ғибадаттарын орындап, жас кезінде Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннетін  ұстанып, рамазан айында ғана емес, жылдың басқа да көптеген күндерінде де ораза тұтатын. Ол күн сайын Құран оқитын. Ол өмірінің соңғы сәтіне дейін Алланың есімін ауызынан тастамады.

Шейх Иса Нур ад-Дин Ахмад (Фритьоф Шуон)

Шуон Алла елшісі туралы сұхбат жүргізіп, хазіретті (с.ғ.с.) Ислам деп біліп: «Егер Ислам шыңдық, кемелдік пен құдыреттің көрінісі болса, Пайғамбардің өзі пәктік пен адалдық және күш-қуаттың көрінісі»,- деген болатын. Ол еш уақытта Пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірінің әртүрлі кезеңдерінің ішкі тұрғысын әшкерелейтін кітап жазбады, ал хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) рухани ақиқаты мен қадір-қасиетері туралы көп жазды. Шуон Батыстағы басқа кез келген адамнан көбірек мұсылан еместерге мұсылмандар үшін Пайғамбардың (с.ғ.с.) кім екенін және неге мұсылмандардың хазіретке ғашық екендерін түсіндірді. Фритьоф Шуоннның еңбектерінің қызықты жері - ол өзінің пайғамбар туралы әдемі сипаттамаларын жазған кезде өзін баяндауыш немесе шығыстанушы түрінде қоймайды, керісінше иман келтірген ғашық адам ретінде  сөйлемдерін шың жүрегінен жазады. Ол: «Пайғамбарға (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілік пен махаббат - ислам руханилығының шынайы негізі. Мұсылмандар пайғамбарды үлгі тұтады және хадистерін жол нұсқау деп біледі. Мұсылмандар оны жақсы көреді және күнделікті өмірінің үлгісі тұтады»,- деп жазды. Шуоннның пайғамбар туралы көптеген зерттеулері «Пайғамбарлықтың құпиясы» еңбегімен аяқталады. Бұл кітап шын мәнінде пайғамбардың ішкі ақиқаты туралы жазылған маңызды еңбектердің бірі. Шуон Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннетімен жақсы таныс болған және хадистерден жиі келтіріп, жалпы ислам өміріндегі  сүннет туралы жазған.  Шуонның пікірінше, Пайғамбардың рухани ақиқаты адамдардың хиджабымен қалыптастып, оған оның әлем үшін заң шығарушы  болғаны себеп болды.  

Фритьоф Шуон

Шуон Ислам пайғамбарының сабырлылық, адалдық пен шындық  сынды ізгі қасиеттеріне ерекше назар аудартты. Құран Кәрім  көптеген аяттарында Алланың соңғы елшісі және әлемнің жарқыраған нұры туралы әртүрлі формада баяндап,   қасиетті және илаһи жүзі бейнеледі.  Кейде хазіреттің есімін тағызм етіп есіне алады, кейде оның қасиетті болмысына мойынсұнуды Аллаға мойынсұну, ал оған бағынбауды Жаратушыға бағынбау деп көрсетеді, кейде хазіретке (с.ғ.с.) ант береді және басқа аяттарда  Алла елшісін жақсы мысал ретінде таныстырады. Алла Тағала мұсылмандарға соңғы пайғамбарды әрдайым еске алуға, тіпті намаз кезінде хазіретке амандық пен сәлем жолдауға және хазіреттің болмысы үшін  Алланың мейірімін тілеуді міндеттеді. Айта кететін жәйт, мұндай бұйрық берілмес бұрын, Алла алдымен Өзі және  періштелерімен бірге Пайғамбарға сәлем берді, содан кейін Пайғамбарына мұсылмандардың  оны (с.ғ.с.) құрметтеу және алдында тағзым ету үшін оған салауат  мен сәлем жолдауға міндеттелгенін хабарлайды.«Ахзаб» сүресінің 56-шы аятында: «Расында Алла, Пайғамбарға рахмет етеді. Және періштелер салауат айтады. Әй Мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер»,- деп айтылды. Шуон Алла және періштелердің Алланың елшісіне берген салауаттарын сүйіспеншілікпен қайталап: «Пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат пен сәлем жолдаған адам ештеңе айтпай әлемге және рухқа, әлем мен ақыл-ойға сәлем жолдағаны. Жолдаған сәлем мен салауаты оны шын жүректен айтқан адамға он есе болып қайтады»,- деп жазды.