Теһранның үлкен базары
Бүгін Мұхаммедпен бірге Теһранның үлкен базарының кілем сататын бөліміне барамыз.
Теһранның үлкен базары көне және бұрынғы заманнан бері Теһранның ең маңызды дәстүрлі базары болып табылады. Бұл базар арнайы бөліктерге бөлінген және әрбір бөлікте тауардың бір түрі ғана сатылады. Теһран базарының бір бөлігінде тек кілемдер сатылады. Кілем базарында ирандық кілем тоқушы өнерпаздардың туындылары сатып алушылардың назарын өзіне аударады. Мұхаммед базарды аралап, кілемдерді тамашалайды. Кішкене кілемшелер сурет сияқты болып көрінеді, Мұхаммед таң қалады. Ол көргенінің сурет емес, кілем екендігіне сенімді болу үшін бір дүкенге кіреді. Кілем сатушысы Мұхаммедтің қасына келіп, әңгімелеседі. Әдеттегідей, алдымен, жаңа сөздерді үйреніп, кейіннен сатушы мен Мұхаммедтің әңгімесіне қайта ораламыз.
Сәлеметсіз бе? | Салам | سلام |
Тыңдап тұрмын | Бефәрмайид | بفرماييد |
Қош келдіңіз! | Хуш амадид | خوش آمديد |
Кілем | Фәрш | فرش |
Кілемдер | Фәршһа | فرشها |
Баға | Ғеймәт | قيمت |
Бағасы қанша? | Ғеймәт-е ... чәнд әст? | قيمت ... چند است ؟ |
Қайсысы? | Кодам? | کدام |
Қызыл | Ғермез | قرمز |
Кішкене | Кучек | کوچک |
Сурет | Нәққаши | نقاشي |
Сияқты | Месл-е | مثل |
Кілем | Таблуй-е фәрш | تابلو فرش |
Бағасы | Ғеймәтәш | قيمتش |
Екі миллион | Ду милиун | دو ميليون |
Тұман | Туман | تومان |
Жібек | Әбришәм | ابريشم |
Шебер | Һонәрмәнд | هنرمند |
Шеберлер | Һонәрмәндан | هنرمندان |
Табриз | Тәбриз | تبريز |
Кашан | Кашан | کاشان |
Олар тоқыды (өткен шақ) | Анһа бафтәнд | آنها بافتند |
Олар тоқиды (осы шақ) | Анһа мибофәнд | آنها مي بافند |
Қымбат | Геран | گران |
Әдемі | Зиба | زيبا |
Бірегей туынды | Шаһкар | شاهکار |
Расында | Вақеән | واقعا" |
Арзан | Әрзан | ارزان |
Жүріңіз | Биаиид | بياييد |
Менімен бірге | Ба мән | با من |
Бір миллион | Йек милиун | يک ميليون |
Мұражай | Музе | موزه |
Сурет галлереясы | Музей-е нәққаши | موزه ي نقاشي |
Қазір Мұхаммед пен сатушының әңгімесіне қайтып оралайық.
Мұхаммед: Сәлеметсіз бе аға? | Мухаммад: Салам аға! | محمد - سلام آقا . |
Сатушы: Сәлеметсіз бе? Тыңдап тұрмын. Қош келдіңіз. | Форушанде: Салам. Бефәрмайид. Хуш амадид. | سلام . بفرماييد . خوش آمديد . |
Мұхаммед: Ана кішкене кілемшенің бағасы қанша? | Мухаммад: Ғеймәт-е ан фәрш-е кучек чәнд әст? | محمد - قيمت آن فرش کوچک چند است ؟ |
Сатушы: Қайсысы? Ана кішкене қызыл кілемше ме? | Форушанде: Кодам? Ан фәрш-е ғермез-е кучек? | فروشنده - کدام ؟ آن فرش قرمز کوچک ؟ |
Мұхаммед: Жоқ. Мына кілем. Мынау бір сурет сияқты екен. | Мухаммад: Нә. Ин фәрш. Ин месл-е йек таблуй-е нәққаши әст. | محمد - نه . اين فرش . اين كه مثل يک تابلوي نقاشي است . |
Сатушы: Ия. Бұл кілем. Бағасы екі миллион тұман. | Форушәнде: Бәле. Ан йек таблу фәрш әст. Ғеймәтәш до милиун туман әст. | فروشنده - بله . آن يک تابلو فرش است . قيمتش 2 ميليون تومان است . |
Мұхаммед: Екі миллион тұман? | Мухаммад: До милиун туман? | محمد - دو ميليون تومان ؟ |
Сатушы: Ия. Жібек кілем. Оны табриздік шеберлер тоқыды. | Форушәнде: Бәле. Ан фәрш-е әбришәм әст. Һонәрмәндан-е Тәбризи ан ра бофтәнд. | فروشنده - بله . آن فرش ابريشم است . هنرمندان تبريزي آن را بافتند . |
Мұхаммед: Өте қымбат екен, бірақ расында да әдемі. Бір бірегей туынды екен. | Мухаммад: Хейли геран әст. Әмма вақеән зиба әст. Йек шаһкар әст. | محمد - خيلي گران است . اما واقعا" زيبا است . يک شاهکار است . |
Сатушы: Әрине бізде арзан кілемдер де бар. Менімен бірге жүріңіз. | Форушәнде: Әлбәтте ма фәршһай-е әрзан һәм дарим. Ба мән биаийд. | فروشنده - البته ما فرشهاي ارزان هم داريم . با من بياييد . |
Мұхаммед: Мына кілемдер де өте әдемі екен. | Мухаммад: Ин фәршһа һәм бесиар зиба әст. | محمد - اين فرش ها هم بسيار زيبا است . |
Сатушы: Бұл кілемнің бағасы бір миллион. Бұл да жібектен тоқылған. | Форушәнде: Ин фәрш йек миллиун әст. Ин һәм әбришәм әст. | فروشنده - اين فرش يک ميليون تومان است . اين هم ابريشم است |
Мұхаммед: Бұл да Табриз кілемі ме? | Мухаммад: Ин һәм фәрш-е Тәбриз әст? | محمد - اين هم فرش تبريز است ؟ |
Сатушы: Жоқ. Бұл Кашан кілемі. Кашан кілемі Табриз кілемі сияқты жақсы әрі әдемі. | Форушәнде: Нә. Ин фәрш-е Кашан әст. Фәрш-е Кашан месл-е фәрш-е Тәбриз хуб вә зиба әст. | فروشنده - نه . اين فرش کاشان است . فرش کاشان ، مثل فرش تبريز خوب و زيبا است . |
Мұхаммед: Сіздердің дүкендеріңіз сурет галереясы сияқты екен. | Мухаммад: Форушгаһ-е шомо месл-е музей-е нәққаши әст. | محمد - فروشگاه شما مثل موزه ي نقاشي است . |
Сатушы: Иран шеберлері әдемі кілемдер тоқиды. | Форушәнде: Һонәрмәндан-е ирани фәршһай-е зибайи мибофәнд. | فروشنده - هنرمندان ايراني فرشهاي زيبايي مي بافند . |
Мұхаммед кілемдерге мұқият қарап, ұстап көреді. Кілемдер барқыттай жұмсақ. Дүкенге тағы бір сатып алушы келеді де, сатушы сол сатып алушы жаққа барады. Мұхаммед қаттап жиналынған кілемдерді бір-бірлеп алып көреді. Бұл дүкенде кішкене кілемшелерден бастап, өлшемі үлкен кілемдерге дейін кілемдердің түр-түрі бар. Мұхаммед кішкене күткеннен кейін сатушы оның жанына келеді. Егер сатушы мен Мұхаммедтің әңгімесінің жалғасын тыңдағыларыңыз келсе, бағдарламамыздың келесі бөлімін жіберіп алмаңыздар. Аман-сау болыңыздар!