Сәу 17, 2016 13:47 Asia/Almaty

Бұл бағдарламада да бізбен бірге боласыздар деп үміттенеміз.

Мұхаммед пен досы Хамид екеуі базардан қайтып келе жатыр. Қыс мезгілі аяғына жетіп, суық та қайтып қалған. Көшенің келбеті өзгерген сияқты. Адамдардың көпшілігі үйлерін жинастыруда. Ирандықтардың салт-дәстүрі бойынша, Наурыз мейрамының алдында адамдар үйлерін тазалап, қағады. Кілемдер мен перделерін жуады. Олар ас бөлмелерінің тазалығына қатты көңіл бөледі. Әр адам өз шамасына қарай тырысып жатыр. Мұхаммед жұрттың әбігерге түсіп жатқанын түсінді. Бірақ оның себебіне жете алмады. Ол Хамидтен осы жөнінде сұрады. Екеуінің әңгімесін тыңдамас бұрын жаңа сөздерге назар аударайық.

 

 

 

Ер адамдар Ағайун  آقايون
Аға, мырза, ер адам Аға آقا
Көше Хиабун خيابون
Көшелер Хиабунһо خيابونها
Көбірек Биштәр بيشتر
Тазалайды (олар) Тәмиз миконан تميز مي کنن
Бұл күндері Ин рузһа اين روزها
Барлығы Һәме همه
Халық, адамдар Мәрдом مردم
Барлық адамдар Һәмей-е мәрдом همه ي مردم
Кілем Фәрш فرش
Олар жуады Уно мишуйәнд اونا مي شويند
Себебі Чун چون
Апта Һәфте هفته
Кейін Бәд بعد
Үш аптадан кейін Се һәфте бәд سه هفته بعد
Жаңа жыл Сал-е джәдид سال جديد
Алғаш басталады Әввәл шору мише اول شروع مي شه
Өздері Худешун خودشون
Олар дайындалады Уно амаде миконан  اونا آماده مي کنن
Қалай? Че тоур? چه طور ؟
Ирандықтар Ираниһа ايرانيها
Барлық жерде Һәмеджо همه جا
Наурыз Ноуруз نوروز
Дейін Ғәбл әз قبل از
Қай күндері? Че рузие? چه روزيه ؟
Алғашқы күні Әввәлин руз اولين روز
Күндер Рузһа روزها
Жыл Саль سال
Біз айтамыз Мо мигим ما مي گيم
Мейрам Джәшн جشن
Ұлттық Мелли ملي
Киім Лебас لباس
Жаңа Ноу نو
Жаңа киім Лебас-е ноу لباس نو
Олар сатып алады Уна михаран اونا مي خرن
Олар пісіреді Уна мипәзән اونا مي پزن
Тәттілер Ширини شيريني
Дұрыс Доросте درسته
Базар Базар بازار
Өте, тым, аса Хейли خيلي
Шулы Шолуғ شلوغ
Де (шылау) Һәм هم
Қонақ Меһмуни مهموني
Олар барады Уна мирән اونا مي رن
Үй Хуне خونه
Ата Педарбозорг پدر بزرگ
Әже Модәрбозорг مادر بزرگ
Әке Педәр پدر
Ана Модәр مادر
Туыс Фамиль فاميل
Туыстар Фамилһа  فاميلها
Дос Дуст دوست
Достар Дустан دوستان

 

 

Қазір әңгімеге назар аударайық:

 

 

Мұхаммед: Осы күндері ер адамдар көшелерді көбірек тазалап жатқан сияқты. Адамдар неге кілемдерін жуып жатыр? Мухаммад: Бе нәзәрәм ин рузһа ағайун хиабунһа ру биштәр тәмиз миконан. Чера мәрдам фәрш мишурәнд? محمد - به نظرم اين روزها آقايون خيابونها رو بيشتر تميز مي کنن . چرا مردم فرش مي شويند؟
Хамид: Себебі үш аптадан кейін жаңа жыл басталады. Адамдар соған дайындалып жатыр. Хамид: Чун се һәфтей-е бәд, сал-е джәдид шору мише, мәрдом худешун ру амаде миконан. حميد - چون سه هفته ي بعد ، سال جديد شروع مي شه ، مردم خودشون رو آماده مي کنن .
Мұхаммед: Адамдар қалай дайындалады? Мухаммад: Че тоур мәрдам худешун ру амаде миконан? محمد - چه طور مردم خودشون رو آماده مي کنن ؟
Хамид: Ирандықтар Наурыздың алдында үйлерін және көшелерді тазалайды. Олар барлық жерді жуады. Хамид: Ираниһа хунеһа вә хиабунһа ру ғәбл әз ноуруз тәмиз миконан. Уна һәмеджа ру мишуйанд. حميد - ايرانيها خونه ها و خيابونها رو قبل از نوروز تميز مي کنن . اونا همه جا رو مي شويند .
Мұхаммед: Иранда наурыз қай күндері тойланады? Мухаммад: Ноуруз дәр Иран че рузие? محمد - نوروز در ايران چه روزيه ؟
Хамид: Біз жылдың алғашқы күндерін Наурыз деп атаймыз.  Наурыз – Ирандықтардың ұлттық мейрамы. Хамид: Ма бе әввәлин рузһай-е саль ноуруз мигим. Ноуруз йек джәшн-е мелли-е ираниһа әст. حميد - ما به اولين روزهاي سال نوروز مي گيم . نوروز يک جشن ملي ايرانيها است .
Мұхаммед: Ирандықтар Наурыз кезінде тағы не істейді? Мухаммад: Ираниһа бәрой-е ноуруз че кор миконан? محمد - ايرانيها براي نوروز ديگه چه کار مي کنن ؟
Хамид: Олар жаңа киім-кешек сатып алады.Тәтті-дәмділер пісіреді немесе оларды сатып алады. Хамид: Уна лебас-е ноу михәран, ширини мипәзән иа ун ру михәрән. حميد - اونا لباس نو مي خرن ، شيريني مي پزن يا اون رو مي خرن .
Мұхаммед: Дұрыс. Базар да осы апта өте шулы. Мухаммад: Доросте. Базар һәм ин һәфте хейли шолуғе. محمد - درسته . بازار هم اين هفته خيلي شلوغه .
Хамид: Ирандықтар Наурыз мейрамында бір-біріне қонаққа барады. Ата мен әжелерінің, әкелері мен аналарының, туысқандарының және достарының үйлеріне барады. Хамид: Ираниһа дәр ейд-е Ноуруз бе меһмуни мирән. Бе хуней-е педәрбозорг вә модәрбозорг, педәр вә модәр, фамильһа вә дустан. حميد - ايرانيها در عيد نوروز به مهموني مي رن . به خونه ي پدر بزرگ و مادر بزرگ ، پدر و مادر ، فاميلها و دوستان .

 

 

Осылайша, өздеріңіз көріп отырғаныңыздай, ирандықтар Наурыздың алдында барлық жерді тазалап дайындалады, ал Наурыз мейрамы келіп жеткен кезде, бір-бірінің үйлеріне қонаққа барып, бір-бірлерін құттықтайды және алдағы жылдың жақсы өтуін тілейді. Наурыз мейрамы кезіндегі қонаққа бару және үлкендердің жастарға беретін айттықтары өте қызықты және есте қаларлықтай өтеді. Наурыз мейрамы – достық және татулық мейрамы. Келесі бағдарламаға дейін сау болыңыздар!