Тіс дәрігерінің қабылдауында
«Парсы тілінің әліппесі» бағдарламасында бізбен бірге болғандарыңызға қуаныштымыз!
Бүгін тіс ауруы жайлы әңгіме қозғаймыз. Бірнеше күн бойы Мұхаммедтің тісі ауырып жүрген, бірақ бүгін ауруы тіпті асқынып кетті. Саид атты досы бір тіс дәрігерінің мекен-жайын беріп, әдетте ол жерде адам көп болатынын ескертті. Мұхаммед тіс ауруына шыдай алмай, жаңағы мекен-жай бойынша тіс дәрігеріне келіп, хатшы ханыммен сөйлеседі. Қаласаңыздар бізбен бірге болыңыздар. Жаңа сөздерге назар аударайық.
Уақыт | Вәқт | وقت |
Дәрігер | Доктор | دکتر |
Мен қалаймын | Мән михом | من مي خوام |
Қазір | Әлан | الان |
Өкінішке орай | Мотасаффоне | متاسفانه |
Оның уақыты жоқ | Ун вәқт надаре | اون وقت نداره |
Түстен кейін | Бәд әз зоһр | بعد از ظهر |
Қалай? | Четор? | چه طور ؟ |
Ертең | Фәрда | فردا |
Сағат | Саат | ساعت |
Он | Дәһ | ده |
Таңертең | Собһ | صبح |
Қалай? | Четоре? | چه طوره ؟ |
Тіс | Дәндун | دندون |
Ауру | Дәрд | درد |
Қатты | Шәдид | شديد |
Менде бар | Мән дарәм | من دارم |
Жақсы | Хуб | خوب |
Күте тұрыңыз | Монтазер бемунид | منتظر بمونيد |
Жарты сағат | Ним саат | نيم ساعت |
Кейін | Бәд | بعد |
Ол кісі | Ишун | ايشون |
Әлі | Һәнуз | هنوز |
Ол келмеді | Ун нәйумаде | اون نيومده |
Жарайды | Баше | باشه |
Мен күтемін | Мән монтазер мимунәм | من منتظر مي مونم |
Егер | Әге | اگه |
Егер болса | Әге баше | اگه باشه |
Ол келмеді | Ун нәйумад | اون نيومد |
Оның орнына | Бе джойе (у) | به جاي ( او ) |
Сол кісі тексереді | Ун мәайене микане | اون معاينه مي کنه |
Не болды? Тісім ауырып тұр | Чи шоде? Дәндунам дәрд миконе | چي شده ؟ دندونم درد مي کنه |
Жақ | Сәмт | سمت |
Оң | Раст | راست |
Қатар | Рәдиф | رديف |
Жоғары | Бала | بالا |
Толтырамын | Мән пор миконам | من پر مي کنم |
Екі рет | Ду бор | دو بار |
Апта | Һәфте | هفته |
Беремін | Мән мидәм | من مي دم |
Сейсенбі | Сешәнбе | سه شنبه |
Бейсенбі | Пәнджшәнбе | 5 شنبه |
Өтінемін | Лотфән | لطفاً |
Түстен кейін | Бәд әз зоһр | بعد از ظهر |
Ауыз | Дәһон | دهان |
Аузыңыз | Дәһонетун | دهانتون |
Ашыңыз | Боз конид | باز کنيد |
Қазір Мұхаммед пен хатшы ханымның арасындағы әңгімеге назар аударайық.
Мұхаммед: Салеметсіз бе ханым? Маған дәрігер керек. | Мухаммад: Салам ханум! Мән йек вәқт доктор михом | محمد - سلام خانم . من يک وقت دکتر مي خوام |
Хатшы: Сәлеметсіз бе? Өкінішке орай, қазір дәрігердің уақыты жоқ. | Ханум-е монши: Салам! Әлан мутсеффане доктор вәқт надоре. | خانم منشي - سلام . الان متاسفانه دکتر وقت نداره . |
Мұхаммед: Түстен кейін ше? Дәрігердің түстен кейін уақыты бола ма? | Мухаммад: Бәд әз зоһр четоре? Доктор бәд әз зоһр вәқт доре? | محمد - بعد از ظهر چه طور ؟ دکتر بعد از ظهر وقت داره ؟ |
Хатшы: Жоқ, өкінішке орай. Дәрігердің түстен кейін де уақыты жоқ. Ертең таңертеңгі сағат он қалай? | Ханум-е монши: Нә, мутасеффане. Доктор бәд әз зоһр һәм вәқт надоре. Фәрда саат-е дәһ-е собһ четоре? | خانم منشي - نه متأسفانه - دکتر بعد از ظهر هم وقت نداره . فردا ساعت ده صبح چه طوره ؟ |
Мұхаммед: Ертең? Бірақ бүгін тісім қатты ауырып тұр. | Мухаммад: Фәрда? Әмма мән эмруз дәндун дәрд-е шәдид дарәм. | محمد - فردا ؟ اما من امروز دندون درد شديد دارم . |
Хатшы: Жарайды, күте тұрыңыз. Жарты сағаттан кейін Мұхаммади дәрігердің кезегі, бірақ ол кісі әлі келмеді. | Ханум-е монши: Хуб, монтазер бемунид. Ним саат-е бәд ноубәте ағай-е Мухаммади, әмма ишун һәнуз нәйумаде. | خانم منشي - خوب منتظر بمونيد . نيم ساعت بعد نوبت آقاي محمدي، اما ايشون هنوز نيومده |
Мұхаммед: Жарайды, күте тұрамын. | Мухаммад: Баше. Мунтазер мимунәм. | محمد - باشه . منتظر مي مونم . |
Хатшы: Егер Мұхаммади мырза келмесе, дәрігер сізді оның орнына қарайды. | Ханум-е монши: Әге ағай-е Мухаммади нәйумад, доктор шомо ру бе джой-е ишун мәайене миконе. | خانم منشي - اگه آقاي محمدي نيومد ، دکتر شما رو به جاي ايشون معاينه مي کنه . |
Мұхаммед: Өте жақсы. | Мухаммад: хейли хубе. | محمد - خيلي خوبه . |
Жарты сағат өтті. Бірақ Мұхаммади мырза келмеді. Мұхаммед дәрігердің кабинетіне кіріп, хал-жағдай сұрасты. Дәрігер Мұхаммедті тіс емдейтін орындыққа отырғызды. Екеуінің әңгімесіне назар аударайық.
Мұхаммед аузын ашады да, дәрігер тісін емдеуге кіріседі. Жарты сағаттан кейін дәрігер жұмысын аяқтайды. Мұхаммед сейсенбіге дейін дәрігер және хатшы ханыммен қоштасады. Біз де сіздермен қош айтысамыз. Алла жар болсын!
Дәрігер: Не болды? | Доктор: Чи шоде? | دکتر - چي شده ؟ |
Мұхаммед: Дәрігер мырза, тісім қатты ауырып тұр. Үстіндегі оң жақтағы тіс. | Мухаммад: Ағай-е доктор, дәндунам хейли дәрд миконе. Сәмт-е раст рәдиф-е бала. | محمد - آقاي دکتر ، دندونم خيلي درد مي کنه . سمت راست رديف بالا . |
Дәрігер: Ия.Тісіңді толтыру керек. Осы аптада екі рет келесің. Сейсенбі және бейсенбіде. | Доктор: Бәле. Дәндунәт ру бойәд пор конам. Ду бор дәр ин һәфте бе шомо ноубәт мидәм. Сешәнбе вә пәнджшәнбе. | دکتر - بله . دندونت رو بايد پر کنم . دو بار در اين هفته به شما نوبت مي دم . سه شنبه و پنجشنبه . |
Мұхаммед: Егер түстен кейін болса, жақсы болар еді. | Мухаммад: Әге бәд әз зоһр баше, беһтәре. | محمد - اگه بعد از ظهر باشه ، بهتره . |
Дәрігер: Жарайды, сейсенбі және бейсенбі күндері түстен кейін. Аузыңызды ашуыңызды өтінемін. | Доктор: Хуб, сешәнбе вә пәнджшәнбе бәд әз зоһр. Лотфән дәһанетун ру боз конид. | دکتر - خوب ، سه شنبه و پنج شنبه بعد از ظهر . لطفاً دهانتون رو باز کنيد . |