Нау 16, 2021 03:54 Asia/Almaty
  • Құрандағы имам Мәһдидің (ғ.с.) бейнесі (2)

Шағбан айы. Бұл айдың ортасында хазірет Мәһдидің (ғ.с.) туған күні. Осыған орай бұл айды Құран мен рауаяттардағы хазірет Мәһдидің (ғ.с.) бейнесін көрсетуге қолайлы мұрсат деп тауып, Құран Кәрімнің 30 аятын ұсынамыз.

 

«Әл-Имран» сүресінің 83-ші аяты

Алла Тағала «Әл-Имран» сүресінің 83-ші аятында: «Кәпірлер Алланың дінінен басқа дін іздей ме? Көктердегі және жердегі барлық жан иесі ерікті, еріксіз Аллаға бой ұсынады. Сондай-ақ олар, ол жаққа қайтарылады»,- деді.

 

Алланың діні илаһи заңдарға бағынудан басқа ешнәрсе емес. Әрине, Алланың әміріне бағыну кейде ерікті, ал кейде міндетті болып табылады. Шындығында, Құдайдың әлемде екі түрлі бұйрығы бар. Илаһи заңдардың бірқатары  бүкіл ғаламды басқаратын табиғи және табиғаттан тыс заңдар, оларды ешкім бұза алмайды. Олардың әрқайсысына бағынбау нақты жойылуға әкеледі. Осылайша теңіздер мен мұхиттардың бетіндегі күн сәулелері, теңізден көтерілген су буы, біріктірілген бұлттар, аспаннан жауған жаңбыр тамшылары және жаңбырдың арқасында өсетін ағаштар мен күннің нұрынан жайқалған гүлдер бәрі Алланың әміріне бағынады. Алланың заңының тағы бір түрі – діни, яғни пайғамбарлардың ілімдерінде болған заңдар. Оларға бағыну міндетті емес. Тек иман келтірген адамдар, бұл заңдарға бағынып, оларды орындайды. Бұл адамдарды мұсылмандар деп атайды. Әрине, бұл заңдарға бағынбаудың нәтижесі де артта қалуға немесе жойылуға әкеледі.

Рауаяттарға сәйкес, уәде етілген хазірет Мәһдидің (ғ.с.) келуімен ешкімнің илаһи заңдарға бағынбауға құқығы болмайды. Имам Садық (ғ.с.): «Хазірет Мәһди (ғ.с.) келген кезде адамдар арасында әділеттілік орнатады,   зұлымдық жойылады және жолдар қауіпсіз болады. Хазіреттің  уақытында жер өз батасын беріп, имам Мәһди (ғ.с.) серіктеріне   құқыларын қайтарады. Хазірет Мәһди (ғ.с.) келген кезде   жер бетіндегі барлық адамдар исламды қабылдайды және «Кәпірлер Алланың дінінен басқа дін іздей ме? Көктердегі және жердегі барлық жан иесі ерікті, еріксіз Аллаға бой ұсынады. Сондай-ақ олар, ол жаққа қайтарылады» деген аят іске асырылады»,- деген.