Құрандағы имам Мәһдидің (ғ.с.) бейнесі (4)
Құран Кәрім: «Ниса» сүресінің 69-шы аяты
«Ниса» сүресінің 69-шы аятында Алла Тағала: «Ал және кім Аллаға, пайғамбарға бой ұсынса, міне солар; Алла Тағала нығметке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар, шәһиттер және игілермен бірге болады. Олар нендей жақсы жолдас!»- деді.
Бұл аятта Алла мен пайғамбардың бұйрықтарына бағынатындарға деген құрмет туралы айтылды. Жаратушы өз нығметтерін берген адамдармен бірге отырудан жоғары қандай абырой мен мәртебе бар? Осы аятқа сәйкес төрт топ Алланың нығметтерін толық алады. бірінші топ – пайғамбарлар. Олар Алланың ерекше елшілер және олардың халықты басқаруының алғашқы қадамы – тура жолға шақыру. Екінші топ – шыншылдар. Олар өздерінің шын сөздерін дұрыс амалдарымен дәлелдейді. Шәһидтер – үшінші топ. Олар қиямет күні адамдардың амалдарының куәсі болатындар. Олар Алланың жолында өлгенлер. Төртінші топ – игі жасаушылар. Олар жақсы жұмыстары мен пайғамбарларды үлгі тұтып, жоғары мәртебеге ие болды. кейбір рауаяттарда игілер пәк имамдардың (ғ.с.) серіктері ретінде тәпсірленді.
Пайғамбардың (с.ғ.с.) сахабаларының бірі Хозайфе бен Иман былай деді: «Ниса» сүресінің 69-шы аяты түскен кезде, Пайғамбардың (с.ғ.с.) қасына бардым. Хазірет аятты оқыды. Мен: «Уа, Алла елшісі, мен Алланың оларға мейірімді екенін көріп тұрған пайғамбарлар, шыншылдар, шәһиттер және игілер кімдер?»- деп сұрадым. Хазірет: «Уа, Хозайфе! Мен Алла нығметін сый еткен пайғамбарлардың бірімін. Мен пайғамбарлық міндетті орындау тұрғысынан олардың біріншісімін және Алла елшілерінің соңғысымын. Әли бен Абиталеб шыншылдардан. Өйткені Алла мені пайғамбар қылып сайлаған кезде, ол маған ерген бірінші адам болды. Хазірет Хамзе мен хазірет Джафар – шәһидтер, имам Хұсейн (ғ.с.) мен имам Хасан (ғ.с.) – тақуалар және жәннәттағы жастардың көшбасшылары, сондай-ақ хазірет Мәһдидің (ғ.с.) серіктерінен.