Құрандағы имам Мәһдидің (ғ.с.) бейнесі (5)
«Исра» сүресінің 81-ші аяты: وَ قُلْ جاءَ الْحَقُّ وَ زَهَقَ الْباطِلُ إِنَّ الْباطِلَ کانَ زَهُوقاً
Алла Тағала «Исра» сүресінің 81-ші аятында былай деді: «Ақиқат келді. Негізсіз нәрселер жойылды. Сөзсіз, бекер нәрселер жойылады» де».
Бұл қасиетті аятта шындық пен жалғандық және жалған, бекер нәрселердің жойылатыны туралы айтылды. Олар бір уақыт ойы өздерін көрсеткендерімен, мәңгі қалмайды, соңында шындық пен оның жақтастары жеңіске жетеді.
Имам Бақер (ғ.с.) бұл аят туралы: «Имам Мәһди (ғ.с.) келген кезде, жалған билік жойылады»,- деді. Әрине, бұл аяттың мысалы тек имам Мәһдидің (ғ.с.) келуі ғана емес. Меккені жеңген күні Алла елшісі (с.ғ.с.) әл-Харам мешітіне еніп, Қағбаның айналасында тұрған арабтардың көптеген пұттарын бірінен соң бірін өз таяғымен құлатып: «Ақиқат келді. Негізсіз нәрселер жойылды. Сөзсіз, бекер нәрселер жойылады»,- деді. Имам Мәһдидің (ғ.с.) дұғалардың бірінде хазірет алланың алдында: «Уа, Алла! Мені дұшпандардың көз алдынан алып, достарыңның қатарына қоса гөр. Уа, Алла! Менің келуімді жақындатып, құтқарылуға апаратын жолды жеңілдетіңіз, маған көмектесетін күш беріңіз. Маған айқын жеңісті ашып, мені кекшілдер мен пайғамбарыңның әулеті жауларының көздерінен жасыр, олардың ешқайсысының зұлымдығы маған жетпесін. Егер жасырын кезеңімді аяқтауға рұқсат етсең, раста ... және шекараңды бұзғандардың алдында маған көмектес. Сондай-ақ шындыққа көмектесіп, жалғандықты жой. Негізінде жалғандық жойылады»,- деді.