Нау 25, 2021 20:00 Asia/Almaty
  • Құрандағы имам Мәһдидің (ғ.с.) бейнесі (11)

«Шамс» сүресінің 1-4-ші аяттары: والشَّمْسِ وَضُحاها / والْقَمَرِ إِذا تَلاها / والنَّهارِ إِذا جَلاَّها / واللَّیلِ إِذا یغْشاها

Алла Тағала «Шамс» сүресінің 1-4-ші аяттарында: «Күнге және оның жарығына,  Ай, күнге ерген сәтте, Жарқыраған сәтте күндізге, Күндізді жапқан кезде түнге»,- деді.

 

«Шамс» сүресінің басында айтылған дәйекті және маңызды анттар маңызды мәселенің бар екендігін айқын көрсетеді. Аспан, жер, күн және айдың ұлылығын білдіреді. Ант маңызды тақырыптар туралы айтылады. Осы себептен Құран анттары адамды жаратылған әлемнің   маңызды мәселелері туралы ойландырып, үлкен түсінік пен жоғары білімге ұмтылдыра алады. Бұл сүре адам өмірі және жер бетіндегі барлық тіршілік иелері үшін ең маңызды және сындарлы рөлге ие Күннің атымен ант етуден басталады. Содан соң күннен кейін шығыс көкжиектен көтеріліп, жарқын жүзін ашатын Айға ант етеді.   Сондай-ақ жер бетін нұрға бөлеп, адам өміріне және барлық тіршілік иелеріне үлкен әсер ететін тәуліктің күндізгі уақытымен ант етеді, өйткені күн – қозғалыс, өмір және тіршілктің белгісі, ал өмірдің барлық күш-жігері  мен талпыныстары, әдетте, күндізгі жарықта өтеді. Келесі сәтте жер бетіне түсетін түнмен ант етеді.

Рауаяттардың бірінде былай деп айтылды: бір адам имам Садықтан (ғ.с.) «Шамс» сүресінің «Күнге және оның жарығына» ант етемін деген сүресі туралы сұрайды. Имам Садық (ғ.с.): «Күн - халық үшін дінің анықтаған Алла елшісі»,- деп жауап берді. Күнге ерген Аймен ант ету туралы екінші аяты туралы сұраған кезде сәтте: «Ол Алла елшісінің артынан ерген хазірет Әли (ғ.с.)»,- деді.  Қаранғылықты кетіріп, әлемге жарық тарататын күндізбен ант ететін үшінші аяты туралы: «Ол қаранғылық пен зұлымдықты шеттететін Алла елшісінің ұрпағы хазірет Фатиманың (ғ.с.) перзенті, хазірет Мәһди (ғ.с.)»,- деді. Әлемді қаранғылыққа бөлейтін түнмен ант ету туралы төртінші аят жөнінде: «Бұлар - озбырлықтарымен билікті өз қолына алған үстемшіл басшылар»,- деп жауап берді.