Нау 31, 2021 13:59 Asia/Almaty
  • Құрандағы имам Мәһдидің (ғ.с.) бейнесі (17)

«Лұқман» сүресінің 20-шы аяты: أَ لَمْ تَرَوْا أَنَّ اللهَ سَخَّرَ لَکُمْ ما فِی السَّماواتِ وَ ما فِی الْأَرْضِ وَ أَسْبَغَ عَلَیْکُمْ نِعَمَهُ ظاهِرَةً وَ باطِنَةً ...

 

«Лұқман» сүресінің 20-шы аятында Алла Тағала: «Көрдіңдер ме? Рас Алла Тағала сендерге көктердегі, жердегі нәрселерді бой ұсындырды. Және сендерге көрнеу, жасырын нығметтерін толықтасырды...»,- деді.

 

Илаһи нығметтер мол және баршаға қол жетімді болумен қатар, сыртқы және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Денсаулық, ырыс-береке, сұлулық және сол сияқтылар сыртқы нығметтер және иман, білім, сенімділік, жақсы мінез, білім, табиғат, қамқоршылық және т.б. ішкі нығметтер. «Лұқман» сүресінің 20-шы аяты нығметтердің осы екі түріне қатысты.

Мұхаммад бен Зияд Азди былай деді: «Имам Мұса Каземнен (ғ.с.) «Лұқман» сүресіндегі сыртқы және ішкі нығметтер туралы сұрадым»,- деді. Имам: «Сыртқы нығмет - көрінетін имам, ал ішкі нығмет - ғайып имам»,- деп жауап берді. «Пәк имамдардың (ғ.с.) арасында ғайып болатын имам бар ма?»- деген сұрақ қойдым. Хазірет: «Иә, ол адамдардан жасырын болады. Бірақ ол мүміндер жүрегінен ұмытылмайды. Ол біздің имамдарымыздың он екіншісі. Алла оған барлық қиын нәрсені жеңіл етіп, жердегі қазыналарды ашып, оған көрінбегеннің бәрін әшкерелейді»,- деді».

Сондай-ақ, Джабер бен Абдолла Ансари: «Бір адам имам Бақерден (ғ.с.)  «Лұқман» сүресінің 20-шы аятының  «сендерге көрнеу, жасырын нығметтерін толықтасырды» дегенбөлігінің мағнасы туралы сұрады. Имам: «Сыртқы нығметі  - Пайғамбар (с.ғ.с.) және хазіреттің илаһи білімі мен тауһид. Ал ішкі нығметі – Аһле-бейтіміздің велаяты және бірлік пен достық жолдауымыз. Алламен ант етемін,  кейбіреулер  сыртқы және ішкі нығметті, ал басқалар тек оның сыртқы түрін қабылдады. Осыған орай  «Мәида» сүресінің 41-аятында  Алла Тағала: «Әй Пайғамбар! Күпір жолында жарысқандар ауыздарымен: “Сендік” деп, жүректері сенбегендер...»,- деді. Иә, Пайғамбар Аһле бейтінің велаяты мен махаббаты болмаса, гынайым иман жүректен орын таппайды.