Сәу 09, 2021 02:32 Asia/Almaty
  • Құрандағы имам Мәһдидің бейнесі (25)

«Тариқ» сүресі 15-17-ші аяттары: إِنَّهُمْ یَکِیدُونَ کَیْداً / وَ أَکِیدُ کَیْداً / فَمَهِّلِ الْکافِرِینَ أَمْهِلْهُمْ رُوَیْداً

«Тариқ» сүресі 15-17-ші аяттары: «Шын мәнінде кәпірлер үнемі алдайды. Мен де шаралар ойластырудамын.  Ендеше, кәпірлерге мұрсат беріп, өз еркіне аз уақытқа қалдыр».

 

Араб әдебиетінде мейірімді деген сөз әртүрлі жолдармен мақсатқа жетуді білдіреді және жақсылық пен жамандық екеуінде де қолданылады. «Тариқ» сүресінің 15-17 аяттарында Алла Тағала пайғамбарға: «Олармен сабырлы бол, оларға уақыт бер және оларды жоюға асықпа. Дайындығы барларға Исламды қабылдауға уақыт беріңдер», - деп бұйырады. Негізі асығыстық дегеніміз - мүмкіндікті жоғалтудан қорқатын адамның іс-әрекеті, мұның құдыретті Алла Тағала үшін мәні жоқ. Бұл барлық мұсылмандар үшін іс-әрекеттеріне, әсіресе күшті және қауіпті дұшпандармен кездескенде шыдамдылық және мұқият болып, асығыстық пен жоспарланбаған немесе уақтылы емес әрекеттерден аулақ болудың үлгісі. Сонымен қатар, ақиқат дінін насихаттау жолында әрқашан асығыстықтан аулақ болу керек.