Исламның ұлық пайғамбары: шығыстанушылардың көзқарасы бойынша 24
Заманауи ғалым және зерттеуші Лаура Ваччиа Вальери - итальяндық шығыстанушы. Вальери Ислам энциклопедиясының редакторларының бірі болған және ислам туралы «Исламның жылдам дамуы» атты кітап жазған.
Надандық адамдардың жүректері мен ақыл-ойларына таралып, оларды ақиқат пен өмірдің шындығы және жаратылған ғаламнан алшақтатқан уақытта, Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.) көтеріліп, миллиондаған адамдардың өмірінде жаңа рухани революция жасады. Исламның ардақты пайғамбары (с.ғ.с.) «Лә илаха илла Аллаһ» ұранымен адамдарды таза таухидке шақырып, оларға білім, адамгершілік және имандылықты үйренуге кеңес берді. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) Исламға шақыру арқылы бүкіл әлемді құдайшылдық нұрымен толтырды. Қазір бұл діннің пайда болғанынан 14 ғасырдан астам уақыт өткеннен кейін оның жаһандану дауысы Шығыс пен Батыстан естіліп, ең әдемі «Мұхамад» деген есімді өз перзенттеріне сайлауда.
Заманауи ғалым және зерттеуші Лаура Ваччиа Вальери - итальяндық шығыстанушы. Ол - араб әдебиетінің профессоры және Неаполь университетінің ислам өркениеті тарихының профессоры, исламмен қатар араб тілін де зерттеген. Вальери Ислам энциклопедиясының редакторларының бірі болған және ислам туралы «Исламның жылдам дамуы» атты кітап жазған. Ол осы кітабын жазу барысында Мұхаммадтың (с.ғ.с.) жеке басы мен жолдауын зерттеу-ғылыми көзқараспен талдауға тырысты.
Вальери өзінің кітабында Мұхаммадтың (с.ғ.с.) міндеті және оның адамзаттың монотеизміне тигізген әсері туралы айтып, оны ұлы әрі асыл реформатор деп санайды. Ол: «Бұл реформатордың [Мұхаммадтың] іс-әрекеті қаншалықты асыл және құрметті болды. ол бірнеше жыл ішінде пұтқа табынушы және жабайы жамағатты біртұтас монотеистік қоғамға айналдырды. Осы қоғамның адамдарын ақлақ тұрғысынан жоғарғы деңгейіне көтерді. Араб пайғамбары оған Жаратушымен терең байланыс арқылы ашылған дауыспен ырым мен сиқырға табынушыларға және діни қызметшілері бұзылған христиан мен иудаизм дінін ұстанушыларға монотеизмнің ең таза түрін ұсынды. Ол ашық түрде басқа тіршілік иелерінің табынатын пұттарын күпірлік деп атады. Мұхаммад (с.ғ.с) кішіпейілділігімен менменшілдік пен өз-өзіне табынушылыққа қарсты көтерілді. Ол илаһи дінді уағыздаушы ретінде өзінің жеке жауларына да мейірімді және жанашыр болды. Пайғамбардың болмыысында әділеттілік пен мейірімділік қасиеттері араласқан, олар адам ойларымен құрметтеледі»,- деп жазды.
Тарихи құжаттар бойынша, Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) көкесі Хамза Меккенің ұлы тұлғаларының бірі болған. Ол пайғамбарға сеніп, исламды қабылдаған кезде бүкіл құрайыш қауымын қайғы-қасіретке бөледі. Құрайш басшылары исламның одан әрі кеңеюіне алаңдады. Мұндай жағдайда құрайш басшыларының бірі Утбе: «Мен Мұхаммадқа барып, біраз нәрсені ұсынамын, мүмкін ол біреуін қабылдап, осы жаңа діннен бас тартар»,- деді. Ол тайпа көсемдерінің келісімінен кейін орнынан тұрып, мешіттегі Пайғамбарға кетті. Утбе Пайғамбарды мадақтап, оған билік пен байлық ұсынды. Утбе сөзін тоқтатқан кезде, Пайғамбар: «Мыңа аяттарды тыңда, сенің сөздеріне жауап болар. «Мейірімді және Рақымды Алланың атымен бастаймыз. Ха Мим. Аса қамқор, ерекше мейірімді Алла тарапынан түскен. Бұл Кітап, білген ел үшін аяттары ашық-ашық баян етілген арапша Құран. Қуандырушы, қорқытушы. Алайда олардың көбі жалтарады. Сондықтан олар құлақ салмайды». («Фуссиләт» сүресі, 1-4-ші аяттары). Пайғамбар (с.ғ.с.) «Фуссиләт» сүресінің тағы бірнеше аятын оқылы. Утбеге Алланың сөз сондай таңғалдырып, ешбір сөз айтпай, Пайғамбардың жүзіне қарады. Ол үнсіз қалды. Құрайш басшылары оған Мұхаммадтың (с.ғ.с.) сөздері әсер етті деп ойлады. Барлық адамдар көзін Утбеге тігіп: «Не болды?»- деді. Утбе: «Алламен ант етемін, Мұхаммадтан (с.ғ.с.) осы күнге дейін ешкімнен естімеген сөзді естідім. Алламен ант етемін, оның сөзі проза емес, өлең емес, сиқыр емес. Мен оған тайпалар арасында уағыз айтуға рұқсат беруді дұрыс деп санаймын. Егер ол жеңіп, мүлік пен билікке ие болса, бұл сендердің абыройың деп саналады және сендер де одан пайда көресіндер. Егер ол осы уақытта жеңіліп қалса, оны басқалар өлтіреді, ал сендер жеңілдейсіндер. Құрайш Утбенің сөздерін келемеждеп, Мұхаммадтың сөздерінің әсеріне түскен деп тапты.
Құранның үндеуі тек араб халқы мен өткен дәуірлермен ғана шектелмеген, бірақ біздің заманымызда, тіпті араб әдебиетінің құпияларын білмейтіндер үшін оның тартымдылығы таңқаларлық. Неаполь университетінің ұстазы ислам туралы зерттеулерінен кейін Құранды Пайғамбардың (с.ғ.с.) ұлы мұғжизасы деп санап, ол өзінің «Исламның жылдам дамуы» деп аталған кітабында: «Исламның қасиетті кітабы - мұғжизаның мысалы. Құран – ұқсас жазуға болмайтын кітап. Құран стилі мысалы араб әдебиетінде бұрын-соңды болмаған стиль. Бұл ғажайып кітап қалайша Мұхаммадтың (с.ғ.с.) туындысы бола алады? Ол өмірінде ешқайсысының поэтикалық ұғымы жоқ екі-үш өлең ғана жазған білімсіз араб болса. Вальери ханым: «Бұл кітаптан біз ең ақылды адамдар мен ең ұлы философтар мен ең мықты саясаткерлердің дарыны мен қабілетіне сыймайтын білім қазыналарын көреміз. Міне, осы аспектілердің бәріне байланысты Құран білімсіз адамның қолынан келе алмайды. Әсіресе өзінің бүкіл өмірін діни емес қоғамда өткізген, білім мен дін адамдарының ортасынан өте алыс адамнан.... Бұл адам әрдайым өзінің басқа адамдар сияқты болуын талап ететін адам болды, бұл жағдайда ол Алланың көмегінсіз керемет жасай алмады. Пайғамбарымыздың ең үлкен мұғжизасы – Құран. Құран білімі көктер мен жердегі бүкіл нәрселерден хабардар Алладан бастау алады.
Ислам және Қасиетті Құранның түсініктері мен тақырыптары саласында көптеген зерттеулер жүргізген бұл итальяндық ғалым: «Ислам әлемінде Құран сан рет оқылғанымен, оны қайта оқу оның ізбасарларын шаршатпайды, керісінше, қайталаған сайын күн маңыздылау болады. Құранды оқу немесе тыңдау оқырманның немесе тыңдаушының санасында тағзым мен құрмет сезімін тудырады. Түскенінен ғасырлар өткенімен Құранның мәтіні осы уақытқа дейін өзгеріссіз қалды және Аллаға қалаған уақытта және әлем жалғасқанша жалғасады»,- деді. Вальери ханым Исламмен танысқаннан кейін өз сезімі туралы: «Менің Ислам мен Құранның өмір сыйлаушы және жрқырған ілімдерімен танысуым бойымда жаңа әрі терең түсінік қалыптастырды және менің жаратылған әлем мен болмыс философиясы туралы ойлауымды толығымен өзгертті. Мен христиан ілімдеріне қайшы келетін ислам ілімдері адамды лас және табиғатынан ластанған болмыс емес, асыл және тұлға ретінде танитынын сезіндім. Бұл кітапта өмір салты және осы дүниенің ләззаттарын қалай пайдалану және оны қалай қолдау керектігі қызықты әрі ақылды түрде көрсетілген»,- деді.