Жел 18, 2021 20:29 Asia/Almaty
  • Құраннан үйренейік (5)

"(Уа, Алла) Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз!" ("Фатиха" сүресі, 5-ші аят)

 

«ایّاک نعبد و ایّاک نستعین»

Бұл аятта Алла Тағалаға: «Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз!»- деп айтамыз.

Алдыңғы аяттарда Алла Тағаланың кейбір сипаттарын танып, оның Мейірімді, Рақымды, Аса қамқор,  «Қиямет күнінің иесі екенін» білдік. Сондай-ақ, жаратылыстың ұлылығына, бізге берген сансыз нығметтеріне шүкіршілік етіп: «اَلحَمدُ لِلّهِ رَبِّ الْعالَمین», яғни «Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән»,- деп мадақтадық.

Енді Оның алдына барып, өзіміздің әлсіздігімізді білдіріп: «Біз тек сенің құлыңбыз және тек сенің әміріңе бағынып, басқаларға және олардың әмірлеріне бас имейміз. Біз дүниенің алтыны мен байлығының құлы да, отаршылдық пен державалардың да құлы емеспіз»,- деп жариялайық. Ислам жеке адамның және жамағаттың мектебі және намаз Алла Тағалаға ғибадаттың ең жоғарғы көрінісі болғандықтан, жамағатпен оқылады, сондықтан біз мұсылмандар бір ауыздан, бір сапта тұрып: "Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз!»- дейміз. Яғни, Алла Тағала, мен ғана емес, бәріміз сенің құлымыз, сенен жәрдем тілейміз. Уа, Алла, құлшылығымыз өзіңнің көмегіннің аясында, көмектеспесең өзгенің құлы боламыз.

Бұл аяттан алатын бірінші сабақ: біз ғаламды басқаратын заңдарды қабылдағанымызбен, оларды Алланың парасаттылығының белгісі деп санаймыз, Сондықтан Оның еркіне бағынамыз, сондықтан біз табиғаттың тұтқынында емес, Аллаға мойынсұнамыз және материалдық мәселелерде де бір Өзіннен ғана көмек сұраймыз. Аяттың тағы бір сабағы: біз әр намазда мұқият, шын көңілмен тек Оның құлы екенімізді айтсақ, мақтаншақ, тәкаппар, бүлікші болмаймыз.