Иран: Нишапурдағы көгілдір ақық кеніші (138)
Жел 18, 2021 22:04 Asia/Almaty
Көгілдір ақық кеніші Нишапур қаласының солтүстік-батысынан 45 км жерде Сабзевар тас жолы бойында «Маадан» деп аталатын ауылда орналасқан.
Осы күнге дейін Нишапур даласындағы Бордж тәппе ауданында табылған ең көне көгілдір ақық 6600 жыл бұрынғы заманға тиесілі.
Нишапурдағы көгілдір ақық кенішінің тарихы деректер бойынша 7 мың жылға жетеді. Сондықтан ол әлемдегі ең көне көгілдір ақық кеніші саналады. Бұл кеніш өндіріс көлемі тұрғысынан да әлемдегі ең ірі әрі ең көне белсенді кен орны болып отыр.
Тегтер