Менің өлкем – Гилан (27)
Жел 25, 2021 20:03 Asia/Almaty
Рашт қалалық мұражайы бұрын атақты ақын және журналист, конституциялық кезең мен орман қозғалысы жетекшілерінің бірі Мирза Хұсейн Хан Касмаи Азадихахтың үйі болған. 1970 жылы бұл үй мұражай болу үшін сатып алынған.
Рашт мұражайы екі бөлімнен тұрады: антропология және археология. Антропология бөлімі халық өмірінен қайта қалпына келтірілген көріністерден және Гилан мүсінінен тұрады. Мұражайдың археологиялық бөлімі Гиланның әр жерінен, әсіресе Марлик Рудбар, Талеш, Дилман, т.б. аймақтарынан табылған археологиялық заттар мен жәдігерлерге толы.
Тегтер