Қаң 29, 2022 18:12 Asia/Almaty
  • Иранның мұражайлары (14)

Теһран Пошта және байланыс мұражайы

 

Пошта мұражайы алғаш рет 1932 жылы еуропалық мамандандырылған мұражайлардың үлгісімен Пошта және телеграф министрлігі ғимаратының бір бөлігінде құрылды және 1970 жылға дейін сонда болды. Министрлік ғимараты бұзылғаннан кейін мұражайдың құралдары мен заттары пошта ғимаратының батыс бөлігіне көшіріліп, 1990 жылдың 1 ақпанында ұлттық сәулет үлгісінде салынған ғимаратта пошта және байланыс мұражайы ашылды. Теһран Пошта бөлімшесі ғимаратының сәулетшісі - ресейлік сәулетші Николай Марков. Бұл ғимараттың дизайны өте әдемі, ирандық және еуропалық сәулет өнерінің үйлесімі оның көркін арттырды.

Пошта және коммуникациялар мұражайы екі қабатта және Ирандағы ең көне және әдемі мемлекеттік ғимараттардың бірінде орналасқан. Бұл мұражайда әртүрлі залдар мен бөлімдер бар. Ол Пошта, телеграф және телефон министрлерінің суреттері ілінген салтанатты залда орналасты. Бұл залда бірінші телеграф министрі Али Қолихан Мохбер әл-Дуледен бастап, сол кездегі министрдің суреттерін көруге болады.  Бұл қабаттың келесі бөлігі - өте әдемі және тарихи маркалардан тұратын зал. Бұл залда Иран Қаджар, Пехлеви және Ислам Республикасы сынды үш кезеңіне жататын 1100-ге жуық  ішкі маркаларын көруге болады.

Жібек жолы стенді немесе орталық зал – бұл қабаттың тағы бір бөлігі. Оған ескі байланыс және пошта жүктерін тасымалдаудың барлық түрлері, соның ішінде арбалар, әртүрлі елдерден, үкіметтерден және жеке тұлғалардан келген заттар мен сыйлықтар кіреді. Сондай-ақ, осы бөлімде Қаджарлар дәуіріндегі пошташылардың мүсіндерінің және ескі пошта жәшіктерінің бірнеше үлгілері көрсетілген.

Мұражайдың телекоммуникациялық бөлімінде екінші қабатта орналасқан екі стенд бар. Екі стендте Морзеден бастап телеграф, телекс, факс және сым үлгілеріне дейін әртүрлі байланыс құрылғылары бар. Сондай-ақ бұл залда имам Хомейнидің 1962 жылы Құм қалалық телефон кеңсесіне үй телефонын тіркегеніне қатысты қолжазбасының үлгісі де бар.