Құраннан үйренейік (9)
«Міне осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші».
ذَلِکَ الکِتَبُ لاَ رَیْبَ فِیهِ هُدىً لِّلْمُتَّقِینَ
«Міне осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші». ("Бақара" сүресі, 2-ші аят)
Кітап – кешегі ұрпақтың бүгінгі адамзат баласына қалдырған ең құнды мұрасы. Ол өзінің үнсіз тілімен әлемге биік мағына мен білімді жеткізе білді. Құран көктен кітап түрінде түсірілмесе де, илаһи аяттарды кез келген өзгеріс пен бұрмалаудан сақтау, оны жазушылар жазып, қалың жұртшылық жаттап, жүректеріне қалдыру үшін Исламның ардақты пайғамбары адамдарға түсірілгенді оқып берді. Адам бұл илаһи кітапты мұқият оқып, мазмұнын түсінсе, бұл кітаптың Алладан екеніне сенімді болады. Өйткені ХІV ғасыр бұрын сауат пен білімнің игілігін көрмеген халықтың арасында адам баласының мұндай сөздерді айтуы мүмкін емес. Бақытты іздеген адамның Жаратушы жіберген нұсқаулыққа жүгінуден басқа амалы жоқ. Сондай-ақ, ол болмысының құралдарын дұрыс пайдалана отырып, оның тәні мен рухына қауіп төндіретін қатерлерден аулақ болуы керек. Әрине, Жаратушыны және Оған иман келтіргендер ғана бұл илаһи кітаптан игілікке ие болатыны анық. Ақиқатты іздеп қана қоймай, оны қай жерден тапса да өшіруге тырысатын қыңыр, ырымшыл және Аллаға иман келтірмеген адамдарға Құран сөздерінен еш пайда жоқ.
Қорыта айтқанда, Құран – белгілі бір адамдар тобына арналған кітап емес, адамзатты бақытқа жетелейтін кітап. Сондықтан Құран бізге физика немесе химия немесе математика мәселелерін айтады деп күтпеуіміз керек.