Ақп 22, 2022 16:41 Asia/Almaty
  • Ауғанстанға қарсы 20 жылдық басқыншылықтың салдары (1)

Бұл бағдарламада 11 қыркүйектегі күдікті оқиғаларды және АҚШ-тың 2001 жылдан 2021 жылға дейін Ауғанстанды басып алуының 20 жылдық мақсаттарын қарастырамыз.

 

2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі күдікті оқиға және АҚШ-тың лаңкестікке қарсы саясаты, атап айтқанда,  әл-Қаида мен Талибанды жою ақыры АҚШ-тың Ауғанстанға әскери араласуына жол ашты. АҚШ пен НАТО Ауғанстанды оккупациялаған 20 жыл ішінде (2001 жылдан 2021 жылға дейін) бұл ел қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қол жеткізбес түгіл, соңғы онжылдықтарда оның жағдайы ұлтаралық қақтығыстарға қайта оралуда. Ауғанстанға лаңкестікпен күресіп, әл-Каида мен Талибанды жою ұранымен басып кірген АҚШ,  Дональд Трамптың президенттігінің соңына қарай Талибанмен бейбіт келісімге келіп, іс жүзінде Ауғанстан үкіметін елемеді және өз кезегінде Талибан үшін өзіндік заңдылық тудырды.   

11 қыркүйек оқиғасының көрінісі

 

Америкалықтардың басқыншылық саясаты және Вашингтонның Ауғанстандағы тынышсыздықтарды басқару және бақылаудағы  ойыны бұл елдің ресми үкіметін осал жағдайға тіреді. Ақырында, 2021 жылдың 11 қыркүйегінде Дүниежүзілік сауда орталығының құлауының жылдығында Кабул үкіметі құлады. Осылайша, жиырма жылдан кейін АҚШ-тың Ауғанстандағы ұлттық мемлекет құру   жобасы сәтсіз аяқталды. АҚШ Ауғанстанда өзі мәлімдеген демократияны жүзеге асыра алмады. Соңғы 20 жылдағы АҚШ-тың әскери араласуы халықаралық қылмыстарға, соның ішінде адамзатқа қарсы қылмыстарға әкелді.

АҚШ президенті Джордж Буш 11 қыркүйек оқиғасына алғашқы реакциясында Усама бен Ладен мен әл-Қаиданы АҚШ-тағы лаңкестік әрекеттердің басты кінәлілері деп атады. Америкалықтар бен Ладенді ұстау үшін қажет болса, бүкіл Ауғанстанды басып алатындарын жариялады. Талибанның бен Ладенді экстрадициялау туралы өтінішін қабылдамауынан кейін АҚШ Ауғанстанға қарсы «Терроризмге қарсы соғыс» деп аталатын кең ауқымды әскери шабуылға дайындықты бастады. 11 қыркүйектегі оқиғалардан кейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі екі, атап айтқанда 1368-ші және 1373-ші қарарды шығарды. Бірақ бұл қарарлар Ауғанстанға басып кіруге рұқсат бермеді. № 1373 қарар терроризмді халықаралық проблема ретінде атап, ауған халқына қолдау көрсетуді қуаттады. АҚШ Ауғанстанға басып кіргеннен кейін бірнеше аптадан кейін Ауғанстанда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ISAF күштерін құру туралы  №1368 қарар шықты. Сондықтан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі АҚШ-тың Ауғанстанға әскери жолмен басып кіруіне рұқсат бермеді.

 

11 қыркүйек оқиғасы және әл-Қаида басшысы Бен Ладен

Ауғанстанға басып кірудің заңдылығын қорғай отырып, АҚШ: «БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің соғыс рұқсаты  қажет емес, өйткені Ауғанстанға басып кіру БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес өзін-өзі қорғау құқығына негізделген»,- деп мәлімдеді. БҰҰ Жарғысының 51-бабы Қауіпсіздік Кеңесі соғыс жағдайында бейбітшілік пен қауіпсіздікті қалпына келтіру үшін тиісті шараларды қолданбаған жағдайда мүше мемлекеттерге өздерін  қорғауға рұқсат береді. БҰҰ мүше мемлекеттер сондай-ақ басқа державалардың әскери агрессиясынан тез және негізді түрде қорғануға және Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл шешімдері мен әрекеттерін күтпеуге құқылы. 11 қыркүйектегі шабуылдарға Талибан үкіметі және бірде-бір ауған азаматы қатысқан жоқ,  бұл шабуылдарды АҚШ-мен жылы қарым-қатынаста болған Сауд Арабиясы азаматтары жасаған.

Кеңес Одағы ыдырағанға дейін АҚШ-тың Ауғанстандағы сыртқы саясаты коммунизмнің таралуына алаңдаушылық білдірді. Кеңес Одағының ыдырауымен Американың сыртқы саясатында бір түрлі шатасушылық орын алды. АҚШ бұдан былай ешбір мемлекетті өзіне бәсекелес санамай, Джордж Буш әкесі бірнеше рет айтқан жаңа тәртіп орнатуға ұмтылды. 11 қыркүйектегі күдікті оқиға бұл мақсатқа жетуге жағдай тудырды. Бұл оқиға халықаралық жүйедегі өтпелі кезеңнің соңы болды, өйткені терроризм деп аталатын жаңа жауды тудыру арқылы АҚШ-тың осы өзі жасаған жауды пайдалануы  халықаралық жүйеге араласуына жол ашты. Алайда 11 қыркүйек АҚШ үкіметінің ел ішінде де, шетелде де беделіне нұқсан келтірді. Бірақ бұл үкіметтің сыртқы саясатындағы жаңа бағыт АҚШ консерваторлары үшін әскери күш қолдану арқылы өздерінің гегемониялық және үстемдік мақсаттарын жүзеге асыруға ерекше жағдай жасады.

АҚШ терроризмді тек сыртқы саясат мәселесі емес, ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналдыруға тырысты. Сондықтан ол елдермен одақ құруға талпынды. Осылайша, терроризммен күрес АҚШ-тың сыртқы саясатының өзегіне айналды. Терроризмге қарсы саясат АҚШ басшыларына қауіпсіздіктің жаңа дәуірінде АҚШ мүдделеріне сәйкес стратегияны қалыптастыруға мүмкіндік берді. 11 қыркүйек оқиғасынан кейінгі халықаралық оқиғалар АҚШ-тың сыртқы саясатын шапқыншы көзқарасқа айналдыруға жол ашты. Терроризммен күресу ұранымен АҚШ өзінің байырғы қарсыласы Ресейді және Қытай, Еуропалық Одақ және Үндістан сияқты жаңа бәсекелестерін өз туының астына жинады. Кейбір елдер коалицияға жеңілдікпен қосылғанымен, АҚШ коалициядағы гегемондық рөлін бекіте алды. Сонымен қатар, терроризм феномені АҚШ-тың сыртқы саясатының кейбір концепцияларының жаңа дұшпан тұрғысынан жаңаша анықтамасын туғызды. АҚШ-тың Ауғанстанға әскери араласуы терроризмді жою, тұрақтылық, қауіпсіздік, өркендеу және демократия орнату деп жарияланған мақсаттарына қайшы, бұл ел халқының жағдайын жақсартпас түгіл, соғыс пен қауіпсіздікті, әсіресе, Ауғанстандағы лаңкестік және тәкфиршіл топтар әрекеттерді күшейтті және  есірткі контрабандасы, жұмыссыздық пен сыбайлас жемқорлықтың артуына және Талибанның билікке қайта оралуына әкелді.

 

АҚШ Ауғанстандағы тұрғын үйлерді бомбалады

Chatham House-дің зерттеушісі Лесли Винджамуридің пікірінше,     АҚШ-тың Ауғанстанға әскери араласуымен және кейіннен жауапсыз шегінуімен күшейген гуманитарлық дағдарыс АҚШ пен Еуропаның демократия мен адам құқықтарын қолдауға деген сенімі мен міндеттемесіне қатты нұқсан келтірді. Винджамури АҚШ-ты  Ауғанстандағы соғыстың жеңімпазы деп санамайды. Ол АҚШ пен оның одақтастарына қарсы соғыста талибтер жеңіске жетті, ал Батыс бұл топты жеңе алмады деп санайды. Бұл соғыстың құны әртүрлі өлшемдерде өте жоғары болды. Винджамури Ауғанстандағы соғыс тәжірибесі АҚШ-тың әлемдегі рөліне, әсіресе соғыс жүргізу мен әскери күш қолдануына деген көзқарасына тұрақты әсер етуі мүмкін деп санайды. Осыдан кейін АҚШ әскерлері қол жеткізуге болатын мақсат бар жерде ғана орналасады және  АҚШ-тың өмірлік маңызды мүдделеріне қауіп төніп тұр. Бұл жаңа ғасырда АҚШ-тың саяси, қауіпсіздік және әскери гегемониясының құлдырауының басталатынын көреміз деген сөз.