Ақп 24, 2022 18:38 Asia/Almaty
  • Құраннан үйренейік (10)

«Сондай олар көмеске иман келтіреді, намазды толық орындайды, өздеріне берген несібемізден (Алла жолында) пайдаландырады». («Бақара» сүресі, 3-ші аят).

 

«الَّذِینَ یُؤْمِنُونَ بالْغَیْبِ وَیُقِیمُونَ الصَّلَوةَ وَمِمَّا رَزَقْنَهُمْ یُنفِقُونَ‏» 

«Сондай олар көмеске иман келтіреді, намазды толық орындайды, өздеріне берген несібемізден (Алла жолында) пайдаландырады».  («Бақара» сүресі, 3-ші аят).

Құран жаратылысты екі бөлікке бөледі, бірі – біздің сезімдерімізден жасырылған ғайып әлемі, екіншісі – түйсік әлемі – сезім әлемі және материалдық табиғат. Кейбір адамдар көргенін, естігенін, бес сезім арқылы түсінгенін ғана қабылдайды. Олар барлығын сезім арқылы түсінгісі келеді. Біздің шектеулі сезім мүшелеріміз  бүкіл ғаламды түсінуге күші жетпейді. Мысалы, материалдық қасиет болып табылатын тартылыс күшін сезім мүшелері түсіне алмайды. Исраил халқы Мұсаға: «Алла Тағаланы көрмейінше, саған иман келтірмейміз», - деп айтқандай, кейбіреулер Аллаға иман келтіру үшін «өз көздерімен көруіміз керек» дейді.

Алла көрінетін дене емес, бірақ біз Оның жаратылыстағы ұлы істері арқылы Оның бар екенін түсінеміз және Оған сенеміз. Тақуа, ақиқатты іздеуші адамдар өз білімдерін тек материалдық дүниемен шектемей, ғайып әлеміне, яғни Алланың, періштелердің бар екеніне, сонымен қатар сыртқы сезімдерімізден жасырын жатқан ақырет әлеміне сенеді. Әрине, иман – ғылым мен танымнан жоғары саты, ол – адамның жүрегі мен жаны да бір нәрсенің бар екеніне куәлік ететін, онымен қарым-қатынас жасайтын және Оған сүйіспенділік білдіретін кезең. Иман ізгі және сауапты істерге жетелейді және негізінен, Ислам діні бойынша амалсыз иман және жалғыз наным-сенім  адамның өсіп-жетілуіне, кемел болуына әкелмейді. «Бақара»  сүресінің  3-ші аяты тақуалардың ғайыпқа иман келтіретіні, намаз және садақа иелері екендігі айтылған. Алланы еске алу болып табылатын намазбен олар жан дүниесінің қажеттіліктерін өтеп, тыныштық пен қауіпсіздікке жетеді. Табыстарының бір бөлігін мақрұмдарға төлей отырып, олар қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, осылайша қоғам да қажетті әл-ауқат пен жайлылыққа ие болады.

Әрине,  намаз оқу жеткіліксіз.  Адам намазды өзі оқып, басқаларды намазға шақырып, оны уақыты келсімен және  мешітте   жамағатпен оқуы керек. Бұл жағдайда намаз қоғамда орнығып, өзінің ерекше орнын табады.   Ислам діні тек қаржылық көмек көрсету емес, Құран Кәрімнің  дегені бойынша, саған берген байлық, күш-қуат, білім және   берген кез келген мүмкіндігі мен таланты бар нәрселерден жұмсаңдар.

Бұл аяттан ғалам тек материалдық дүниемен шектелмейтінін және  біздің көзқарасымыздан жасырылған нәрселер бар екенін түсінеміз. 1-Бірақ олардың бар екеніне біздің санамыз бен жүрегіміз куә, сондықтан біз олардың бар екеніне сенуіміз керек. 2-Иман амалдан бөлек емес, мүмін амал адамы, әрине Алланың айтқанымен амал етуші. 3-Намаз – иманды адамдардың жұмысының өзегі. 4-Қолымызда бар нәрсе Алладан, сондықтан оның бір бөлігін Аллаға берейік, Алла оның орнын дүние мен ақыретте өтейді. 5- Ислам – қоғамды басқаруға арналған жан-жақты дін. Ол Алламен сырласуды, адамдармен қарым-қатынас жасауды және қоғамның қажеттіліктеріне назар аударуды ұсынады.