Иран-Ирак соғысы: сегізжылдық қасиетті қорғаныс (1)
1980 жылдардағы Саддам режимінің Иранға қарсы соғысының сегіз жылындағы ирандық жастардың күресіне көз жүгіртейік.
Соғыс - көптеген адамдар үшін ең жек көретін сөз. Адамдардың өзіне ұқсастарды қырып-жою мен оларға келтірген зардаптарының ауқымы ешбір жаратылыспен салыстыруға келмейді. Балалардың жетім және әйелдердің жесір қалуы, миллиондаған адамдардың мүгедектігі кез келген соғыстың ең аз зияны. Дегенмен, соғыс адами құбылыс, яғни адамдарға қатысты. Соғыста сезімдер мен эмоциялар ашу мен реніш түрінде болсын, махаббат пен сүйіспеншілік түрінде болсын, ең жоғары деңгейге жетеді. Бұл сезім көлемі соғысты ойлану және әдебиет үшін сирек құбылысқа айналдырды. Әдеби-көркем шығармалардың көпшілігінде соғысты жақтайтын немесе соғысқа қарсы болғаны даусыз. Гомердің «Илиада» немесе Фирдоусидің соғыс және қолбасшылар туралы хадистерін қозғайтын «Шахнамасынан» бастап, соғыс құбылысының өзегіндегі адам қарым-қатынасының заманауи романы болып табылатын «Қарумен қоштасу» романына дейін. Өкінішке орай, соғыстың сұмдық көлеңкесі 1980 жылдың жазының соңында Иран мен бұл елдің жазықсыз тұрғындарына түсті. Саддам әлемдегі ең ұлы революциялардың бірінен кейін әлеуметтік жағдайларды пайдаланып, ХХ ғасырдағы ең ұзақ қақтығыстардың бірін тұтандырды. Бірақ соғыстың мейірімсіздігімен, жарық жалындары да болды. ИИР-ның сегіз жылдық қасиетті қорғанысы Ислам революциясының өзі сияқты ұлы. Сегіз жылдық қасиетті қорғаныс Иран жастары мен азаттық қозғалыстарына қатты әсер етті. Сегіз жылдық қасиетті қорғаныс Иран жастары мен азаттық қозғалыстарына қатты әсер етті.
Ислам революциясының ұлы көсемі имам Хомейни 1989 жылы 22 ақпандағы жолдауында сегіз жылдық қасиетті қорғаныстың терең әсерлерінің бір бөлігіне тоқталып: «Күн сайын соғыста барлық салада қолданыс тапқан береке көрдік. Біз өз революциямызды соғыста әлемге экспорттадық. Біз қысым көргенімізді және басқыншылардың зорлық-зомбылығын соғыста дәлелдедік, соғыста біз залымдардың екіжүзділік пердесін алып тастадық. Біз соғыста достарымыз бен жауларымызды ттаныдық, соғыста аяғымыздан тік тұруымыз керек деген қорытындыға келдік, соғыста Шығыс пен Батыстың ұлы державаларын талқандадық. Соғыста біз жемісті Ислам революциясының тамырын нығайттық. Соғыста біз әр халыққа бауырмалдық пен патриоттық сезімді ұялаттық. Соғыста біз әлем, әсіресе аймақ халқына барлық державалар мен алпауыт мемлекеттермен ұзақ жылдар бойы шайқаса алатынын көрсеттік. Біздің соғысымыз Ауғанстанға көмектеседі, біздің соғысымыз Палестинаны жаулап алуға әкеледі. Біздің соғыс жемқор режимдердің барлық басшыларын Исламның алдында қорлық сезіндірді. Біздің соғыс Пәкістан мен Үндістанның оянуына ұласты. Біздің әскери өнеркәсібіміз тек соғыста ғана соншалықты өсті. Ең бастысы, революциялық ислам рухының жалғасуы соғыс аясында жүзеге асты»,- деді. Имам Хомейни сегіз жылдық соғыстың терең әсерлері деп сипаттаған бұл жетістіктер Иран жауынгерлерінің ұрыс далаларындағы руханиятының, шынайылығының, кешірімі мен құрбандықтарының көлеңкесінде ғана болды. Басқа дүниежүзілік соғыстармен салыстырғанда сегіз жылға созылған таңқаларлық соғыстың бір ерекшелігі оның руханилығы болды. Бұл руханияттың көрінісін жас ирандық жауынгерлердің жанқиярлық және адалдық сынды қасиеттерінен көруге болады. Бұл руханилықтың әсері тіпті Ирактағы ирандық әскери тұтқындар лагерінде де терең болды. Дүниежүзіндегі барлық соғыстарда жауынгерлік пен жанқиярлық рухын табуға болады және олар Голливуд фильмдерінде және Еуропа елдерінде кейбір жағдайларда өте асыра сілтеп бейнеленген. Бірақ ирандық жастардың сегіз жылдық қорғанысындағы жауынгерлік пен жанқиярлық рухтың түрі басқа. Зұлымдықты қорғау және оған қарсы тұру ирандық жастар арасында басқа дүниежүзілік соғыстарда кездеспейтін ұлы құндылықтар мен мақсаттарға ие болды. Қасиетті қорғаныстың сегіз жылы ішінде ирандық жастар өз заманының мистикалық адамдарына айналды. Шайқас алаңы адами және мистикалық құндылықтарға жететін алаң болды. Сегіз жыл қасиетті қорғаныс кезінде намаз, Алламен сырласу, жанқиярлық, кешірім, ерлік, батырлық ерекше көрініс тапты.
Жарық көрген кітаптар мен естеліктерге сілтеме жасай отырып, мүмкіндігінше рухани кеңістікке шолу жасаймыз. Қолымыздан келгенше шәһидтерге бас иіп, олардың жанкештілігі мен жауынгерлік рухы туралы қазіргі кезеңдегі жаңа ұрпаққа айытп беруге талпынамыз. Аятолла Хаменеи: «Ұлы күндерді ұмытпауымыз керек. Әр елдің, әр халықтың ұлы күндері – илаһи оқиғаның халықпен, халықтың қолымен жасалған күндері»,- деді. Құранда Алла Тағала пайғамбарға Алланың күндерін еске түсіруді бұйырады. Бұл тарихтың ұлы күндері. Сегіз жыл қасиетті қорғаныс - белгілі бір мағынада, әр күнді санау - илаһи күндердің бірі. Біз бұл оқиғаларды ұмытпауымыз керек. Құран бізге тәлім-тәрбие береді. Құран есте сақтауды, қайталауды үйретеді. Құран бізді осыларды есте сақтауды, қайталауды үйретеді. Құранда Мұса пайғамбардың қиссасы мен Ибрахимның қиссасы және басқа да қиссалар қаншалықты қайталанғанын көресіз. Оларды есте сақтау және ұмытпау керек. Сегіз жылдық қасиетті қорғаныс - Иран мен аймақтағы тарихи оқиға. Ливан мен Палестинадағы қарсыласу күресі сегіз жылдық қасиетті қорғаныстан үлгі алған. Қасиетті қорғаныс құндылықтарының әлі де Ислам революциясы мәдениетін таратуда жоғары мүмкіндігі бар. Сегіз жылдық киелі қорғаныс жауынгерлерінің жан дүниесінің мөлдірлігі мен тазалығы басқа ешбір салада кездеспейді. Бұл жан тазалығын олардың өмір салтынан, күресінен байқауға болады. Сегіз жылдық қасиетті қорғаныс алаңы – рухани өзгерістер мен адамгершілік, діни және адами құндылықтардың алаңы.