Маусым 22, 2022 19:45 Asia/Almaty
  • Құранда аталған әйелдер (15)

Хазірет Хадиджа - Ислам тарихын құрбандығымен және жанқиярлығымен безендірген ханым.

 

Хазірет Хадиджа  -  Ислам тарихын құрбандығымен және жанқиярлығымен безендірген ханым. Хазірет Хадиджаның   өмір тарихын зерттеу оның надандық дәуірінде де, беғсаттан кейін де адамгершілік қасиеттері мен рухани кемелдікке ие болғанын көрсетеді. Оның есімі Құранда тікелей айтылмағанымен, Құран аяттары оған қатысты.

Хувайлидтің қызы хазірет Хадиджа құрайыш төрелерінен және үлкен отбасынан шыққан, өз заманында қайталанбас әулеттік абыройлы, ойы биік, парасатты адам еді. Ол құрайштардың ең асыл және ең бай әйел болды. Оның Шамға баратын сауда керуені әдетте әртүрлі құрайш отбасыларының барлық керуендеріне тең болды. Сондықтан құрайш ерлерінің барлығы оған үйленуге өте ынталы болды, егер Хадижа қабылдаса, оған мол байлық төгетін еді. Бірақ ол хазірет Мұхаммадты (с.ғ.с.) сауда жұмыстарында кездесіп, оның мінез-құлқының басқа ерлерден мүлде басқаша екенін көргенде, өзі үйленуге ұсыныс жасайды. Хиджаз ақсүйектері мен ақсақалдарының үйлену ұсынысын қабылдамаған хазірет Хадиджа, Мұхаммадқа (с.ғ.с.) онымен тұрмыс құрғысы келетінін ашық айтты: «Уа, Мұхаммад! Мен саған намысың мен сенімділігің үшін және жақсы адамгершілігің мен адалдығың үшін ғашық болдым»,- деді. Хазрет Хадиджа Мұхаммадқа (с.ғ.с.) тұрмысқа шыққаннан кейін оған барлық мал-мүлкін, құлдары мен күңдерін берді.   

Хазірет Хадиджа Пайғамбардың (с.ғ.с.) бір Аллаға құлшылық етуге шақыруын қабылдап, ақиқатты жеткізуші елшісінің сөздері мен істерін жанын, мал-мүлкін құрбан ете отырып мойындаған бірінші әйел болды. Танымал саудагердердің бірі Афиф: «Әл-Харам   мешітіне кіргенімде таңғажайып көрініске кезіктім. Үш адамның иіліп, қайта тұрып жатқанын көрдім. Мен Аббастан олар туралы сұрадым. Аббас: «Бірінші адам, менің ағамның баласы, пайғамбармын дейді. Оның артындағы адам - ​​оның немере інісі Әли және  ол әйел Мұхаммадтың (с.ғ.с.) әйелі, бұл Хадиджа. Одан басқа бұл дінді қабылдаған ешкімді білмеймін»,- деді. Хазірет Әли (ғ.с.) бұл күндер туралы: «Ол кезде Алла Елшісі (с.ғ.с.) мен хазірет Хадиджадан басқа ешкім Исламды қабылдамаған, мен олардың үшіншісі едім. «Мен аян мен миссияның нұрын көрдім және пайғамбарлықты жанымның тынысымен сездім»,- деп сипаттады. Хазірет Хадиджа пайғамбардың мүбәрәк болмысы уахи басталғалы тұрғанда да, пайғамбар болып жіберілгенде де өмірінің әртүрлі жағдайларында әрқашан қасында болды. Пайғамбардың миссиясының ұлылығын түсінген бұл адал ханым Исламды қалыптастыру және тарату үшін барын салды. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Ислам Әлидің қылышы мен Хадиджаның байлығысыз орнатылмайтын еді»,- деген. Хазірет Хадиджа өзінің ерекше әлеуметтік жағдайы мен үлкен байлығына қарамастан, Пайғамбармен (с.ғ.с.) қарым-қатынаста артықшылығын көрсетпеді. Хазірет Хадиджа - мұсылман әйелдің ізгілігінің, тазалығының, кемелдігінің көрінісі.   Ол азып-тозған, надандық ортада да таза, салауатты өмір сүріп, ырым мен надандық перделерін алып тастауға болатынын көрсетті. Хазірет Хадиджаның жолдауы бақыт пен құтқаруға жету үшін маңызды мақсаттарды ойлап, жолдағы қиындықтарға төзе білу керек еді. Ол Алла елшісінің (с.ғ.с.) қуанышына ортақ және қиыншылықта, азапта бірге болды. Хазірет Хадиджа Исламның басындағы ең қиын кезеңінде 25 жыл бойы Пайғамбармен (с.ғ.с.) бірге болып, бар мүлкін хазіретке берді. Ислам рауаяттары бойынша Пайғамбар (с.ғ.с.) Хадиджаның мал-мүлкін борышкерлерге, жетімдер мен кедейлерге көмектесу үшін пайдаланған. Хазірет Хадиженің сыйлары соншалықты үлкен және шынайы болды, сондықтан Алла Тағала оларды қадірледі және бұл үлкен істі таңдаулы пендесі Мұхамадқа (с.ғ.с.) өзінің үлкен нығметтерінің бірі санап, «Духа» сүресінің 7-ші аятында «Сені абыржуда көріп, жолға салмады ма?»- деді. Яғни, Хадиджаның мал-мүлкі Аллаға тиесілі және ісі Алла тарапынан қабыл болды.

Надандық дәуірінде және Пайғамбардың беғсатына дейін әйелдер тек құқықтарынан айырылып қана қоймай, ең аянышты жағдайда өмір сүрді. Кейбір жерде тірідей көмілген. Хадиджа осындай кезеңде Ислам дінін пайдалана отырып, әйелдің тек өмір сүру құқығы ғана емес, оның ажырамас құқықтарын талап етуі керек екенін дәлелдеді.  Ізгі амалдарымен, талпыныстарымен және еңбекқорлығымен Пайғамбардың (с.ғ.с.) оны дүниенің таңдаулы төрт әйелінің бірі деп атауына және Алла Тағала Жәбірейіл арқылы оған өзінің  сан рет ерекше сәлемін  жолдайтын дәрежеге жете алатынын көрсетті. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Миғраж түні  қайтып келгенімде Жәбірейіл қасыма келді. «Уа, Жәбрейіл, жұмысың барма»,- деп сұрадым. «Менің ісім, Хадиджаға Алланың және менің атымнан сәлем беру»,- деді.

Хазірет Хадиджаның тағы бір қасиеті – оған Алланың уәде еткен жәннаттағы орны. Пайғамбар (с.ғ.с.) бұл мәселені Хадиджаға (ғ.с.) бірнеше рет айтып: «Аспанда азап көрмейтін үйің бар»,- деген. Хазірет Хадиджа (ғ.с.) өз қоғамында жоғары әйел үлгісі ретінде адами ізгі қасиеттердің қалыптасуына үлкен әсер етті.

Неке - қасиетті келісім және өсу мен жақсылықтың жолы. Ислам неке қиюдың маңыздылығын қуаттайды және Пайғамбар (с.ғ.с.) ешбір іргетасын Аллаға некеден де сүйікті деп санамайды. Хазірет неке арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, таза ұрпақтың өмір сүруіне себепші болуға шақыра отырып, отбасының сақталуы мен нығаюына ерекше мән берді. Алла Елшісі  ерлі-зайыптылардың өмір сүру ортасын жылы және жақын ұстауды насихаттады. Өйткені отбасы – дені сау, сауатты бала тәрбиелейтін алғашқы мектеп. Хазірет Хадиджаның қасиетінің бірі – Фатима (ғ.с.) сияқты асыл ханымның анасы болуы. Бұл екі асыл тұлға бір-біріне өте жақын болған. Фатима (ғ.с.) туылмай тұрып анасымен сөйлескен және құрайштың барлық әйелдері Хадиджаны жалғыз тастап кеткенде, ол анасына ішкі тыныштық сыйлап, қиыншылықта оны жұбатты. Хазірет Хадиджа да Фатиманы (ғ.с.) шын жүректен жақсы көрді, өйткені ол қызының жағдайынан хабардар еді.

Хазірет Хадиджа Пайғамбарды (с.ғ.с.) әрқашан жақсы көрді және тіпті ең қиын күндерде де тұрмысқа шыққаны үшін өкінбеді. Пайғамбар (с.ғ.с.) да хазірет Хадиджаға әрқашан адал болды. Хадижа (ғ.с.) қайтыс болғаннан кейін хазірет аза тұтып, көп жылады. Алла елшісі өмірінің соңғы сәтіне дейін хазірет Хадиджаны   есіне алып, оның басқалар үшін жасаған құрбандығын ұмытпады.