Қыр 04, 2022 07:10 Asia/Almaty
  • Құраннан үйренейік (15)

«Олар (өздерінше) Алланы және иман келтіргендерді алдайды. Бірақ олар өздерін ғана алдағандарын сезбейді».

 

«Бақара» сүресінің 9-шы аяты:

«یُخَدِعُونَ اللَّهَ وَالَّذِینَ ءَامَنُواْ وَمَا یَخْدَعُونَ إِلّا  أَنْفُسَهُمْ وَمَا یَشْعُرُونَ»

 «Олар (өздерінше) Алланы және иман келтіргендерді алдайды. Бірақ олар өздерін ғана алдағандарын сезбейді».

Екіжүзділер өздерін ақылды адамдар және иман туралы айтып, мүміндердің Алласын алдап, мұсылмандардың дауыстарын ие бола аламыз деп ойлайды. Ал Алла олардың ішкі күпірліктері мен екіжүзділіктерін біледі және сезімтал жағдайда мүміндерге олардың ұсқынсыз жүздерін әшкерелейді. Дәрігерге барған науқас оның айтқанын орындамай, дәрігерге «дәрілеріңді іштім» деп өтірік айтса, ол дәрігерді алдап жатырмын деп ойлайды. Бірақ өзін-өзі алдаудан басқа ештеңе істемеді. Дәрігерді  алдауы шын мәнінде өзінің алдауы. Алланы алдадым деп ойлайтын бұл ауру адамдар өздерінен басқа ешкімді алдап жатқан жоқ.

Бұл аяттан алған сабақтарымыз:

1. Екіжүзді адам – алдамшы. Адамдардың сыртқы түріне алданып қалмау үшін сақ болу керек.

2. Өзгелерді алдауға ұмтылмай, айланың нәтижесі айла иесіне қайтатынын білуіміз керек.

3. Исламның екіжүздіге деген қарым-қатынасы мұнафықтың Исламға деген көзқарасымен бірдей. Ол сырт көзге Исламды қабылдайды, Ислам да оны сырт көзге мұсылман деп таниды. Оның жүрегінде иманы жоқ, Алла оны қиямет күні кәпірлер сияқты азаптайды.

4. Екіжүзді адам надан болсада, өзін ақылды, зерделі санайды. Өйткені ол екінші жақта әркімнің ішкі сырын білуші Алла екенін білмейді.