Бүгінгі әлем – үстемшілдердің «жұмсақ соғысының» алаңы 2: «жұмсақ соғыстың» құралдары
«Жұмсақ соғыстың» айқын ерекшеліктерінің біріне бұл соғыстың ағымында физикалық және ауыр қақтығыстардың орын алмайтыны жатады. Дұшпан «жұмсақ соғыс» кезінде халықтың наным-сенімдері мен құндылықтарын өзіне бағындырғысы келеді.
Жүректер мен ақылдарды өзіне қызықтыру – «жұмсақ соғыстың» негізгі мақсаты. Дұшпан бұл мақсатына жеткен кезде қарсы жақты өз жақтасына айналдырған болып саналады. Мұндай жағдайда әскери араласудың немесе бұл елдің билік жүйесін өзгертуге ресми әрі тікелей араласудың қажеті жоқ. Бұл мақсатты «жұмсақ соғыстың» ықпалына түсіп, дұшпандарға қосылған халық немесе оның көпшілігі іске асырады. Сондықтан аталмыш соғыстың мақсатына жету үшін әскери құралдар емес, мәдени құралдар мен ой-пікірлер қажет. Дәл осы құралдар «жұмсақ соғыстың» «ауыр соғыстан» айырмашылығын көрсетеді. Егер «жұмсақ соғыстың» ең маңызды құралына тоқталатын болсақ, күмәнсіз ақпарат құралдары, соның ішінде ғаламтор арналары, сонымен бірге баспасөз бен журналдар, радио, теледидар, ғаламтор «жұмсақ соғыстың» ең маңызды құралдары саналады. Ақпарат құралдарының негізгі міндеті хабарды негізгі дереккөзі арқылы оқырмандарға жеткізу. Бұл үдеріс қоғамдық ой-пікірдің пайда болуында маңызды рөл атқарып, ақпарат құралдары билеп-төстеушілердің мақсаттарын алға ілгерілету құралдарына айналады. Бұл құралдар жеке адам, ұлттық, халықаралық және әлемдік деңгейдегі қауіпсіздікке қатер тудыратын құралдар саналады. Әртүрлі ақпарат құралдарының әрекеттеріне жасаған шолу ащы шындықты растайды. Радио «жұмсақ соғыстың» ең көне құралдарының бірі саналуы мүмкін. Шекаралардан өтіп, хабарын тыңдарманға тарату мүмкіндігіне ие бұл ақпарат құралы өткен 100 жылда қоғамдық ой-пікірдің пайда болуы мен мемлекеттер, топтар және адамдардың арасындағы ақпарат құралдарының қарсыласуында маңызды рөл атқарды. Мысал ретінде «Азаттық» радиосын атауға болады. «Азаттық» радиосы қырғи-қабақ соғыс кезінде Шығыс блогы мен Кеңес Одағына қарсы жұмыс жасап, «жұмсақ соғыс» ағымында АҚШ-ның Кеңес Одағына қарсы үгіт-насихаттарын алға ілгерілетті. Кейбір сарапшылар бұл ақпарат құралының елдің ыдырауына шынайы әсер еткені туралы айтады. Қазіргі кезде заманауи ақпарат құралдарының пайда болуына қарамастан әртүрлі дәлелдермен радио арналар әлем халықтарының көбінің қолдауына ие және бұл ерекшелік осы күнге дейін әлемдік билеп-төстеушілердің бұл арнаны «жұмсақ соғыста» пайдалануыны себеп болуда. Олр нысанаға алған мемлекетке қарсы өзінің теріс үгіт-насихаттарын жүргізіп, әртүрлі, соның ішінде саяси, экономикалық, мәдени және ғылыми салаларда жағымсыз мәселелер мен қателіктерді зорайтып, жетістіктерді маңызды емес етіп көрсетуге әрекет жасауда. Радиодан кейін теледидар «жұмсақ соғыстың» келесі ең маңызды құралдарының бірі болып саналады. Теледидарды қазіргі кезде адамдардың көзі мен құлағы деп атаған. Бұл сиқырлы жәшік көрерменнің ойына, мінез-құлқы мен іс-әрекетіне таңғаларлықтай әсер ететіндіктен саясаткерлерді шынайы қызықтырады. Теледидардың көптеген оң әсері болғанымен, бұл құралды билеп-төстеуші елдер өз идеологиясы, өз құндылықтары мен өз мақсаттарын ілгерілету үшін пайдалана алады. Сондай-ақ, олар теледидар арқылы көрермендерінің ой-пікірін өз мүдделеріне қарай өзгертуге талпынады. Әсіресе соңғы жылдары бұл ақпарат құралы ғаламтор арқылы таратылу мүмкіндігіне ие болып, билеп-төстеушілерге өз мақсаттарына жетуі үшін ерекше мұрсат тудырды. Мәселен, 2007-ші жылы өз жұмысын бастаған парсы тіліндегі ВВС ғаламтор телеарнасы ИИР-ның 10-шы президенттік сайлауы кезінде шынайы рөл атқарды. Кейбір сарапшылардың пікірінше, бұл арнаның ашылуындағы белсенділігінің философиясы дәл осы мәселеге байланысты болған. Бұл арна Ирандағы сайлаудан бірнеше апта бұрын дауыс берген кездегі жалған дауыстар туралы сұхбаттар жүргізуді бастап, жалғасында бірте-бірте Ирандағы батысшылдардың микрофонына айналды. Сайлаудан кейін бүлікшілерді қорғап, оқиғаға қатысты хабарларды зорайтып таратты. «Жұмсақ соғыс» мәселесінде ақпарат құралдарының кеңінен таралған, әрі мүмкіндіктері көбірек екі жаңа түрі, яғни ғаламтор мен жерсерігінің маңыздылығы артығырақ. Өйткені олардың шекаралар мен көптеген кедергілерден өту күші өте үлкен. Сонымен бірге олардың әртүрлі оқырман мен көрерменді қызықтыруы, қызық бағдарламалар ұсыну мүмкіндігі оларды «жұмсақ соғысқа» қызмет ететін ең маңызды құралдарға айналды. Бұл құралдар өзінің әртүрлі бағдарламаларын насихаттап, қоғамдық жүйенің бірлігі мен бір мемлекеттің ұлттық болмысын жояды. Әсіресе, жерсерігі – жылдамдықпен өзін жетілдіріп, осы кезде радио мен теледидардың бейнематериалдары мен жолдауларын әлемге таратып отырған құралдардың бірі. Радио және телеарна материалдарын жылдам тарату, сондай-ақ басқа ақпарат құралдарының, тіпті ғаламтор жылдамдығынан жоғары жылдамдыққа ие болуы жерсерігін жан-жақты пайдалануғаа себеп болуда. Сондай-ақ жерсерігінің арнайы ерекшеліктері қазіргі дүниедегі «жұмсақ соғыстың» кеңеюіне әкелді. Осы кезде көптеген радио және телеарна бағдарламалардың толқыны жер серігі арқылы таратылады. Спутниктік радио мен телеарналардың ақпараты, мемлекеттің қарсыластары мен жақтастарының бос уақытты толтыратын бағдарламалары тәулік бойы жұмыс жасап, психиклық әрекеттер, бос сөз тарату сынды жолдар арқылы «жұмсақ соғысты» іске асырып, психикалық соғыс пен саяси үгіттерге айналдырды. Расында жерсеріктерінің жер құрлығының айналасына орнатылуы және ғарыш кеңістігін билеуге мүмкіндік тудырған жетістіктердің арқасында билікқұмарлар мемлекеттердің ұлттық егемендігіне әсер ететін болды. Осы кезде әлемде жерсеріктердің толқыны мен бағдарламаларының нысанына түспеген ел кемде-кем. Спутниктік арналардың кеңеюі және олардың «жұмсақ соғыста» пайдалануы билеп-төстеушілердің мақсаттарына жетуін жылдамдататын құралға айналды. Жерсеріктері билеп-төстеушілердің әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықтардың наным-сенімдері мен әрекеттерін өзгертуге мүмкіндік берген құралдар саналады. Жерсеріктерінің мүмкіндіктері, тіпті әскери әрекеттерді де, соның ішінде бомбалауларды да бақылауға алады. Ғаламтордың жаңа ақпарат түріндегі рөлі мен маңыздылығы ешкімге жасырын емес. Аталмыш құрал әртүрлі қоғамның қарым-қатынас құралына айналды. Оның қаржысының төмендігімен ешбір ақпарат құралы сайысқа түсе алмайды. Ғаламтор адамға жалғыз түрде және өте төмен қаржымен оның мүмкіндіктерін пайдалнуға рұқсат етеді. Басқа ақпарат құралдарымен салыстырғандағы ғамалтордың әсері соңғы жылдарда оның елдер мен мәдениеттерге қарсы «жұмсақ соғыста» пайдаланытылатын ең маңызды құрал болуда. Бұл құрал оны жобалағандар мен басқарғандарға өз жолдарындағы ең үлкен қарсыластарын жеңуге мүмкіндік берді. Ғаламторда арна құрып, басқа арналарды тауып алу мүмкіндігі бұл ақпарат құралдарының бүлік, саяси және қоғамдық жиындар ұйымдастыруға ықпал етуіне себеп болды. Ирандағы 10-шы президенттік сайлаудан кейінгі оқиғаларда Твиттер мен Фейсбук сынды сайттардың бүлік ұйымдастыруға қатысқандары баршаға анық мәселе болды. Олар жалған хабардарды таратып, өз оқырмандарын арандатып, бүліктерді жанама түрде басқарды. Әлемдік алпауыт елдер қарым-қатынастың бұл құралдарын халықтардың наным-сенімдерін өзгертуді көздеп, қолдануымен қатар өз әрекеттерін ақтау үшін, тіпті өздері билік ететін халықтардың наным-сенімдері мен құндылықтарына көңіл бөлмей, олардың көзқарастарын өздерімен бірдей ету үшін жалған бейнематериалдар ұсынып, мақсаттарына жетеді. Мәселен, АҚШ сынды алпауыт елдер әрқашан қоғамдық деңгейде қабылданған құндылықтарды қажет етеді. Өйткені оларды өз мүдделеріне жету үшін қолданады. Осыған орай Шығыс блогы ыдыраған соң олар өздерінің соғысқұмар саясаттарын жалғастыру үшін жаңа дұшпанды таныстыруды қажет етті. Жаңа дұшпанды таныстыру оларға өздерінің сыртқы саясаттарын іске асыруды жеңілдету үшін керек болды. Исламнан үркіту саясатын таныстыру осы саясаттардың бірі болды.