Құраннан үйренейік (20)
«Бақара» сүресі 15-ші аят: «اللَّهُ یَسْتَهْزِىءُ بِهِمْ وَیَمُدُّهُمْ فِى طُغْینِهِمْ یَعْمَهُونَ» «Алла оларды мазаққа ұшыратып, азғындықтарында қаңғыртып қояды».
«Бақара» сүресі 15-ші аят:
«اللَّهُ یَسْتَهْزِىءُ بِهِمْ وَیَمُدُّهُمْ فِى طُغْینِهِمْ یَعْمَهُونَ»
«Алла оларды мазаққа ұшыратып, азғындықтарында қаңғыртып қояды».
Шиіттердің сегізінші имамы имам Әли бин Мұса әр-Реза (ғ.с.) былай дейді: «Алла Тағала қулық пен мазақ етуші емес, бірақ дұшпандардың қулығы мен мазағына сауап береді». Расында, екіжүзділер басына түскен адасушылықтан, соқырлықтан, кереңдіктен және парасаттылықтан жоғары қандай жаза бар? Алланың дәстүрі – күнәһарлар мен залымдарға уақыт беру. Бірақ бұл мерзім адамдардың көңіл бөліп, тәубеге келуіне себеп болатын мейірімнің бір түрі. Әйтпесе, ол адамдардың күнәнің құйынына одан әрі батып, жойылуына себеп болады. Алланың екіжүзділерге беретін жазаларының бірі – оларды өз еркімен қалдыру, бұл қандай да бір түсінбеушілік пен қиындыққа әкеледі, олардың белгілі бір барар жері де, мақсаты да, тыныштығы мен қауіпсіздігі де жоқ.
Осы аяттан алатын сабағымыз:
- Құдайдың жазалары адамның күнәларына пропорционалды. Мазақ етудің жазасы – мазақ ету.
- Алланың рақымы мен мерзіміне менмнесінбейік, мүмкін мейірімнің белгісі емес шығар.
- Алла мүміндердің қорғаушысы, екіжүзділер оларды келеке етсе, Алла Тағала екіжүзділерді мазақ етіп, оларды азаптайды.