Сәу 28, 2023 17:52 Asia/Almaty
  • Ауғанстанға қарсы 20 жылдық  басқыншылықтың салдары (12)

Бұл жолы Ауғанстанға қарсы 20 жылдық  басқыншылықтың салдарын Батыстың сараптама орталықтарының көзқарасы бойынша таоқылаймыз.

Бір кездері АҚШ Ауғанстанға қауіпсіздікті қамтамасыз ету және терроризмді тоқтату үшін келді деп мәлімдеді, бірақ содан (2001) бері шамамен жиырма жыл өткен соң, Дүниежүзілік бейбітшілік ұйымы 2019 жылы Ауғанстанды Сириядан кейінгі әлемдегі ең қауіпті ел деп атады. АҚШ-тың Ауғанстандағы 20 жылға созылған соғысы Ауғанстанға қауіп-қатер мен гуманитарлық апаттан басқа ештеңе әкелмеді. 2020 жылға қарай Ауғанстандағы америкалық соғыста  бірнеше ондаған мыңнан астам жазықсыз адам қаза тапты. Американың Ауғанстандағы соғысының жиырма жылында 11 миллионнан астам ауғандықтар үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Қырғи қабақ соғыстан кейін Америка қайда қадам басса да аймақты қауіті  етіп қойды. Ауғанстан жағдайы - оны АҚШ басқаратындай. Өйткені АҚШ Ауғанстанда бітпейтін соғысты бастады. Әу бастан-ақ Американың  соғысының Ауғанстанның проблемаларына көбірек проблемалар қосудан басқа нәтиже болмайтыны белгілі болды.

Ауғанстанның дәстүрлі қоғамы болжамды батыстық демократияны қабылдамайды. АҚШ-тың ауғандықтардың дәстүрлері мен діни сенімдеріне мән бермеуі елдің Ауғанстандағы сәтсіздікке ұшырауына себеп болды. Американың Ауғанстанға әкелген жоспарлары мен бағдарламалары да Ауғанстанның қоғамдық құрылымдарымен үйлеспейді. Олар Ауғанстан халқының АҚШ-қа қарсы көтерілуіне себеп болды. Американың Ауғанстандағы стратегиясының сәтсіздігімен қатар, американдық сарбаздар Ауғанстандағы 20 жыл бойы бейбіт тұрғындарды өлтірді, бұл Американың жеңіліске жетуін одан сайын тездетті. АҚШ-тың  ең ұзақ соғысы Ауғанстанды  әлемдегі ең артта қалған елдердің біріне айналдырды, сондықтан бұл ел осы кезде ешбір секторда өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды. 2020 жылға дейін Ауғанстан экономикасы шет елдердің көмегіне сүйеніп, Ауғанстанның жылдық бюджетінің 60 пайызын донор елдер қамтамасыз етті. Ауғанстанда кедейлік пен  жұмыссыздық шарықтау шегіне жетті. 2019 жылдың статистикасы бұл елдегі жұмыссыздық деңгейінің 40 пайызға жеткенін, бірақ соңғы екі жылда жұмыссыздар санының артқанын көрсетеді.

 АҚШ-тың Ауғанстандағы 20 жылға созылған соғысы Ауғанстанға қауіп-қатер мен гуманитарлық апаттан басқа ештеңе әкелмеді.

 

Американдық «Foreign Affairs» журналы АҚШ-тың Ауғанстандағы өкілі әрі Джордж Буш әкімшілігінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Джеймс Доббинс жазған мақаласында АҚШ Ауғанстанға әскери араласуын лаңкестікпен күресу мақсатында бастағанын айтады. Ауғанстанға басып кіру және Талибанды ығыстыру еш қиындықсыз жүзеге асырылып,   шығыны аз әрі жылдам жеңіске жетті.

Бірақ әл-Қаиданың тікелей қаупі жойылған кезде, АҚШ та кез келген басқыншы  күш сияқты екі жолға тап болды:  тұрақты басқыншылық немесе ең  аз құзыретті мұрагер режиміне көшу арасында таңдау жасау керек болды.  Джордж Буш екінші нұсқаны таңдады, бірақ оның алдында тұрған қиыншылықтың толық ауқымын түсіне алмады және Вашингтонның түпкілікті жеңіліске ұшырауының және Ауғанстанның барлық инфрақұрылымының жойылуы 2002 жылы басталды.

 

Америкалық  Foreign affairs басылым

Қытай әлеуметтік ғылымдар академиясының мүшесі Ван Фэннің пікірінше, АҚШ  Ауғанстанға қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қақтығыстарды тоқтату ұранымен келді, бірақ қазір Ауғанстанның қауіпсіздігі  қамтамасыз етілмес түгіл, керісінше бұл елде  қақтығыстар бұрынғыдан да күшейді. Сол сияқты АҚШ Ауғанстанға осы елді лаңкестерден тазарту үшін жорық жасады, бірақ Америка Құрама Штаттарының бұл мақсаты орындалмады және қазіргі уақытта  Ауғанстанда «Әл-Каида» және «ДАИШ» сияқты көптеген аймақтық және аймақтан тыс  лаңкестік топтар күшейіп жатыр.

Брукингс институтының жоғары лауазымды мүшесі Вали Реза Наср Ауғанстандағы соғыс АҚШ үшін жеңіс болған жоқ деп есептейді. Бұл соғысты Американың Ауғанстандағы әскерилері саны және жұмсаған ақшасы арқылы  жеңу мүмкін емес еді. АҚШ,  әсіресе, Дональд Трамптың президенттігі кезінде  Ауғанстандағы қаржылық және әскери инвестициясын екі-үш есеге арттырса да, жеңіске жетуге әлі кепілдік болмады.  Вашингтон бұрын салған инвестициясын екі-үш есе арттыруы керек деген нәтижеге жетті. Шын  мәнінде, Ауғанстанда жеңіске жетуді талап етудің нәтижесі Американың Ауғанстандағы әскери және қаржылық тіректерін кеңейту ғана болды. Осылайша Америка шешім қабылдауға тура  келетін (Вьетнамдағы оқиға сияқты) нүктеге жетті.  Яғни  бұдан былай көп капитал мен шығын салмай,  бұл жағдайды тоқтатуы керек деп шешті.

Карнеги қорының аға мүшесі Райан Крокер АҚШ пен Талибан арасындағы келіссөздер тек бейбітшілікке бағытталған келіссөздер ғана емес  американдық  капитуляциясы туралы болды деп санайды. Күпір Американың шайқас майданында жеңілгеніне сенген Талибан елді қайтадан өз бақылауына алып, «Әл-Қаиданың» одақтастары мен мүшелерін жігерлендірген жағдайда, АҚШ бұл елден кетті.

Ауғанстандағы босқындар дағдарысы Американың басқыншылық саясатының нәтижесі

 

«Strategic Europe» журналының бас редакторы Джуди Демпси Талибанның Ауғанстанды тез басып алуы Еуропалық Одақтың қауіпсіздік және қорғаныс саясатын келемеждеді деп санайды. Ауғанстандағы босқындар дағдарысына сілтеме жасай отырып, ол: «Талибанның үстемдігі ауыр шындықты ашады, бұл Еуропа мен Американың қауіпсіздік орнатудағы, демократия мен гуманитарлық құндылықтарды экспорттаудағы сәтсіздігі»,- деді.

Аарон Дэвид Миллер,  АҚШ-тың сыртқы саясатына назар аударған  Халықаралық бейбітшілік институтының тағы бір аға мүшесі Буш, Обама  және Трамп Ауғанстандағы дүрбелеңге ең жауапты болғанымен, Байден кезінде АҚШ-тың Ауғанстаннан әскерін шығаруы, АҚШ-тың демократиялық құндылықтардың қорғаушысы ретіндегі бейнесі, әсіресе американдық ұшақтың дөңгелегінен құлап, өмірін  қиған ауғандықтардың бейнелері  дақ түсірді деп санайды.

 Талибанның Ауғанстандағы жылдам үстемдігі АҚШ пен Еуропаның Ауғанстандағы қауіпсіздік және қорғаныс саясатының сәтсіздігінің нәтижесі болып табылады 

 

Карнеги халықаралық бейбітшілік институтының басқа аға мүшелерінің бірі Стивен Вертхайм АҚШ қол жетпейтін мақсатпен Ауғанстанда қажетсіз соғыс бастады деп санайды. АҚШ  ауғандықтарға, әсіресе әйелдер мен қыздарға опасыздық жасады, өйткені ол оларға Талибансыз болашақты уәде етті, бірақ оны ешқашан орындамады.

 Халықаралық бейбітшілік үшін Карнеги қоры  

 

RAND  Ынтымақтастық институтының халықаралық қауіпсіздік зерттеушісі Джейсон Кэмпбеллдің пікірінше,  басым саяси актеры Талибан болған  Ауғанстан әл-Қаида мен оның  пікірлес топтары үшін өте қолайлы орта болады.  Бұған қоса, АҚШ пен Талибан арасындағы келісім бұл топты 20 жылға созылған күресте олардың дұрыс болғанына сендірді. АҚШ-пен  келісімге қол қойғаннан кейін Талибан тұрақты және инклюзивті Ауғанстанға деген көзқарасын білдірмеді және басқа ауған актерлерімен байыпты пікірталасқа барғысы келмейді. Кэмпбелл АҚШ Ауғанстанда сәтсіздікке ұшырады,  бірақ Қытай, Ресей және Иран бұл  мәселені өз пайдасына пайдалана  алады деп есептейді

RAND Ынтымақтастық институты

 

Rand  сараптама орталығының көзқарасы бойынша,  Ауғанстандағы ащы шындық мынада: АҚШ Талибанды жеңе алмады, соншама қан төгіп, ақша жұмсаған елде демократия орната алмады.  Ол сәтсіздікке ұшырады, тіпті Ауғанстаннан лайықты шарттармен және абыроймен кете алмады. АҚШ Сенатының аз сандылар басшысы Митч МакКоннелл Американың Ауғанстаннан кетуі АҚШ тарихындағы ең нашар сыртқы саяси шешімдердің бірі болды, бұл  Сайгон (сол кездегі Оңтүстік Вьетнамның астанасы) туралы естеліктерден әлдеқайда нашар деп санайды.  Трамптың Ауғанстан үкіметін автобустың астына тастап, 20 жыл бұрын соғысқан адамдарымен татуласуға шешім қабылдағаны анық болды. Талибанның  билікке қайта келуіне әкелген бейбітшілік.