Maм 07, 2016 18:13 Asia/Almaty
  • Аптаның экономикалық журналы 75

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі әлемдік еңбекшілер күні қарсаңында мыңдаған жұмысшымен кездесуінде Американың жауластығына тоқталып: «Сенімсіз америкалықтар Иранға қарсы әртүрлі санкциялар салу арқылы Ираннан үркіту ағымын қалыптастырып, іс жүзінде елдің шетелдермен экономикалық әрекеттесу жолында кедергі келтіруге күш салуда» деп қуаттады.

Экономикалық журналымызды ислам революциясы жетекшісінің сол кездесуде сөйлеген сөзінің маңызды бөлігімен бастаймыз.

Хазірет аятолла Хаменеи ислам діні тұрғысынан жұмыссыздық пен жалқаулық және уақытты босқа өткізуді құндылыққа қарсы деп қуаттап: «Әртүрлі салаларда жұмыс істеп жатқан адамдар жұмыстың сапасын арттырумен қатар, сол істің құқығын орындап, өздерін сол іске толығымен арнауы керек» деді. Революция жетекшісі жұмысшылар қоғамына революция және жүйе алдындағы адалдықтары мен қырағылықтары үшін және жұмысшылардың қарсыласу экономикасының саясаттарын орындаудағы рөлі мен үлестері үшін алғыс айтып, бұл саладағы жұмысшылардың маңызды міндеттері жұмысты дұрыс, сапалы және мықты орындау екендігін баса айтты. Хазірет ирандық жұмысшының өнімін таратуды, жұмыс кеңістігінің салауаттығын және өнімнің өзіндік құнындағы жалақы үлесін көбейтуді жұмысшылардың жұмыс сапасын арттырудағы келесі әсерлі факторлар деп атап: «Осы жайттардың барлығы үшін дұрыс тәсілдер мен басқа елдердің тәжірибелерін пайдаланып, һәм жұмысшылардың ынтасы мен сапасы артып, һәм жұмыс берушілерге де зиян келмеуі үшін лайықты бағдарламалар жасау керек» деп қуаттады. Хазірет аятолла Хаменеи ішкі өндірістің маңыздылығын қуаттап: «Ішкі өндіріс қасиетті іс ретінде танылып, оған қолдау көрсету міндет саналуы керек» деді. Революция жетекшісі елдің ішінде аналогқа ие тауарларды импорттауға кесімді түрде тыйым салып: «Біз әлеммен әрекеттестік жасаймыз, бірақ ішкі өндірісіміз бар салаларға шетелдік тауарларды енгізіп, оны сату және тұтыну құндылыққа қарсы іс ретінде насихатталуы керек» деп қуаттады.

ИИР-ның президенті де жексенбі күні әлемдік еңбекшілер күніне байланысты Теһранның батысындағы Mapna өнеркәсіптік тобының мекеніне келіп, көрмені аралап: «Бүгін «Ортақ қадам» бағдарламасының арқасында үлкен кемелер көршілес елдердің жағалауларында айлақтаудың және тауарлар қайықтар мен баржалар арқылы Иран жағалауларына жетудің және соның ақысына әрбір контейнер үшін халықтың қалтасынан 700 доллар төленудің орнына кемелер енді Иранның өзінің порттарында айлақтауда» деді.

ИИР-ның президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жүзеге асыру арқылы шетелдік инвестициялар үшін жол ашылғанын айтып: «Дипломаттардың талпыныстарының арқасында Иран халқының аяғынан үлкен тұсау алынды. Бірақ өндіріс пен жұмыс капитал мен технологиясыз мүмкін емес» деді.

Осы аптада Теһран Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе ханымды қабылдады. Оңтүстік Корея президентінің Теһран сапарында сол елдің бірнеше министрі мен бизнесмендер, кәсіпорын иелері мен беделді компаниялардың басшыларынан құралған 236 адамдық делегация, шамамен 115 журналист пен ақпарат өкілдері бірге келді.

Сол сапарда ИИР мен Оңтүстік Корея басшылары қатысқан отырыстарда 18 серіктестік құжатына қол қойылды. Сонымен қатар құны кемінде 8 миллиард евроны құрайтын банктік, құны 5 миллиард евро тұратын экспорттық сақтандырулар туралы келісімдерге екі елдің жоғары деңгейлі басшылары қол қойды.

Теңіз тасымалы, инфрақұрылым ісі, электроэнергия мен энергияның жаңа өнеркәсібін дамыту, мұнай мен табиғи газ саласындағы ынтымақтастық, сонымен қатар Кореяның «Exim» банкімен серіктестік меморандумдарына қол қойылу осы сапарда жасалған құжаттардың қатарын құрады. Осы сапарда Исфаһан-Машһад темір жолы, Бахтияри ГЭС-і және Чабаһар болат зауытының жобалары мен тағы да басқа жобалар туралы да меморандумдарға қол қойылды. Оңтүстік Корея президентінің Иран сапарының келесі бағдарламасы революцияның мәртебелі жетекшісімен кездесу болды. Ислам революциясыныың мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе ханымды қабылдауында сөйлеген сөзінде: «Екі ел арасында жасалатын келісімдер мен келісімшарттарға шетелдік тарифтер мен санкциялар теріс әсер етпейтіндей жасалуы керек. Себебі Иран мен Оңтүстік Корея сынды елдердің Американың қалауының ықпалында болуы лайық іс емес» деп қуаттады. Хазірет Иран мен Оңтүстік Корея байланыстарының санкциялар мен Американың ықпалы және тарифтеріне тәуелді болмауы керектігін қуаттаумен қатар, екі елдің байланыстары ұдайы, баянды, мықты және шынайы болуы керек деп баса айтты.

Пак Кын Хе ханым да сол кездесуде ислам революциясы жетекшісінің Иранның экономикасының дамуы туралы пікірлеріне тоқталып:: «Сіздің Иранның экономикасын дамыту туралы қуаттауларыңыздың еліңіз үшін өте жақсы келешек қалыптастыратындығына сенімдімін. Біз де Иранмен әртүрлі салалар бойынша серіктестіктерді арттыруға әзірміз» деді.

Иранның Жол және қала құрылысы министрі Аббас Ахунди және Оңтүстік Кореяның Жер, инфрақұрылым,транспорт министрі Канг Но Ин да сол сапарда темір жол және әуе саласында үш серіктестік меморандумына қол қойылғанын хабарлады.

Осы негізде Иран мен Оңтүстік Корея темір жол, тасымалды басқару, тасымалды басқарудың зияткерлік жүйелері, әуе тасымалы және тағы да басқа да салалар бойынша көбірек ынтымақтастық жасайтын болады. Серіктестік салаларын зерттеу үшін кореялық зерттеу тобы Иранға сапармен келеді.

Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане де Оңтүстік Кореяның Жер, инфрақұрылым,транспорт министрі Канг Но Инмен кездесуден кейін тілшілерге берген сұхбатта: «Оңтүстік Корея Ираннан сатып алатын мұнай мен конденсаттың 100 баррельдік мөлшерін 400 баррельге арттырды» деді. Дегенмен Оңтүстік Кореямен банк саласындағы байланыстарда әлі қиындықтар бар.

Зангане шетелдік көмектерді пайдалану арқылы қарсыласу экономикасының саясаттарын жүзеге асыру жолының жеңілдегені туралы айтып: «Қарсыласу экономикасы интроверсиялық және экстраверсиялық екі қатынасқа ие. Экстраверсия деген әлеммен ішкі мүмкіндікті нығайтқан жағдайда әрекеттесу. Сол себепті Иранның жаңа нарығына кіру арнайы шарттарға ие. Иранда жобаларға қатысуды мақсат ететін елдер оны қаржыландыруды да өз мойындарына алуы керек» деді.

Теһран мен Сеулдің сауда айналымдарының көлемі 2011 жылы Иранға қарсы біржақты санкциялардың басталуымен 10 миллиард долларды құраған болатын. Иранға қарсы салынған санкциялар мен тыйымдардың арттырылуымен екі ел байланыстарының көлемі өткен жылы 6,1 миллиард долларға төмендеді.

Оңтүстік Корея президенті Иран басшыларымен кездесіп, Сауда палатасында өткен отырысқа қатысып, 12 серіктестік келісімі мен меморандумдарға қол қойған соң сейсенбі күні Сеулге қайтты.

Стамбұлдың өнеркәсіп палатасының басшысы Ардал Бағчебан да осы аптада Теһранға жасаған сапарында Иранның сауда-экономика саласының басшыларымен кездесті.

Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Мохаммадреза Нематзаде сенбі күні Ардал Бағчебанмен кездесуінде «Иран мен Түркияның ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестіктері шынайы түрде қадағалануы керек. Екі елдің банк саласындағы байланыстары мен тасымал, кеден, инвестицияларды дамыту істері неғұрлым жылдам арттырылуы керек» деді.

Стамбұлдың өнеркәсіп палатасының басшысы Ардал Бағчебан да Теһранда өткен келіссөздерде екі елдің байланыстарын тереңдетіп, арттыру қажеттігін қуаттап: «Иран мен Түркия – бір-бірін толықтырушы елдер. Стратегиялық серіктестіктер арқылы екі ел өздерінің лайықты мақсаттарына жете алады. Иран мен Түркияның экономикалық серіктестіктер комиссиясы шамамен бір ай бұрын Анкарада Иранның Коммуникация және технология министрі Махмуд Ваезидің және Түркияның Даму министрі Джоудат Йылмаздың қатысуымен өтті.

Доктор Хасан Руханидің Түркияға жасаған соңғы сапарында да Анкарада ИИР мен Түркия басшылары арасында серіктестік саласында жаңа құжаттарға қол қойылған болатын.

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған да осы салада былай деді: «Иран мен Түркия – барлық тұрғыдан бір-бірін толықтырушы елдер. Екі ел дұрыс таныммен халықаралық жағдайды пайдаланып, санкциялар жойылғаннан туған жаңа мүмкіндіктерді пайдаланып, өз байланыстарын бұрынғыдан көбірек кеңейте алады».

Иран мен Түркия сауда-экономика және транзит сондай-ақ, энергия саласында Түркияның қажеттіліктерін қамтамасыз ету бойынша маңызды мүмкіндіктерге ие. Екі ел көптеген салаларға инвестиция жасай алады. Екі елдің жоғары деңгейлі басшыларының келісімдері негізінде Иран мен Түркияның тауар айналымының көлемі 30 миллиард долларға артуы керек.