Иранның қазіргі заман кинематографиясы
Иран халқының 8 жылдық Қасиетті қорғаныс кезіндегі (1980-1988) стимулдарын басқа соғыстармен салыстыруға келмейтіндігі анық. Өйткені ирандық жауынгерлер мен шаһидтердің стимулы діни-илаһи құндылықтармен біте қайнасып кеткен
. Олардың ерліктері, жанкештіліктері дінді, Отанды және өз революциясын қорғау жолында болды. Алғашқы жылдары фильмдердің көбісінде соғысқа қарапайым көзқарас тұрғысынан қаралды. Халық толғанысы, ержүрек батырларды дайындау, жағдайды әсірелеп көрсету – сол замандағы фильмдердің ерекшеліктері болды. Соғыс кинематографияның дамып, гүлденуіне қолайлы жағдай жасады, бірақ оның салдары да болды. Кинематография кейде тылдағы мәселелер мен майдандағы жауынгерлердің қиындықтарына тоқталды. Бірақ соғыстың соңы Иран кинематографиясының дәптерінде жаңа бет ашып, тақырып аясын белгілі бір дәрежеде өзгертті. Бұл туындылар сол кездегі технологияның даму деңгейіне байланысты көркемдік құрылымнан кенде болды, бірақ мән-мазмұн тұрғысынан жанкештілік, шаһид болу және жанпидалық сияқты исламдық құндылықтар жайлы баяндауға кірісті. Басқа елдердің мәдениетінде мұндай ұғымдарды сипаттай алмаймыз. Таңылған соғыс кезіндегі мақтанышқа толы тарихты парақтап, сәл ойлансақ, құндылықтарды қорғаудың қай заманда болмасын қасиетті әрі халық үшін теріске шығаруға келмейтін басты мәселе болғандығын көреміз. Дүние жүзіндегі көптеген күрестер мен соғыстар тарихына көз салсақ, әдетте осы соғыстардың діни стимулы олардың материалдық мақсаттарының жанында мән-мағынаға ие болатындығын көреміз. Басқа сөзбен айтқанда, көбінесе осындай соғыстарда тек илаһи мақсаттар ғана көзделген жоқ. Әртүрлі халықтар үшін аталмыш соғыстардың маңыздылығы мен қасиеттілігі соншалықты, жыл сайын олар сол соғыстарда қаза болған жауынгерлерді еске алады. Иран халқының 8 жылдық Қасиетті қорғаныс кезіндегі (1980-1988) стимулдарын басқа соғыстармен салыстыруға келмейтіндігі анық. Өйткені ирандық жауынгерлер мен шаһидтердің стимулы діни-илаһи құндылықтармен біте қайнасып кеткен. Олардың ерліктері, жанкештіліктері дінді, Отанды және өз революциясын қорғау жолында болды. Қасиетті қорғаныс тақырыбында шығарма жазып, фильм түсірген шаһид Сейед Мұртаза Авини: «Егер біздің соғыс та соңғы ғасырларда орын алған соғыстар сияқты болса, мен бұл соғысқа қарсы көзқараспен фильм түсірген адамдардың алғашқы шебінен табылар едім», -деген. Иран халқының Қасиетті қорғаныс кезеңі қарсыласу мен табандылықтың жарқын беттеріне толы. Оның ауқымды қырлары бәрінен бұрын өнер құралдары арқылы мәңгіге сақталып қалды. Адамның жүрегі, ішкі жан дүниесі және ар-ұжданымен жұмыс істейтін бұл құралдар басқаларға терең ықпал ете алады. Қасиетті қорғаныс кинематографиясы статистикалық деректер бойынша Ислам революциясынан кейінгі ең көп көрермені бар киножанр болған. Қасиетті қорғаныс туралы айтулы фильмдердің басым бөлігі соғыс аяқталғаннан кейін түсірілсе де, Қасиетті қорғаныс кезінде де соғыстағы руханият мазмұнындағы фильмдер түсірілді. Оның қолданыс аясы ақлақтық сипатқа ие болды. Мысал ретінде Хасан Карбахш түсірген «Ғашықтар мекені» фильмінен қалыптардан арылуға айтарлықтай талпыныс жасалып, қорғаныс мазмұнына жақындау байқалады. Сол себепті халық пен қайраткерлер осындай фильмдерге назар аудара бастады. Басқа режиссерлер де шама-шарықтарынша Қасиетті қорғаныс тақырыбына жақындай алды. Егер Қасиетті қорғаныс киножанрын нақтырақ зерттейтін болсақ, ең маңызды режиссерлер мен солардың туындыларына тоқталып өтуіміз қажет. Бұл адамдар Қасиетті қорғаныс жанрында туынды жасап, кинематография саласында жұмыс істей бастаған адамдар болып табылады. Марқұм Расул Моллақалипур Иранның ең маңызды режиссерлерінің, сонымен қатар Қасиетті қорғаныс кино жанрындағы көрнекті фильм түсірушілердің бірі. Ол соғыс басталған жылдары соғыс алаңы мен жауынгерлерді суретке түсіру мақсатымен майданға аттанды. Содан соң біртіндеп фильм түсіруге бет бұрды. Оның алғашқы толық метражды кинотуындысы «Ненава» (Сыбызғы сарыны) деп аталады. Мұнда жауынгерлер майданға илаһи көзқараспен қарайды. Олар руханиятқа жету үшін майданға барып Отан үшін соғысу жолын таңдады. Ол бұдан кейін бір шынайы оқиғаны «Жағалауға қарай жүр» фильміне арқау етті. Сөйтіп соғыс тақырыбындағы фильмнің кеңістігін майданның алғы шебінде болып жатқан оқиғаларға жақындата түсті. Хоррамшахрдағы қақтығыстар, осы қаланың құлауындағы Иранның сатқын Президенті, революцияға қарсы Мұнафықтар мен Бани Садр ұйымдарының теріс рөлі Моллақалипур фильмінің негізгі өзегі болды. Бұған дейін соғыстың ақиқатын фильмде көрсетуді мақсат тұтқан адам кемде-кем еді. Осы тұрғыдан аталмыш фильм ілгерілеу байқалған фильм болып саналады. Моллақалипур соғыс жайлы реалистік фильмдерді түсірудегі өз талпыныстарын жалғастыра келіп, «Түнгі рейс» фильмін шығарды. Бұл туынды жабырқау сарынына байланысты көңіл аударуға тұрарлық ерекше фильм болды. «Түнгі рейс» фильмінде қисынсыз батыр жасау ұғымынан алшақ болып, Иран майдандарындағы «шаһид болу» ұғымының жергілікті түсінігін көрсетуге талпыныс жасалды. Бірақ бұл режиссердің еңбек жолы бір-біріне ұқсас фильмдерді түсіруге ғана арналған жоқ. Ол екі жылдан кейін осыған дейінгі фильмдерден басқаша «Көкжиек» фильмін түсірді. Бұл шытырман оқиғалы фильмнің билет сатылымы да ерекше болды. Мұның өзі Моллақалипурдың қақтығыс-соқтығысы мол соғыс фильмдерін түсірудегі қабілетін көрсетсе керек. «Көкжиек» – бір теңіз майданында дұшпандарды өз ерліктерімен тамсандырған жауынгерлер дастаны. Мамандар мен сыншылардың пайымдауынша, соғыстан кейінгі жылдар Моллақалипурдың Қасиетті қорғаныс киножанрында жетістіктерге жеткен жылдар болды. Ол х.ш.ж.с.б. 1374 жылы (1995 жылы) «Чезабеге сапар» және «Құтқарылғандар» атты екі фильм түсірді. Онда соғыс мәселесі мен жауынгерлер және олардың соғысу болмысы жаңа қырынан қаралған. «Құтқарылғандар» – негізгі кейіпкері әйел адам болып табылатын Қасиетті қорғаныс киножанрының алғашқы фильмі. Жараланған жауынгер жағдайға байланысты фельдшер қыздың жолында кездеседі. Жауынгер мен қыз арасындағы әңгіме көрерменді ойға батыратын түйткілдерді баяндайды. Жауынгер өзінің ең ауыр сәттерінде де өз армандарынан қол үзіп қалмайды. Бірақ құтқарушы қыз оның назарын сезімтал жағдайға аударып, онымен саяси және ақлақтық сенімдері жайлы сөйлеседі. Бұл сұхбаттар көрермен алдына соғыс фильмінің жаңа көрінісін ашып береді. «Құтқарылғандар» өмірдің шынайы жағдайы жанындағы армандардың қосындысынан тұрады. «Құтқарылғандар» фильмінің желісі соғыс майданында, жарақаттанғандар мен туысынан айырылғандар арасында өтіп жатса да, оны символдық фильм деп атауға болады. Фильмде көрсетілген бір қоғамның символдары бұл туындыны өтпелілік сипаттан айырып, оны көруге тұрарлық фильмдердің қатарына қосты. «Құтқарылғандар» «Чезабеге сапар» фильмімен қатар жазушы әрі режиссер Моллақалипурдың терең ойлап, оның алыстан саралайтындығын көрсетеді. «Чезабеге сапар» фильмі – Қасиетті қорғаныс киножанрында (адамның қазіргі уақыттан болашаққа немесе өткенге гипотетикалық тұрғыдан ауысуы) түсірілген ерекше фильм. Фильмнің желісі режиссер өзінің сазгер әріптесімен бірге фильм түсіретін алаңға келген жерден басталады. Соғыс туралы фильм түсірілу үстінде: олар қажетті адамдармен үйлестіру шараларын жасай бастайды. «Чезабеге сапар» фильмінде Моллақалипур өз қиялындағы тартымды сапарда өзінің негізгі кейіпкері, яғни жас режиссер мен сазгерді Қасиетті қорғаныс күндеріне майданның алғы шебіне апарады. Бұл қиялдағы сюрреалистік тәжірибе басты кейіпкерлер мен көрермендерде ностальгиялық сезімді оятады. Соғыс бейнесі отқа, атылған мина мен қатігездікке толы болып көрсетілсе де, Моллақалипур оның артында соғыстағы адамдарды жақсы көруге тұрарлық, өз-өзін құрбан етуге дайын, ықыласы мол адамдар етіп көрсетеді. Бұл қатынастың шарықтау шегі фильмнің соңында жаралы капитан танктің дүміне сүйеніп, ерлік сахнасы туатын кезде көрінеді. «Чезабеге сапар» фильмі руханият, ғашықтық пен жауынгерлердің ержүректігі көрінетін мезеттерге толы. Бұл фильм, сондай-ақ, Қасиетті қорғаныс жайлы қияли әңгіменің алғашқы тәжірибесі болып табылады. «Чезабеге сапар» фильмі дұшпанға табандылық танытқан соғыс кезіндегі адамдардың тағдырын баяндайды. Олардың ерліктері бүгінде аңызға айналған. Режиссердің өз кейіпкерлерінің шынайы екендігі мен көрермен көзқарасының өзгеруі қажеттігін айтуы аталмыш фильмнің көп жағдайда деректі фильмге ұқсас болып келуіне себеп болды. Бұл фильм ерекше көріністер, декорация және түсірілу тұрғысынан Қасиетті қорғаныс киножанрындағы жоғары сапалы үлгілердің бірі деп танылды.