Қыр 05, 2023 21:40 Asia/Almaty

Аса қамқор әрі ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз! Армысыздар, ардақты ағайын! Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айта отырып, «Нұрлы жол» бағдарламасының 898-бөлімін назарларыңызға ұсынып, Құран Кәрімнің аяттарына жасалған жеңіл тәпсірмен таныстыруды одан ары жалғастырамыз.

"Зухруф" сүресінің 16-18-аяттарына құлақ түріңіздер:

«أَمِ اتَّخَذَ مِمَّا یَخْلُقُ بَنَاتٍ وَأَصْفَاکُم بِالْبَنِینَ»، «وَإِذَا بُشِّرَ أَحَدُهُم بِمَا ضَرَبَ لِلرَّحْمَـنِ مَثَلًا ظَلَّ وَجْهُهُ مُسْوَدًّا وَهُوَ کَظِیمٌ»، «أَوَمَن یُنَشَّأُ فِی الْحِلْیَةِ وَهُوَ فِی الْخِصَامِ غَیْرُ مُبِینٍ»

Аяттардың аудармасы: 

Немесе Ол, жаратқандарынан қыздарды өзі алып, ұлдарды сендерге арнады ма? (16)

Олардың біреуіне Аллаға арнағанының ұқсасы сүйіншіленсе (қатының қыз тапты делінсе), беттері қарайып, оны ашу кернейді. (17)

Моншақ ішінде тәрбиеленіп, өз дауында баян ете алмайтын біреу ме? (18)

Бұл аяттарда бағзы заманда көптеген халықтарда кең таралған ырымдардың бірі жайлы айтылған. Ол бойынша кейбіреулер ер адамды әйелден артық санайды және әдетте қыз баланы өздеріне ұят санайды. Сондықтан былай делінген: Қалайша сендер ұлды қыздан артық санайсыңдар? Ұл дүниеге келгенде неменеге қуанасыңдар? Ал қыз бала дүниеге келсе, неге түрлерің бұзылып, қайғырасыңдар?

Ең сорақысы,  ұлдарды өздеріңе жақын санап, мақтан тұтасыңдар, ал қыздарды Құдайға тиесілі санайсыңдар. Ол жаратты, бірақ біздің қалауымыз болмады дейсіңдер. Өндіріс пен саудада сендерге көмек болатын, соғыс пен күрес кезінде сендердің әскери күштерің болатын ұлды өздеріңдікі санайсыңдар, бірақ үйде үлде мен бүлдеде өскен, дауласқанда үні шықпайтын қызды Құдайға қалдырасыңдар ма?

Қызды да, ұлды да Құдай жаратқаны анық. Адамзаттың сақталуы үшін екеуі де керек. Құдай алдында ешкім ешкімнен артық емес. Әйел мен еркек өмірдегі рөлдеріне байланысты әрқилы физикалық және психикалық ерекшеліктерге ие. Айырмашылықтардың бірі мынау: Әйелдердің сөйлеуі мен мінез-құлқында эмоция мен сезім басым болады. Шын мәнінде әйелдің ана ретіндегі өмірдегі басты рөліне байланысты Алла тағала оған осындай ерекшелік берді, сол себепті әйелдер соғыс пен қақтығыстарға қатысудан босатылған.  

Бұл аяттардан үйренетініміз:

  1. Қыз бен ұл арасына айырмашылық қою қате ырым мен сенімдерден бастау алады. Құран мұны қатты айыптайды.
  2. Қыздар мен әйелдердің бояну мен әшекейлерді жақсы көруі –

  құптарлық табиғи іс.

  1. Жанжал мен соғыстың қатыгез сахналары әйелдер жүретін жер емес, өйткені бұл олардың табиғатына үйлеспейді.

 

"Зухруф" сүресінің 19-20-аяттарына құлақ түріңіздер:

«وَجَعَلُوا الْمَلَائِکَةَ الَّذِینَ هُمْ عِبَادُ الرَّحْمَـنِ إِنَاثًا  أَشَهِدُوا خَلْقَهُمْ سَتُکْتَبُ شَهَادَتُهُمْ وَیُسْأَلُونَ»،

«وَقَالُوا لَوْ شَاءَ الرَّحْمَـنُ مَا عَبَدْنَاهُم مَّا لَهُم بِذَلِکَ مِنْ عِلْمٍ إِنْ هُمْ إِلَّا یَخْرُصُونَ»

Аяттардың аудармасы: 

Олар, Алланың құлдары періштелерді өздерінше әйелдерге балайды. Олар, олардың жаратылуын көріп пе еді? Олардың бұл куәліктері жазылып және сұралады. (19)

Тағы олар: “Мейірімді Алла, қаласа еді, біз періштелерге табынбас едік” деді. Олардың оған байланысты мәліметтері жоқ. Олардікі мүлде межелеу ғана. (20)

 

Мүшріктердің қате сенімдерінің бірі мынау: Олар періштелерді Құдайдың қыздары деп санайды. Осы қате сенімге табандап тұрғаны сондай, тіпті періштерлерді жарату кезінде қарап тұрғандай, Құдай қыз туғанын көргендей! Ең сорақысы, мүшріктер періштелерге құлшылық етіп, оларды дүние істерін жоспарлауға қатысы бар деп санайды. Мұндай сенімдер негізсіз болжамдардан туындаған. Мұны ешбір ғылым растамайды. Сондықтан Құран: "Олардың бұл қате уәждері Қиямет күні сұраққа алынады, бірақ оларда жауап болмайды",-дейді.    

Бұл аяттардан үйренетініміз:

  1. Періштелер – Құдайдың перзенттері емес, жаратқан мақлұқтары. Олар адамдар сияқты әйел-еркек деп бөлінбейді.
  2. Құдайдың мақлұғына – періште болса да, хазірет Иса сияқты адам болса да – құлшылық еткендер Қиямет күні сұралады.
  3. Аузымыздан шыққан сөздердің бәрі із-түзсіз жоғалады деп ойлаймыз. Бірақ айтқанымыздың бәрі болмыс жүйесінде тіркеледі. Бір күні айтқан сөздерімізге жауап беруіміз керек.
  4. Өзіміздің бұрыс ісімізді Құдайға жаппай-ақ қояйық. Өйткені халыққа жетекші болсын деп пайғамбар мен кітап жіберген Құдай ешқашан бізге бұрыс жолды таңда деген жоқ.

 

"Зухруф" сүресінің 21-22-аяттарына құлақ түріңіздер:

 «أَمْ آتَیْنَاهُمْ کِتَابًا مِّن قَبْلِهِ فَهُم بِهِ مُسْتَمْسِکُونَ»، «بَلْ قَالُوا إِنَّا وَجَدْنَا آبَاءَنَا عَلَى أُمَّةٍ وَإِنَّا عَلَى آثَارِهِم مُّهْتَدُونَ»

Аяттардың аудармасы: 

Немесе оларға бұдан бұрын бір кітап бердік те соған жабысуда ма? (21)

Керісінше, олар: “Аталарымызды бір жол үстінде таптық. Расында біз де олардың іздеріне түсіп, тура жол табамыз” дейді. (22)

Мүшріктердің бұрыс сенімдері туралы өткен аяттардың жалғасында мына аяттарда олардың шығу себебі айтылып: "Олар өз ырымдарын пайғамбарлардың тағылымдары мен илаһи кітаптарға негіздей алмайды, өйткені ешбір пайғамбар мұндай ырымды өз халқына үйретпеді. Керісінше олар өз ата-бабаларының жолын ұстанып, осындай ырымдарды қабылдады. Ал олардың ата-бабаларының өздері жәһілдік пен надандыққа душар болып, ғылым мен білімнен жұрдай еді. Олар жалған болжамдарға сүйеніп, Құдайға бірдеңелер теліді",-делінген.

Басқа сөзбен айтқанда, мұндай бұрыс сенімдердің ғылыми және логикалық негізі жоқ, бұрынғы пайғамбарлар арқылы келген кітаптарға да негізделмеген. Ата-бабаның сенімдеріне соқыр еліктеу олардың халық арасында кең таралуына себеп болды. Ал түсінігі мол ақылды адам өз ойы мен сенімін еліктеуге, әсіресе жәһілге еліктеуге негіздемейді.    

Бұл аяттардан үйренетініміз:

  1. Ойлар мен сенімдер ақылға немесе уәһиге негізделуі тиіс. Ақыл мен уәһиге үйлеспейтін нәрсе – ширк және ырым. Ол бір қоғамның мәдениеті, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі ретінде танылса да ширк саналады.
  2. Ата-баба мұрасын сақтау деген сылтаумен қоғамда қате рәсімдерді таратып, жарнамалауымыз керек.
  3. Құран бойынша соқыр еліктеушілік пен қисынсыз мінез-құлыққа әкелетін кез келген этникалық, ұлттық, нәсілдік және тілдік фанатизм қабылданбайды.

 

Бүгінгі бағдарлама осымен аяқталды. Баршаңызды бір Аллаға тапсырамыз.