Ақп 04, 2024 21:55 Asia/Almaty

Аса қамқор әрі ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз! Армысыздар, ардақты ағайын! Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айта отырып, «Нұрлы жол» бағдарламасының 914-бөлімін назарларыңызға ұсынып, Құран Кәрімнің аяттарына жасалған жеңіл тәпсірмен таныстыруды одан ары жалғастырамыз.

"Духан" сүресінің 51-55-аяттарына құлақ түріңіздер:

«إِنَّ الْمُتَّقِینَ فِی مَقَامٍ أَمِینٍ»، «فِی جَنَّاتٍ وَعُیُونٍ»، «یَلْبَسُونَ مِن سُندُسٍ وَإِسْتَبْرَقٍ مُّتَقَابِلِینَ»، «کَذَلِکَ وَزَوَّجْنَاهُم بِحُورٍ عِینٍ»، «یَدْعُونَ فِیهَا بِکُلِّ فَاکِهَةٍ آمِنِینَ»

 

Аяттардың аудармасы:

Шын мәнінде тақуалар аман бір орында болады; (51)

Бақшаларда, бұлақтарда, (52)

Жұқа қалың жібектер киіп, ерсілі-қарсылы отырады. (53)

Осы сияқты, сондай-ақ оларды бота көз хұрлармен үйлендіреміз. (54)

Ол жерде бейбіт түрде әр түрлі жемісті сұрай алады. (55)

 

Өткен бағдарламада залымдар мен күнәһарлардың тозақтағы жағдайы айтылды. Бұл аяттарда әділдердің жәннаттағы жағдайы сипатталып, былай делінген: "Олардың орны толығымен қауіпсіз. Кез келген қайғы мен азаптан, түрлі апаттан қорғалу, яғни қауіпсіздік пен денсаулық сезіну – Құдайдың ең үлкен нығметі. Бұл дүниеде кім осы нығметке ие болса, көңілі жайланып, тыныш өмір сүреді".

Жәннаттықтар мекені бақтар мен тоғайлардың ортасында, түрлі бұлақтар мен сарқырамалардың жанында болады. Мұның өзі өте қызықты әрі көңілді көтереді. Өйткені онда алуан түрлі нәрселер бар. Жәннаттықтар ешқашан мұндай жерден жалықпайды да шаршамайды. Бұ дүние жібек киім өзінің жұмсақтығымен және әдемілігімен танымал. Алла тағала жәннат иелеріне ақыретте жібек киім беруге уәде еткен. Әрине жібек киімдердің сән үлгісі, түсі мен пішіні әртүрлі болады. Олар әрқашан таңғажайып сұлулық, сонылық пен тартымдылыққа ие болатындай тігіледі. Жәннаттықтардың қарым-қатынасында адамгершілік пен махаббат орнаған. Олар тыныштық, жақындық пен руханилыққа толы басқосуларда ешбір артықшылықсыз бір-біріне қарама-қарсы жайғасады.

Қайта тірілген кезде адамның физикалық түйсіктері де онымен бірге болғандықтан, Алла тағала жәннаттықтарға бұ дүние тұрғындарының қиялы жетпейтін ең әдемі әйелдерді жұбай етіп береді. Дүниеде харамға қарамай, етектерін хараммен ластамағандарға ақыретте өте жақсы өтеу болады.

Ішіп-жеу – адамның басқа да физикалық қалауларының бірі. Жәннаттықтар не тілесе, жәннатта бәрі даяр болады. Жылдың белгілі бір мезгілдерінде ғана емес, әрқашан ағаштарда жемістер өсіп тұрады. Оларды теріп жей беруге болады. Бұл түрлі-түсті де дәмді жемістер әрқашан қолжетімді және оларды жинау адамдарға қиын болмайды.  

Бұл аяттардан үйренетініміз:

  1. Толық тыныштық пен қауіпсіздік – жәннаттағы ең маңызды илаһи нығметтердің бірі. Олар басқа нығметтерден бұрын айтылған. Жәннатта зұлымдық, қауіп-қатер мен өлімге ұшыраймын,  нығметтен айырыламын деген қорқыныш жоқ.
  2. Адамды жәннаттың ең биік дәрежесіне жеткізетін нәрсе – тақуалықты сақтау және харам, орынсыз әрекеттерден аулақ болу.
  3. Бұ дүниеде адам зияндылығына байланысты тыйым салынған істерден аулақ болса, оның бұл ісі жәннатта ең жақсы қалыпта өтеледі.
  4. Жәннаттықтар арасында достық қатынас орнаған. Олар бір-бірімен араласып, әңгімелесуден ләззат алады.

 

"Духан" сүресінің 56-57-аяттарына құлақ түріңіздер:

 

اکنون به تلاوت آیات 56 و 57 از سوره دخان گوش می‌سپاریم:

«لَا یَذُوقُونَ فِیهَا الْمَوْتَ إِلَّا الْمَوْتَةَ الْأُولَى وَوَقَاهُمْ عَذَابَ الْجَحِیمِ»، «فَضْلًا مِّن رَّبِّکَ  ذَلِکَ هُوَ الْفَوْزُ الْعَظِیمُ»

 

Аяттардың аудармасы:

Ол жерде дүниедегі алғашқы өлімнен басқа ешбір өлім татпайды. Алла оларды тозақтың азабынан сақтаған. (56)

Раббыңнан кеңшілік, міне осы зор қол жеткендік. (57)

 

Дүниеде адамдарды толғандыратын мәселелердің бірі – өлім мәселесі. Өлім адамдарды туған-туыстан, достардан және басқа да қарым-қатынастардан айырады. Бірақ Құдай жәннаттағы адамдар өлмейді және мәңгілік болады деп уәде берді. Жәннаттықтардың мәңгі өмір сүретіні Құран Кәрімнің көптеген аяттарында айтылып, «Халедин фиһа» деген тіркеспен қайталанады.

Өлім оларды жәннаттан ажыратпайды, олар ешқашан жұмақтан тозаққа бармайды. Кейбір адамдар күнәлары үшін алдымен тозаққа түсуі мүмкін, бірақ олардың жүректері мен жандары күнәнің тотынан тазартылған соң жәннатқа кіреді.

Алайда жәннатқа кіргендерді Алла кешіріп, тозақ азабынан сақтайды. Сондықтан олар енді азап пен жазаға тартыламыз деп алаңдамайды. Құран тағы бір маңызды жайтқа назар аударып, былай дейді: Бұл нығметтердің барлығы Алланың рақымына негізделген. Өйткені табиғи және қалыпты тәртіп бойынша шектеулі іс істейтін пенделер шексіз де мәңгілік нығметтерге лайық емес. Бірақ Алла Тағала өз рақымымен осы нығметтердің барлығын таза да адал адамдардың игілігіне беріп, оларды жай адамның ешқашан ойына келмейтін табысқа кенелтеді. Алайда сауаптардың барлығына қол жеткізу – жәннат тұрғындары үшін үлкен жеңіс. Ал бұған Алланың рақымымен ғана қол жеткізуге болады.

Бұл аяттардан үйренетініміз:

  1. Кім жәннатқа кірсе, одан шықпайды, сонда мәңгі қалады.
  2. Кімде-кім бұл дүниеде нәпсіқұмарлықтан тыйылып, күнәдан сақтанса, Алла оны ақыретте тозақ отынан сақтайды.
  3. Дүниедегі игі істеріміз шектеулі әрі аз, оларды Алланың жәннатындағы ұлы нығметтермен салыстыруға келмейді. Демек, жәннәт пен ондағы ізгі адамдардың табысы Алладан талап емес, Оның рақымының арқасында беріледі.

 

"Духан" сүресінің 58-59-аяттарына құлақ түріңіздер:

«فَإِنَّمَا یَسَّرْنَاهُ بِلِسَانِکَ لَعَلَّهُمْ یَتَذَکَّرُونَ»، «فَارْتَقِبْ إِنَّهُم مُّرْتَقِبُونَ»

Аяттардың аудармасы:

 (Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде олардың үгіт алулары үшін Құранды сенің тіліңнен ғана оңайластырдық. (58)

Нәтижені сен де күт. Расында олар да күтуде. (59)

 

"Духан" сүресінің соңғы аяттарында ардақты пайғамбарымызға былай делінген: Уахидың мақсаты – адамдарды ғапылдықтан шығарып, өздеріне қарайлауға назар аудартып, ескерту жасау.

Қарапайым адамдардың көпшілігі пайда көрмейтін ғылыми кітаптарға қарағанда, Құран мазмұны терең болғанымен, қарапайым, жатық, барлық топтарға түсінікті. Оның ойлары ғибратты, өрнектері түсінікті, дәлелдері айқын да салмақты. Сондықтан оның аяттары дайындалған жүректерге еніп, оларды оятады. Бірақ теріске шығарып, қарсылық білдіріп, қыңырлық танытатын адамдарға бұл аяттар қанша оқылса да, олар түсінбейді. Өйткені олар ақиқатты қабылдағысы келмейді. Ұйықтап жатқан сыңай танытқан адам сияқты. Оны қанша шақырсаң да, ол оянбайды. Сол кәпірлер мен терістеушілер сенің де, дініңнің де сәтсіздікке ұшырауын күтуде. Ал сен хақ діннің қырсық кәпірлерді жеңіп, күпірлік пен ширкті жоятыны туралы илаһи уәденің орындалғанын күт.

 

Бұл аяттардан үйренетініміз:

  1. Құран ілімдері жұртшылық үшін қарапайым әрі түсінікті тілмен баяндалуы керек. Өйткені ол белгілі бір топқа немесе халыққа емес, жалпы жұртшылыққа бағыт-бағдар беруді көздейді.
  2. Алла илаһи кітаптар мен пайғамбарлар жіберу арқылы адамдарға бар дәлелін келтіріп, міндетін орындады. Кімде-кім ақиқатты әдейі қабылдамаса, Алланың қаһарын күтуі керек.

Осымен бүгінгі бағдарлама аяқталды. Аман-сау болыңыздар!