Maм 23, 2016 13:47 Asia/Almaty
  • Аптаның экономикалық журналы 77

Иран санкциялар жойылғаннан кейінгі кезеңде қарсыласу экономикасын жүзеге асыру бағытындағы іс-әрекеттерге көшті. Бұл стратегиялық мақсат елдің сыртқы саясаты мен экономикалық байланыстарын кеңейту негізінде қуатталады.

Экономикалық журналдың алғашқы бөлімі осы тақырыпқа арналады.

Иран президенті Хасан Рухани жексенбі күні кешке «Ортақ қадам жан-жақты бағдарламасы: мүмкіндіктер мен мұрсаттар» атты тақырыпта өткен отырыс аясында Иранның шетелдердегі елшілері мен өкілдіктерінің төрағаларымен кездесуде ядролық келіссөздездердің табысты нәтижелеріне тоқталып: «Бүгін «Ортақ қадам» бағдарламасы арқылы Иранға қарсы ядролық тақырыпта өтірік айтылып келген Ираннан үркіту үдерісінің үлкен бөлігі жойылды, бірақ Иран халқының дұшпандары тарапынан Ираннан үркіту жобасы басқа тақырыптар бойынша, соның ішінде лаңкестік тақырыбында жалғасып отыр. Соған табандылық танытып, қарсыласу керек» деді.

Рухани Иранның жерінің үсті мен астындағы бай табиғи ресурстары және жас, оқыған, іскер адами күші мен елдің басқаларға үлгі боларлықтай қауіпсіздікке ие болуын тілге тиек етіп, шетелдердегі Иранның елшілеріне елдің мүмкіндіктері мен мұрсаттарын шетелдік инвесторларға жақсылап түсіндіру керектігін қуаттады. Үкіметтің баспасөз хатшысы Мохаммад Бағер Ноубахт те шетелдердегі ИИР-ның елшілері мен өкілдіктерінің төрағаларымен өткен отырыста ИИР-ның шетелдермен байланыстарының артуынан туындаған нәтижелер туралы баяндап: «Осы уақытқа дейін «Ортақ қадам» бағдарламасына қол қойылған уақыттан бері елде 3 миллиард доллардан артық тікелей шетелдік инвестицияның салынуын жүзеге асырдық. «Ортақ қадам» бағдарламасынан кейінгі кеңістікте Иранның мұнай экспортының мөлшері екі еседен астам артты. 8 президенттің, 3 премьер-министрдің, 3 парламент төрағасының, 28 Сыртқы істер министрінің Иранға сапармен келіп кетуі шетелдіктердің Иранның дамып келе жатқан экономикасына көңіл аудару үшін түрткіге ие екендіктерін көрсететін айтарлықтай белгілер» деді.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы Иранның сыртқы қарым-қатынастарының дамуы мен әлеммен сындарлы әрекеттестік жасауында теріске шығаруға келмейтін әсерлерге ие болғанымен, кейбір сарапшылар Американың аяқтан шалуын ядролық тақырып және «Ортақ қадам» бағдарламасының мазмұнымен тікелей байланысы жоқ болғанымен іс жүзінде шетелдіктердің Иранмен банк саласында әріптестік жасауы үшін кедергі санайды.

Англияның HSB банкі осы аптада Иранмен сауда байланыстарын жасамайтынын мәлімдеді. Себебі Америка америкалық емес банктерді америкалық банктер үшін әлі рұқсат етілмеген мәмілелерді жасауға ынталандырады.

Мұндай арандатушылықтар Американың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри өткен аптаның бейсенбі күні еуропалық банктер мен қаржы мекемелерінің өкілдерімен кездесуде оларды Иранның заңды компаниялары және мекемелерімен сауда жасаудың Американың жазаларын қамтымайтындығына сендірген жағдайда жалғасып жатыр.

Иран мен Қытай мұнай мен газ және мұнай-химия салаларына қатысты бес жылдық ұзақ мерзімді серіктестік меморандумына қол қойды.

Иран мен Қытай арасында қол қойылған бес жылдық серіктестік меморандумы мұнай мен газ және мұнай-химия, газ конденсатымен байланысты барлық салаларды, сонымен қатар бұрғылау, дамыту және өндірісті арттыру, мұнай-газ жабдықтарын жасау және осы салаларға инвестиция салуды қамтиды.

Осы меморандумға сәйкес ирандық және қытайлық компаниялар санкция жылдарындағы тәжірибелерді қолданатын болады. Қазіргі уақытта «Ортақ қадам» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы қытайлық компаниялардың мұнай, газ және мұнай-химия жобаларына қатысуы үшін қажетті жағдайлар әзірленді. Қытайлықтар жаңа жобаларға қатысуға ынта танытуда.

Иран әлемде мұнай және қуатпен қамтамасыз етуде маңызды рөлге ие. Қытай президенті Теһранға жасаған жуырдағы сапарында мұнай, газ және мұнай-химия өнеркәсібі салаларында серіктестіктерді арттыруға мүдделік танытты. Қытайдың энергетика ұлттық ұйымы басшысының орынбасары бұл туралы: «Қытайлық компаниялар жылына Ираннан 2500 тонна мұнай сатып алады. Біз серіктестіктің жаңа кезеңінде Иранның өндірілген мұнайының 50 пайызының Қытайға экспортталуын сұраймыз» деді.

Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане Қытайдың ұлттық Энергетика агенттігі басшысының орынбасарымен кездескен соң Иран Телерадио бірлестігінің тілшісіне берген арнайы сұхбатта: «Иранның саясаты Қытаймен байланыстарды мұнай, газ және мұнай-химия саласында дамыту болып табылады. Біз Қытайға стратегиялық серіктес ретінде қараймыз. Солтүстік «Азадегеннің» екінші фазасы мен «Йадаваран» мұнай алаңының дамыту жобасын қытайлықтардың ықтиярына береміз. Қытайлықтармен байланыстарымыз артып, олар да өздерінің мәселелерін шешуі үшін қытайлық тараппен қабылдауға келетін аяда жан-жақты серіктестік жасап, тиісті жағдай қалыптастыруға әзір екендігімізді қуаттадық» деді. Зангане сонымен қатар екі елдің Иранның ішінде құрал-жабдық өндіру саласында серіктестік жасауды қарастырғандықтарын хабарлап: «Қаржы және несие тақырыптары саласында, сонымен қатар жобаларды қаржыландыру, әсіресе мұнай-химия жобалары туралы сұхбаттар жүргізілді. Қытайлықтар мұнай-химия саласындағы кейбір жобаларды да қаржыландыратын болды» деді.

Жексенбі күні Қытай Халық республикасының ұлттық Энергетика ұйымы мен Иранның Мұнай министрлігінің халықаралық істер және сауда басқармасы арасында қол қойылған меморандум Иран мен Қытайдың серіктестіктерін энергия секторында дамытатын маңызды жайттарды қамтыды.

Иран мен Әзірбайжан республикасы да өздерінің ынтымақтастықтарын әртүрлі салаларда кеңейтетін болды. Осы аптада Баку қаласында ИИР мен Әзірбайжан республикасы қайраткерлерінің және екі елдің белсенді компаниялары өкілдерінің қатысуымен ауылшаруашылық және тамақ өнеркәсібі салаларында экономикалық форум өтті.

Экспорт пен инвестицияны ынталандыру қорының Әзірбайжан республикасының Ауылшаруашлылығы министрлігінің серіктестігімен өткізілген форумға Иранның Джиһад және ауылшаруашылығы министрі Махмуд Ходжати мен Әзірбайжан республикасының Ауылшарушылығы министрі Хейдар Асадов және ИИР-ның Әзірбайжан республикасындағы елшісі Мохсен Пакайин қатысты.

Иран мен Әзірбайжан екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды, әсіресе ауылшаруашылығы байланыстарын неғұрлым арттыру үшін іс-әрекеттер жасады. Ходжати Ауылшаруашылығы бөлімінің Теһран мен Баку серіктестіктерін дамытуда үлкен үлеске ие бола алатынын айтты. Әзірбайжан республикасының Ауылшаруашылығы министрі Хейдар Асадов та форумға Иран мен Әзірбайжанның 80-нен астам компаниял басшылары мен өкілдерінің қатысып отыруын жеке сектордың ауылшаруашылығы бөлімінде серіктестіктерді арттыруға деген екіжақты ықыласының белгісі деп атады.

Асадов Иранның Ауылшаруашылығы министрімен ауылшаруашылығының әртүрлі салаларындағы, соның ішінде мал шаруашылығы саласындағы зерттеулер мен оқыту саласындағы серіктестіктерді кеңейту бойынша өткізілген келіссөздерді маңызды деп бағалады.

Теһранда Таяу Шығыс аймағындағы темір жол арқылы тасымалдау саласындағы ең үлкен көрме UIS Одағы бас хатшысының, Аутизм ұйымының бас хатшысының, ЭКО ұйымының бас хатшысының және мүше елдердің темір жол басшылары мен Россия Темір жолы компаниясының қатысуымен ашылды.

Иран Темір жол компаниясының атқарушы директоры Мохсен Пурағайи «Таяу Шығыс аймағындағы темір жол тасымалы» атты төртінші көрменің жұмысының басталу рәсімінде Иранның транзит саласында ерекше орынға ие екендігін, соның ішінде шығыстан батысқа, солтүстік пен оңтүстікке жүк тасымалдауда тиімді бағыт болғанын айтып: «Бүгінде Иранда 10 мың 500 км темір жол салынған. Осы санға 9 мың км жаңа темір жол қосылады деп жоспарлануда. Оның бес мың км аяқталды» деді.

Иранның темір жолы 1404 жылы жүктің 60 пайыздық артуына жетеді деп болжанған. Жолаушы тасымалы саласында да 18 пайыздық дамуға қол жеткізіледі деп жоспарланған. Темір жолдың бүгінгі басты бағдары тағы да жолдар салып, сол жолдарды көршілес елдерге жеткізу.

Иран темір жолы қазір Түркіменстан, Түркия және Әзірбайжанға қосылған. Шаламче арқылы Иракқа және Хаф-Герат атқылы Пәкістанға қосу үшін қысқа мерзімді бағдарламалар орындалып жатыр. Иранның темір жолы сондай-ақ елдің төрт портына: Бандар-Аббасқа, Бандар-Хоррамшаһрға, Бандар-Емам мен Бандар-Амирабадқа қосылған.

Қытай мен Иран арасындағы тауар айналымындағы 3 мың жылдық тарихқа ие ежелгі Жібек жолы екі ай бұрын осы жолда орналасқан елдердің, соның ішінде Қазақстан және Түркіменстанның әріптестігімен жанданды.

Ауғанстанның СІМ Иранмен Чабаһар портын пайдалану үшін өте жақын арада үш жақты келісімге қол қойылатынын хабарлады.

Салаһ удд-Дин Раббани Кабулда Ауғанстан Сыртқы істер министрлігінің экономикалық серіктестіктер басшысының орынбасарын таныстыру рәсімінде. «Бірнеше аптадан кейін ИИР мен Ауғанстан және Үндістан елдерінің өкілдері Чабаһар портын пайдалану үшін үшжақты келісімге қол қояды» деді.

Осыдан біраз уақыт бұрын Ауғанстан мен Иран және Үндістан өкілдері Чабаһар портын пайдалану туралы келісімнің жобасына қол қойған болатын. Енді ИИР Чабаһар порты аумағының 50 гектарын инвестиция салу үшін ауған бизнесмендеріне береді.

Үнді мұхиты елдерінің азат аймақтары басшыларының саммиті осы аптада Чабаһарда мүше елдердің азат аймақтарда технологиялармен, техникалық және басқарушылық шеберліктерімен алмасуы үшін қолжетімді салаларды таныстыру және атқарушы топтарды құру мақсатында аталмыш одаққа мүше 20-дан астам елдің және әртүрлі елдердің ресми қайраткерлері мен компаниялары директорларының қатысуымен өтті.

Халықаралық Валюта қоры басшысының бірінші орынбасары Дэвид Липтон осы ұйымның мамандары және сарапшыларын бастап, Иранның жоғары деңгейлі қайраткерлерімен кездесіп, экономикалық мәселелер туралы пікір алмасу үшін Теһранға келді.

Халықаралық Валюта қоры басшысының бірінші орынбасары Дэвид Липтонның жетекшілігімен келген делегация Иранның жоғары деңгейлі кейбір қайраткерлерімен, соның ішінде президент кеңсесінің басшысымен, орталық банктің бас хатшысымен, Басқарма және бағдарлау ұйымының төрағасымен, Мұнай министрі және экономика саласының мамандарымен, банкирлер және жеке сектордағы бизнесмендермен кездесіп, сұхбаттасты. Халықаралық Валюта қоры халықаралық ақша механизмдерінің орындалуын бақылайды. Бұл қор әлемдегі экономикалық жағдайды бағалап, болжайтын ең беделді қорлардың бірі саналады. Аталмыш қордың Иранға келген делегациясының үш күндік сапары Иранның әлемдік экономикаға қайтадан енуі үшін мүмкіндіктер мен мұрсаттарды жақсырақ анықтап, халықаралық тәжірибелер үшін сенім қалыптастыруда лайықты мүмкіндік жасады.