Ақп 15, 2016 14:11 Asia/Almaty
  • Аптаның экономикалық журналы (60)

Иранның Мұнай министрі: "АҚШ-ның визаға шектеу қою заңы шетелдік, әсіресе еуропалық делегациялардың Иранға сапар шегуіне еш әсерін тигізбейді" деді.

АҚШ Конгресінің бір шешімі бойынша, Америкаға сапар шегуде виза режимінен босатылған 38 елдің азаматтары, егер өткен 5 жылдың ішінде Иран, Ирак, Сирия және Суданға сапар шеккен болса немесе келешекте сапар шегетін болса бұл мүмкіндіктен мақұрым қалады. АҚШ-тың жаңа шешіміне сәйкес, 38 елдің азаматы осындай жағдайда АҚШ-қа кіру үшін виза алуы тиіс болады. Иран АҚШ-тың бұл әрекетінің «Ортақ қадам» бағдарламасын бұзатынын мәлімдеді. Бірақ АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри өзінің ирандық әріптесі Зарифке жолдаған хатында бұл шешімнің АҚШ-тың «Ортақ қадам» бағдарламасы шеңберіндегі міндеттеріне еш әсер етпейтіндігін қуаттады.

Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане ИРНА- ға берген сұхбатында АҚШ-тың визаға шектеу қою жаңа заңының шетелдік, әсіресе еуропалық делегациялардың Иранға сапар шегуіне тигізетін кері әсері туралы: «Бұл заң еуропалық елдер үшін еш қиыншылық туғызбайды. АҚШ үкіметі Иранға қатысты бұл заңды тоқтататынын мәлімдеді» деді. АҚШ-тың жаңа шектеулеріне қарамастан өткен апталарда еуропалық және испаниялық түрлі мұнай делегациялары Иранға сапар шегіп, санкциядан кейінгі ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізді.

Рухани үкіметінің Иранның экономикалық бағдарламаларын жүзеге асырудағы басты бағыты Қарсыласу экономикасы болып табылады.

Иран президентінің бірінші орынбасары Исхақ Джаһангири Иранның Энергетика министрлігінің жоғарғы басшыларымен отырысы аясында тілшілерге берген сұхбатында: «Осы саясатты жүзеге асыру үшін барлық ішкі және сыртқы мүмкіндіктерді пайдалану керек. Әлеммен қарым-қатынаста да шетелдік көздер мен олардың технологияларын пайдалануымыз керек. Шетелдік нарықтарды ешуақытта назардан тыс қалдырмаған жөн» деді.

Иран президентінің біріші орынбасары экономикадағы халықтың рөлін нығайту қажеттігін қуаттап: «Халықтың экономикаға атсалысуы үшін оны халыққа қолжетімді ету керек. Сол себепті Қарсыласу экономикасы саясаттарын жүзеге асыруда халықтың экономикаға қатысуы жолындағы кедергілерді анықтап, бейтараптандыру үшін жағдай жасалуы тиіс» деді. Ол сонымен қатар экономикалық, қоғамдық және әкімшілік белсенділіктерде Иран экономикасын негіздендіруді қуаттап: «Біз үкіметтік бағдармалар кешенінде Қарсыласу экономикасын қабылдадық. Бұл Иранның санкциялардан кейінгі кезеңдегі экономикасына әсер ете алады. Сол себепті оны жүзеге асыруға бел будық. Иранның экономикасындағы мұнайдың үлесі өткен 20 жыл ішінде орта есеппен 16 пайыз болды. Үкіметтің алдағы жылға арналған бюджетін реттеудегі бағыты шикі мұнай экспортынан түскен валюталық табыстарға тәуелділікті 25 пайызға дейін төмендету болып табылады» деді.

Теһран осы аптада бірнеше экономикалық делегацияны қабылдады.

Данияның Сыртқы істер министрі осы аптада саяси және экономикалық делегациямен бірге Теһранға келіп, Иранның қайраткерлерімен саяси және экономикалық салалардағы екіжақты әріптестіктер туралы сұхбаттасты.

Иранның Сыртқы істер министрі Зариф өзінің даниялық әріптесімен кездескеннен кейін Данияның экспорттық және импорттық банктері мен Иранның Экономика және қаржы министрлігінің инвестиция басқармасының арасында өзара түсіністік меморандумына қол қойылғаны туралы хабарлап: «Еуропалық компаниялардың Иран экономикасы мен инвестициялық нарықтағы құзыры үшін ешқандай кедергі жоқ» деп қуаттады.

Данияның Сыртқы істер министрі Кристиан Хансен Иранды маңызды әрі ықпалды ел деп атап, Теһран-Копенгаген қарым-қатынастарының деңгейін жоғарылатуға мүдделік танытып, өз елінің Иранмен ынтымақтастықты кеңейтуге әзірлігін мәлімдеді.

Осы сапармен тұспа-тұс Иран мен Данияның сауда-экономикалық конференциясы Данияның Сыртқы істер министрінің қатысуымен өтті. Бұл конференцияда Данияның экономика және өнеркәсіп салаларындағы белсенді 120 компаниясының мүшелері мен Иранның экономика және өнеркәсіп салаларының белсенділері қатысты. Теңіз тасымалы мен логистика, денсаулық сақтау және емдеу, азық-түлік шаруашылығы мен ауылшаруашылық, қаржылық және банктік қызметтер, энергетика мен таза технологиялар Данияның экономикалық-өнеркәсіптік делегациясының қызмет жасайтын салалары болып табылады.

Иранның Энергетика министрі Хамид Читчиан да Данияның Сыртқы істер министрімен кездесуінде екі елдің қарым-қатынастарының деңгейін арттыру туралы екіжақты келіссөздердің нәтижелеріне тоқталып, «Ортақ қадам» бағдарламасы жүзеге асырылғаннан кейін Иран мен Данияның экономикалық ұйымдарының ынтымақтастықтары үшін мүмкіндіктердің туындайтындығына үміт білдірді.

Иранның Энергетика министрі: «Иран электр қуаты саласында шетелдік инвесторлар үшін алдағы бірнеше жылға арналған құны 28 миллиард долларды құрайтын жоба дайындады» деді.

Иранның Энергетика министрі Хамид Читчиан ИРНА-ға берген сұхбатында алдағы 10 жыл ішінде Иранның электр қуаты өндірісінің мөлшеріне 47-50 мың мегаВатт қуат қосылатынын айтып: «Жобалардың егжей-тегжейі мен белгілі бір бөлімнің үлесі және тағы да басқа мәселелер бойынша түрлі елдерден келген шетелдік компаниялармен келіссөздер өтті» деді.

Бағдарламамыздың жалғасында Иранның көршілес екі ел – Ауғанстан және Пәкістанмен экономикалық әріптестіктері туралы хабарымызды ұсынамыз.

Ауғанстан президентінің бірінші орынбасары әрі Ұлттық бірлік үкіметінің атқарушы төрағасы Абдолла Абдолла дүйсенбі күні Исхақ Джаһангиридің ресми шақыруымен жоғары дәрежелі делегацияны басқарып, үш күндік сапармен Теһранға келді. Осы қайраткермен бірге Ауғанстанның Сауда және өнеркәсіп, Еңбек және қоғамдық істер, Мигранттар ісі, Тасымал және Авиация министрлері мен атқарушы төрағаның орынбасары да келді.

ИИР перзидентінің бірінші орынбасары Исхақ Джаһангири Ауғанстан президентінің бірінші орынбасары әрі Ұлттық бірлік үкіметінің атқарушы төрағасымен екі сағатқа созылған кездесуінен кейін тілшілерге берген сұхбатында Иран мен Ауғанстанның сауда-экономикалық қарым-қатынастарына тоқталып: «Қазіргі уақытта екі елдің арасында жақсы сауда қатынасы бар. Сауда айналымының көрсеткіші де жоғары болып 2,5 миллиард долларды құрайды» деді.

Иран президентінің бірінші орынбасары Чабаһар портын Иран мен Ауғанстанның экономикалық қарым-қатынас деңгейін көтеру үшін жақсы мүмкіндік деп атап, Ауғанстанның бұл мүмкіндікті өзінің транзиттік тауарлары үшін қолдана алатынын айтты. Ол сонымен қатар «Хаф-Герат» темір жол желісінің құрылысына тоқталып, аталмыш темір жол желісінің жылдам салынып, қолданысқа берілетіндігін мәлімдеді.

Осы отырыста Ауғанстан Ұлттық бірлік үкіметінің атқарушы төрағасы Абдолла Абдолла да Ауғанстан мен Иранның сауда-экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейтіп, тауар транзитін жеңілдетуді қалайтынын айтты.

Осы сапармен тұспа-тұс ИИР-ның Кабулдағы екінші мамандандырылған көрмесінің есфанд айының 11-14 күндері өткізілетіні белгілі болды. Осы отырыстың барысында құны 100 миллион долларды құрайтын сауда келісіміне қол қойылады деп болжануда. Ауғанстанның Ираннан импортының мөлшері 3 миллиард долларды құрайды. Мамандардың айтуынша, Ауғанстанның Ираннан импортының құрамы өзгеріс үстінде. Бұл дегеніміз, Иран бұрын бұл елге дайын өнімдерді, соның ішінде, құрылыс материалдарын, азық-түлік өнімдері мен үй керек-жарақтарын экспорттаса, енді бұл тауарлардың орнына шикізат берілетін болды. Ауғанстанның Ұлттық бірлік үкіметінің атқарушы төрағасы Абдолла Абдолланың Теһранға сапарында бірнеше құжатқа, соның ішінде туризм саласындағы әріптестік құжатына қол қойылды.

Пәкістанның Сауда министрі осы елдің Сенат мәжілісінде: «Исламабад Теһранмен екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды нығайту мақсатында Иранмен ауқымдырақ әріптестік жасап жатыр» деді.

Daily Pakistan газеті өзінің интернет сайтында осы хабарды жариялап, былай деп жазды: «Өткен аптада Сенат мәжілісінде сөз сөйлеген Хуррам Дастгир: «Иранмен екіжақты қарым-қатынас Пәкістанның премьер-министрі Наваз Шарифтің 2014 жылдың мамыр айында Иранға жасаған сапарынан кейін қарқындай түсті. Екі ел екіжақты сауда айналымының көлемін 5 миллиард долларға жеткізуге міндеттеме қабылдады. Пәкістан үкіметі Иранмен ортақ бірнеше маңызды жобамен айналысып жатыр. Олардың арасында газ тасымалдау құбырларының құрылысы мен электр қуаты импорты туралы жобалар да бар. Үкімет «Гвадар-Навабшаһ» газ тасымалдау құбырлар желісі жобасының бірінші фазасының құрылысына байланысты келісімді қорытындылау жұмыстарын бастады. Екінші фазада осы құбырлар желісінің қалған 80 шақырымы Иранға қарсы санкциялар жойылғаннан кейін салынатын болады. Бұл ел сонымен қатар ағымдағы айда Ираннан электр қуаты импортының мөлшерін қазіргі 74 мегаватт деңгейінен 100 мегаваттқа жеткізетін болады» деді».

 «Iran Khodro» өнеркәсіптік тобы мен Алжирдің жеке секторы осы елге өндіріс желісін сату және техникалық-инженерлік қызмет көрсету саласында келісімге қол қойды.

Иран президентінің бірінші орынбасары Исхақ Джаһангири бір делегацияны бастап, өткен жылдың соңғы күндері Алжирге сапар шекті. Осы сапар барысында екі елдің арасында 8 әріптестік құжатына, соның ішінде, көлік жасау өнеркәсібі саласы бойынша құжаттарға қол қойылды.

«Iran Khodro» көлік жасау компаниясы басшысының экспорт жөніндегі орынбасары Саид Тафазоли өткен сәрсенбі күні Алжирдің «Vemowal» көлік жасау компаниясымен келісімге қол қою кезінде: «Осы келісімнің бірінші фазасында «Iran Khodro» өнімдері жартылай құрастырылған түрде Алжирге жөнелтіліп, толық құрастыру жұмыстары сол елдің өндіріс желісінде жасалатын болады. Бұл өндіріс желісі 2016 жылдың шілде айында іске қосылады. Алжирлік тараптың алдағы жылға тапсырыс берген 15 мың көліктің 1500 данасы жақында экспортталып, қалғаны құрамдас бөлшектер ретінде жөнелтілетін болады» деді.

Алжирдің «Vemowal» көлік жасау компаниясының бас директоры Мұхаммад Рахмун осы келісімге қол қою аясында: « «Iran Khodro» өнімдері Алжир нарығындағы басқа да өнімдермен бәсекеге түсе алатын сапаға ие» деді.

Иранның Көлік жасау саласындағы саясатты анықтау кеңесінің хатшысы Ирандағы алты шетелдік көлік жасау компаниясының құзыры туралы хабарлады.

Иранның Көлік жасау саласындағы саясатты анықтау кеңесінің хатшысы Сасан Құрбани Жапония, Германия, Франция, Аустрия, Түркия мен Италияның Иран нарығы мен көлік жасау өнеркәсібіндегі құзыры бойынша кесімді шешім қабылданғанын мәлімдеді.

Швейцарияның кеме қатынасы жолы Иранның Шаһид Раджии портында жұмысын қайта бастады.

Әлемнің екінші контейнерлік желісінің кеме қатынасы жолына тиесілі MSC DOMITILLE кемесі алты жылдан кейін өткен аптада Шаһид Раджаии портында айлақтады. 1162 контейнерді тасымалдау мүмкіндігіне ие осы кеме Қытайдың Шанхай портынан Шаһид Раджаии портына келді. Осыдан былай апта сайын MSC кеме қатынасы жолының кемелері Шаһид Раджаи портына келіп айлақтайтын болады.

Швейцарияның MSC жолы әлемдегі екінші ірі контейнерлік кеме қатынасы жолы деп есептеледі. Осы кеме жолына тиесілі кеме Иранның ең ірі портында айлақтағаннан кейін осы портқа қатынайтын шетелдік кеме жолдарының саны 17-ге жетті.