Бүгінгі әлем – үстемшілдердің «жұмсақ соғысының» алаңы 5: «жұмсақ төңкеріс» – «жұмсақ соғыстың» келесі үлгісі
Субверсия – әскери терминдердің бірі. Әскери терминдер сөздігінде субверсия деп, бір елдің мүддесіне қарсы іске асырылатын барлық заңсыз жұмыстар мен іс-әрекеттерге айтылады.
Бұл терминнің қорытынды мақсаты билік басындағы үкіметті құлату болып табылады. Құлату – жүйесіз соғыстардың бір түрі. Басқаша айтқанда, құлату деп, бір елдің саяси жүйесін өзгерту немесе бір жүйенің негізгі құндылықтарына маңызды өзгеріс енгізуді айтады. Бұл өзгеріс кейбір кезде төңкеріс, лаңкестік, таңылған соғыс сынды қатыгез әрекеттер арқылы, кейде бейбіт жол және ұзақ мерзімді әрі дұрыс бағдарламаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады. Құлатудың мұндай түрі «жұмсақ құлату» деп аталады. Нәтижесінде құлатудың екі тәсілі де жүйенің өзгеруіне, соңында құлауына соқтырады.Осы кезде «жұмсақ құлату» туралы айырмашылықтары сондай көп болмағанымен, әртүрлі анықтамалар кездеседі. Негізінде олардың барлығының мәтіні ұқсас. Олардың барлығының ортақ мақсаты құндылықтарды өзгерту, қажет болса, билік басындағы жүйенің адамдары бейбіт жолдармен жүйенің заңдарын өзгерту болды. Қатігездіксіз әрекет, яғни қатыгездіксіз күрес, демократиялық даму, диктатураны құлату, «жұмсақ соғысты» жаңдандыру мен құлату саналады. «Жұмсақ құлату» – қоғамдық түсінік. Бұл саяси жүйенің егемендігін дағдарысқа тіреуге әрекет жасайды. Басқаша айтқанда, бұл саяси-қоғамдық үдерісте қоғам алпауыт елдердің күресіне, әртүрлі ұйымдар және үкіметтік ұйымдар мен органдар арасындағы бәсекелестікке абай болуға шақырады.
«Жұмсақ төңкеріс» – ұзақ мерзімді үдеріс. Оның кезінде қоғамның халқының бір бөлімі үкіметтік емес ұйымдар немесе ұлтаралық органдарға ауысады. Бұл үдерісте тұрмысты қамтамасыз ету, арнайы науқастарға ерекше көңіл бөлу, инфляция, қоғамдық қауіпсіздік, жаңа талаптары бар жаңа топтардың құрылуы, саяси шектеулер мен тағ да басқа іс-әрекеттерді байқауға болады. Нысанаға алынған қоғамда қажетті қоғамдық жағдай орын алған кезде бөгде ойыншылар «жұмсақ төңкерісті» іске асыруға кіріседі. Керісінше, үкіметтің қоғамдағы билігі күшті болған жағдайда «жұмсақ төңкерістің» тәсілдері нәтижеге жетпейді. «Жұмсақ төңкерісті» іске асыру әрекеттерінің бірін АҚШ-тың ИИР-на қарсы іс-әрекетінен байқауға болады. Иранда Ислам революциясы жеңіп, екі мемлекеттің арасындағы қарым-қатынас үзілген соң, АҚШ тарапынан ИИР әлсірету, оқшаулау, дағдарысқа тіреу және бұл елдің табиғи байлығын талан-таражға салу арқылы халқын үмітсіздендіріп, мұндай жағдайды өз мүддесіне пайдалану мақсаты қойылды. Екі елдің арасында шектеулі әскери қақтығыстар да орын алды. Бірақ жалпы айтқанда «жұмсақ төңкерісті» АҚШ-тың Иранға қарсы негізгі саясаты деп атауға болады. Рауль Марк Грет, Патрик Клаусон, Ричард Армитаж бен Марк Палмар АҚШ-тың ИИР-на қарсы «жұмсақ төңкерісін» қолдайтындар болды. Өткен жылдары АҚШ тарапынан Иранда «жұмсақ төңкерісті» іске асыру және бұл елдің үкіметін өзгерту үшін әртүрлі, соның ішінде мемлекеттің сыртынан оппозицияға көмектесу, оларды ұйымдастыру, ұлтаралық және мазхабаралық қайшылықтар тудыру, экономикалық санкциялар мен оларды күшейту, жан-жақты психикалық соғыс пен Иранға қысым көрсету үшін халықаралық гуманитарлық келіссөздерді құрал ретінде пайдалануға талпыныс жасады. Осы салада АҚШ Конгресі тіпті арнайы бюджет бөлді. 2015-ші жылдың 18-ші желтоқсанында АҚШ Конгресінде бекітілген САА деп белгілі болған H.R. 2029 заңының 7041-ші бабында әлемнің 38 мемлекетінің азаматтарының Иранға сапар шегуіне, инвестиция салып, бұл елмен сауда қарым-қатынас жүргізуіне қатаң шектеулер қарастыруымен бірге, лаңкестік, адам құқығы, баллистикалық зымырандар және қаруды арттыру деген сылтаулармен Иранға қарсы АҚШ-ның санкцияларын енгізу үшін қажетті бюджетпен қатар, «Иранда «жұмсақ төңкеріс» өткізу үшін арнайы демократиялық бағдарламалар» деп аталған бюджет бөлінді. Аталмыш жобаның іске асырылуы осы кездегі АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керриге тапсырылды. 7041-ші бапта «жұмсақ төңкерістің» арнайы бюджетінің мөлшері туралы айтылмаған. Бұл құпия мәлімет болған. Ол туралы дәл осы заңның демократиялық бағдарламаларына қатысты «бюджеттің мөлшерін белгілеу» деп танымал болған 7032-ші бабында айтылған. Бұл жобаның қаржысы 2 миллиард 308 миллион доллар деп көрсетілген. Бұл Ираннан басқа бірнеше мемлекетке, соның ішінде Ресейге қатысты. Айта кететін жайт, бұл бағдарламада елдерінен демократияның иісі де сезілмейтін Сауд Арабиясы туралы еш нәрсе айтылмаған. 7032-ші баптың С бөлімінде демократиялық бағдарламалардың анықтамалары көрсетіліп, оларға жақсы билік, сенімді әрі бәсекеге қабілетті сайлау, сөз бостандығы, адам құқығы, жұмысшылар құқығы мен заңның билігі сынды мәселелердің кіретіндігі көрсетілген. Бұл бюджет демократия мен азаттықты таратуға қатысты өз міндеттемелеріне табанды ұйымдарға тапсырылады. Бұл мәселені анықтау Сыртқы істер министрі немесе АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі USAID басшысының міндеті болып табылады. USAID агенттігі бюджетті екі жол арқылы, өзі «демократия мен сөз бостандығына өту» деп атаған «жұмсақ құлату» жобасын іске асыруға жұмсауға кіріседі. Бірінші жол өз агенттігі немесе демократия орнататын ұлттық орган NED арқылы жобаны іске асыратын адамдар мен органдарды анықтайды. Екінші жол бұл жобаларды іске асырғылары келетін ұйымдарды, адамдар мен ақпарат құралдарын табады. USAID пен NED сынды органдардың осы кезге дейін Иранда қанша бюджет жұмсағаны туралы нақты мәлімет жарияланған жоқ. Бірақ Керри Болтон «Үстінен таңылған революция» деген кітабының 258-259-шы беттерінде: «АҚШ-тың бұл екі ұйымы 2009-шы жылы Иранда «жасылдар қозғалысына» қаржы қолдау көрсетуімен бірге, сайлауға бір жыл қалған уақытта 20 миллион доллар қаржы талап еткен болатын»,- деп жазды. Foreign Policy Journal-дың мәліметі бойынша, 1388-ші жылғы сайлаудан бұрын аталмыш екі орган Иранда белсенді жұмыс жасаған. АҚШ-тың сол кездегі Мемлекеттік хатшысы Кондоли́за Райс 2006-шы жылы, яғни 2009-шы жылғы сайлаудан үш жыл бұрын Конгрестен Иранда адам құқығын, сөз бостандығы мен азаттықты тарату үшін 75 миллион бюджет алды. NED органы өткен бірнеше жылда осы кезге дейін Ирандағы жұмыстарына 4 миллион 800 мың доллар жұмсады. Айта кететін жайт, осыншама барлық бағдарламаларға ие бола тұра АҚШ Президенті Барак Обама: «АҚШ Ирандағы исламдық жүйені өзгертуді мақсат етпейді»,- деген уәж айтты. Ол өзінің президенттік кезінде Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеиге хаттар жолдады. Батыс ақпарат құралдарының жазуынша, бұл хаттарды жазудың негізгі мақсаты АҚШ-тың Ирандағы исламдық республикасы жүйесін өзгертуді көздемейтіндігіне сенімділік тудыру болған-мыс. Алайда негізгі оқиғалар айтылған сөзден өте алыс. Ислам революциясы жетекшісінің сөздерінің бірі АҚШ-тың мұндай әрекетіне ең жақсы жауап болар. Аятолла Хаменеи: «Біз сіздердің исламдық республикасы жүйесін өзгертуді мақсат ететіндіктеріне немесе етпейтіндіктеріне алаңдамаймыз. Білгілеріңіз келсе, біздің мұндай мақсатымыз жоқ. Исламдық жүйені өзгертуге талпынғансыңдар және анық жариялаған болатынсыңдар, бірақ еш нәрсе істей алмадыңдар, алда да еш нәрсе істей алмайсыңдар»,- деді.