Аптаның экономикалық журналы (63)
ҚХР-ның төрағасы Си Цзиньпин Иран Президенті Хасан Руханидің шақыруымен осы аптада жоғары дәрежелі делегацияны басқарып, Теһранға келді.
Бұл сапар барысында ИИР мен ҚХР басшыларының қатысуымен түрлі салаларда, соның ішінде,экономикалық, өнеркәсіптік, мәдени және сот бөлімдерінде Теһран-Бейжің екіжақты қатынастарын стратегиялық деңгейге көтеру үшін 17 ынтымақтастық құжатына министрлер тарапынан қол қойылды.
Иран Ислам Революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи ҚХР-ның төрағасы Си Цзиньпин мен осы елдің делегациясын қабылдауында Иран мен Қытай халқының сауда және мәдени қатынастарының тарихына тоқталып: «Иран үкіметі мен халқы әрдайым Қытай сияқты тәуелсіз әрі сенімді елдермен қарым-қатынастарын кеңейтуге мүдделік танытады. Сол себепті Иран мен Қытай басшыларының 25 жылдың стратегиялық қарым-қатынастар туралы келісімі парасатты келісім» деді.
Ислам Революциясының жетекшісі ҚХР төрағасының «Жібек жолын» жаңғырту және осы жолда орналасқан елдердің ынтымақтастықтарын кеңейту туралы сөздерін қисынды әрі көңілге қонымды деп атап: «ИИР Қытайдың санкциялар кезіндегі әріптестіктерін ешуақытта ұмытпайды» деді.
Хазірет аятолла Хаменеи энергияны әлемнің маңызды мәселелерінің бірі деп атап: "Иран – аймақтағы энергетика саласында сенім тудыратын жалғыз тәуелсіз ел. Себебі кейбір аймақтық елдерге керісінше Иранның энергетикаға қатысты саясаты еш жағдайда ирандық емес бөгде тараптардың ықпалына түспейді" деді.
ҚХР-ның төрағасы Си Цзиньпин де осы кездесуде Иранға сапармен келгеніне ризашылық білдіріп, Иран үкіметі мен халқының шынайы сезімдері үшін алғыс айтумен қатар, бұл жақындықты екі елдің ұзақ мерзімді достық қатынастары мен ынтымақтастықтарының нәтижесі деп атап: «Иран мен Қытайдың екіжақты әріптестіктері ортақ мүдделер негізінде күн сайын артып отыруы керек» деді.
Иран Президенті де өзінің қытайлық әріптесімен өткізген баспасөз маслихатында: «Біз сауда айналымының мөлшерін алдағы 10 жыл ішінде 600 миллиард долларға жеткізуді көздейміз» деді.
Осы сапар барысында қол қойылған құжаттар түрлі тақырыптарды қамтыды. Олардың қатарына Жібек жолы экономикалық белдеуін нығайту және ИИР мен ҚХР арасында 21 ғасырға сай, теңізден өтетін Жібек жолын қалыптастыру, Иран Атом қуаты ұйымы мен Қытай Атом қуаты ұйымы арасындағы энергияның бейбіт мақсаттағы қолданысы туралы өзара түсіністік меморандумы, ИИР-ның Ғылым және технология басқармасы мен ҚХР-ның Ғылым және технология министрлігі арасындағы ынтымақтастық келісімі жатады. Сонымен қатар, ИИР-ның Жол және қала құрылысы министрлігі мен Қытайдың Экспорт және импорт банкі арасында «Теһран-Мешхед» жүрдек пойыз жолы жобасын қаржыландыру меморандумына да қол қойылды.
Сондай-ақ, Қешм еркін сауда аймағы ұйымы мен Гуанчжоудың Пилот еркін сауда аймағының кеңсесі арасында ортақ әріптестіктерді кеңейту мақсатында ынтымақтастық құжатына қол қойылды.
Сарапшылардың пікірінше, Иран мен Қытай арасында стратегиялық жан-жақты құжаттарға қол қойылуы екі елдің дамуға бет алған қатынастарының жаңа кезеңінің бастамасы болып табылады. Бұл құжат екі елдің стратегиялық және ұзақ мерзімді қатынастарының қарқынын жылдамдататын болады. Болжамдарға сәйкес, Қытай – алдағы 10-15 жылда әлемнің бірінші экономикасына айналатын алпауыт елдердің бірі.
Қытай өткен алты жылда Иранның ең басты сауда серіктесі болды. Санкциялардан кейінгі кезеңде де Иранмен экономикалық қатынастарға әртүрлілік енгізу арқылы ынтымақтастықты кеңейте алады.
Euronews хабар арнасы бір мәлімедемеде Иранға қарсы халықаралық санкциялар жойылған соң Иранның шетелдік инвесторлар үшін тартымды елге айналғанын хабарлады. Euronews хабар арнасы арнайы экономикалық бағдарламасында Иранға қарсы халықаралық санкциялар жойылғаннан кейін осы елдің мұнай нарығы мен экономикасының болашағына көз жүгіртіп, бай мұнай қорына ие Иранның бірнеше жыл санкциялардың қысымында болғаннан кейін мұнай нарықтарына қайтып оралатынын мәлімдеді.
Иран – әлемдегі бай мұнай қорларына ие елдердің бірі. Иран осы аяда өз мұнай экспортының мөлшерін ұлғайтуды көздеп отыр. Иранның Мұнай министрінің орынбасары Амир Хосейн Заманиниа бұл жайлы: «Иранның Ұлттық мұнай компаниясы өз экспортының мөлшерін күніне 500 мың баррельге дейін арттыра алады. Ал алдағы айларда Иран өз экспортының мөлшерін 1 миллион баррельге дейін арттыратын болады» деді.
Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане бұл жайлы былай дейді: «Алдағы айларда біз біртіндеп мұнай нарықтарына толығымен қайтып оралатын боламыз. Бұл мәселе қазірдің өзінде бағаларға кері әсерін тигізіп отырғанымен, мұнай бағасы туралы алаңдамауымыз керек. Бұл мәселеге Иран жоқ кезде мұнай нарығын өзінің артық ұсынысымен толтырған тараптар алаңдауы керек».
Халықаралық санкциялар жойылғаннан кейін Иран шетелдік инвесторлар үшін тартымды елге айналды.
Италияның Экономикалық даму министрінің орынбасары Карло Календа өткен қараша айында 178 компания, 20 сауда ассоциациясы және 12 банктік топтан құралған ірі сауда делегациясын бастап, Теһранға сапармен келді. Осы компаниялардың арасында Enel ірі энергетика компаниясы, Eni мұнай тобы мен Prysmian кабель жасайтын компания да болды. Италияның Экономикалық даму министрілінің бір қайраткері: «Италиялық өнеркәсіпшілер мен мердігерлердің тағы бір делегациясы ақпан айында Иранға сапармен барады. Бұл делегация энергетика және инфрақұрылым бөлімдерінде жұмыс жасайды» деді.
Өзінің Еуропаға алғашқы кезеңдік сапарын Италиядан бастаған Иран Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Италияға келді. Бұл сапар «Ортақ қадам» бағдарламасы жүзеге асырылғаннан кейін Иран мен Италияның қатынастарын нығайту және экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында орын алды.
ИИР Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Римде Италия Президенті Серджо Маттарелламен кездесуінде: «Иранның қазіргі жағдайы жаңа инвестиция мен технологиялардың кіруіне және экспорттық ынтымақтастықтар үшін толығымен дайын» деді.
Иран Президенті сондай-ақ Италияның премьер-министрі Маттео Ренцимен ортақ баспасөз маслихатында Иран мен Италияға қажетті бөлімдерде ортақ бөлімдерге инвестиция салу қажеттігіне тоқталып: «Иран ерекше жағдайда орналасып, Орталық Азия, Кавказ бен Үнді мұхитының түйісу торабы болғандықтан екі елдің ортақ экспортының алмасу орталығына айнала алады» деді.
Екі елдің жоғары дәрежелі қайраткерлері осы сапарда Иран Президенті мен Италия премьер-министрінің қатысуымен 14 ынтымақтастық құжатына қол қойды.
Иран мен Италияның жоғары дәрежелі қайраткерлері қол қойған 14 құжат тасымал, темір жол, білім беру және медициналық әріптестіктер, сауда, қауіпсіздік, порттық әріптестіктер, ауылшаруашылық, карантин және өсімдіктерді қорғау, дәрі-дәрмек бөлімдерін қамтыды.
Дүйсенбі күні қол қойылған келісімдердің арасынан құны 4-5 миллиард доллар деп есептелінген Saipem мұнай компаниясы мен мұнай жөнелту құбырларының құрылысына қатысты келісімді атап айтуға болады. Сонымен қатар, Иран Danieli болат құю компаниясымен құны 5 миллиард 700 миллион еуролық келісімге және Condotte d’Acqua инфрақұрылымдық компаниясымен құны 4 миллиард еуроны құраған келісімге қол қойды.
Санкциялар жойылғаннан кейін италиялық кәсіпкерлер қатынастарды жаңғыртуға мүдделік танытып отыр.
Еуропа соңғы жылдары Ресей, Қытай және Түркия сияқты жаңа бой көтерген экономикалармен салыстырғанда кенде қалған Иранның сауда бөлімдеріне қайтадан қол жеткізуді көздеп отыр.
Теһран сонымен қатар өзінің жолаушы тасымалдайтын ұшақтарын жаңарту үшін 114 Airbus ұшағын сатып алмақ. Бұл туралы келісімге Руханидің Парижге сапары барысында қол қойылды.
Италиялық газет La Repubblica Иранның тоғыз жыл бойы санкциялардың қысымынан кейін халықаралық сахнаға қайта оралуы туралы: «Халықаралық текетірестің бәсеңдеуі Италия үшін экономика саласында жақсы мүмкіндіктер тудырады» деп жазды. Италия Теһранның тоғызыншы ірі серіктесі саналады.
Мұнай бағасының күрт төмендеуі Парсы шығанағындағы араб елдерінің биржаларын ауыр шығынға ұшыратты.
«Әл-Әлам» телеарнасы Парсы шығанағындағы араб елдерінің биржа нарығы өткен аптада ауыр шығынға ұшырады деп хабарлады.
Мұнай бағасы мен түрлі елдердің биржа көрсеткіштерінің төмендеу үдерісінің жалғасуы араб биржалары инвесторларының алаңдаушылықтарын арттырып отыр. Сауд Арабиясының биржасы өткен аптада 6 пайызға төмендеді. Дубайдың биржасы өткен аптада теріс динамикаға тап болып, 15 миллиард дирхам көлемінде шығын көрді. Абу-Даби биржасы да соңғы үш аптада түрлі көрсеткіштердің төмендеуіне куә болды. Мұнай бағасының күрт төмендеуі сонымен қатар Кувейт пен Қатардың да биржаларына ауыр шығын келтірді.