Аптаның экономикалық журналы 78
Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди осы аптада жоғары деңгейлі делегацияны бастап, Теһранға келіп қайтты. Сол сапарда ИИР-ның президенті мен Үндістан премьер-министрінің қатысуымен әр түрлі салалар бойынша, соның ішінде экономикалық, саяси және мәдени салаларда 12 серіктестік құжатына қол қойылды.
Энергия және инфрақұрылым салаларына инвестиция салу, үнділердің Иранның Чабаһар портына инвестиция салуын қорытындылау және мәдени байланыстар саласындағы серіктестік меморандумы мен бағдарламаларға қол қойылу Модидің Иран сапарындағы бағдарламаларының қатарын құрады.
ИИР-ның Мәдениет және байланыстар ұйымы мен Үндістанның мәдени байланыстар кеңесі арасындағы серіктестік меморандумы мен ИИР-ның Порттар және кеме қатынасы ұйымы мен Үндістанның Exim банкі арасындағы серіктестік меморандумы екі ел арасындағы қайраткерлер қол қойған келесі құжаттарға жатады.
Осы кездесумен бір мезгілде Ауғанстан президенті Мохаммад Ашраф Ғани да Теһранға келді. Үндістан премьер-министрі мен Ауғанстан президентінің Теһран сапарымен бір мезгілде Үндістанның Чабаһар порты арқылы Орталық Азияға қолжетімділігінің стратегиялық құжатына үшжақты отырыста қол қойылды. Чабаһар портын дамыту Үндістанның Иран арқылы Орталық Азия мен Ресей нарығына қолжетімділік негізін қалыптастыруымен қатар, осы порт арқылы шамамен 15 миллиард долларлық тауар айналымының көлемі Иранның шығысындағы экономикалық өркендеуге себеп болады.
Үндістан – Қытайдан кейін Иран мұнайын сатып алатын екінші ел. Екі ел арасындағы мәдени ортақтастықтар мен экономикалық ортақ мүдделер негізінде екіжақты экономикалық, саяси және мәдени серіктестіктер мен байланыстардың артуы үшін негіздер бар. Иранның санкция жылдарындағы сауда серіктестерінің бірі Үндістанның мұнай саудасына қатысты Иранға жалпы құны 6,5 миллиард долларлық қарызы бар. Осы негізде де келісімдер жасалды. Үндістан осы соманың шамамен 750 миллион долларын екі бөліп қайтарды.
Үндістан премьер-министрі мен Ауғанстан президентінің Теһран сапарындағы келесі бағдарламаға Иранның ислам революциясының мәртебелі жетекшісімен кездесу жатты.
Иран ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Ауғанстан президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен кездесуде Иранның Ауғанстанның қауіпсіздігі және мүддесіне қатысты шынайы талпынысын қуаттап, ИИР-ның Ауғанстанның барлық саладағы дамуын өзінің дамуы санайтынын айтты.
Иран ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Ауғанстанның екі үлкен нығметке: табиғи және адами байлыққа ие екендігін, осы байлықтарды тиімді түрде пайдаланудың жақсы дамуларға жеткізе алатынын баса айтты. Иран Ауғанстан өзінің табиғи байлықтарын пайдалана алуы үшін осы елге техникалық, инженерлік және инфрақұрылымдық тұрғыдан көмектесуге дайын екендігін мәлімдеді.
Иран ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен кездесуде де Иран мен Үндістан арасындағы мәдени, экономикалық өте ұзақ және тарихи байланыстарға тоқталып, екі ел арасындағы ынтымақтастық салаларын кең ауқымды деп сипаттады. Хазірет ИИР-ның әлемдегі жаңадан пайда болып, дамып келе жатқан экономикалардың бірі саналатын Үндістанмен байланыстарын құптап, екіжақты келісімдердің орындалуына қатысты толығымен шынайы екендігін мәлімдеді. Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі аятолла Хаменеи және ИИР президенті Хасан Руханимен кездесуден кейін Твиттер әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында былай деп жазды: «Осы сапарда Иран басшыларымен сындарлы сұхбаттар болды. Біз байланыстарымызды бұрынғыдан бетер ілгерілетуге келістік».
Армения премьер-министрі Еуропа мен Азияны қосатын алқа ретінде Иранмен серіктестік жасауға әзірлігін мәлімдеді.
Экономикалық журналдың келесі хабары осы тақырыпқа арналады.
АрменПресс интернет торабы Еуразия үкіметаралық кеңесінің отырысында сөйлеген Овик Абраамянның сөздерін жариялаумен қатар, Армения премьер-министрінің Еуразия экономикалық одағы серіктестігін кеңейтудің осы одақ үшін маңызының жоғары, әрі халықаралық ынтымақтастықтардың да Еуразия экономикалық одағының көбірек дамуына ұластырады деп санайтынын жазды.
Ол Арменияның тарихи байланыстар мен Иранмен ортақ шекараға ие осы одақтың жалғыз мүшесі болғандықтан Еуразия экономикалық одағында ортақ нарық қалыптастыруға ерекше көңіл аудару қажеттілігін баса айтты.
Еуразия экономикалық одағы мен одаққа мүше елдердің Қытаймен серіктестігі сауда айналымының көлемін арттыруға көмектесумен қатар, үлкен инфрақұрылымдық жобалар саласына инвестиция тартуға да ұластырады. Армения премьер-министрі осы саладағы талпыныстардың Еуразия экономикалық аймағын құру және Еуропа мен Азияны әртүрлі жолдар арқылы, соның ішінде Еуразия экономикалық одағына мүше елдер мен Армения, сондай-ақ, Иран мен Үндістан арқылы бір-бірімен байланыстыратын Қытай Жібек жолын қалыптастыру сынды жобаларды қамтитынын айтты.
Иран СІМ Зариф Теһранда Жаңа Зеландия СІМ Мюррей МакКаллимен өткізген баспасөз маслихатында ирандық банктермен серіктестік жасау жолындағы кедергілерді жою қажеттігіне тоқталып: «Біз діттеген деңгейге әлі жете алған жоқпыз. Осы салада Америка тарапынан көбірек шара қарастырылуы керек» деді.
Иранның орталық банкінің төрағасы Валиуллах Сейф өткен аптада Лондонда өткен конференцияда Иранмен банктік серіктестіктер жолындағы кедергілерді жоюды сұрады.
Сейф Филип Хаммондпен кездесуде ирандық тараптың «Ортақ қадам бағдарламасын нақты орындауды және батыстық тараптың да өз міндттемелерін орындауын, англиялық банктердің екі елдің банктік айналымдарда бесенді құзырға ие болуын күтетіндігін, сонымен қатар Лондонда орналасқан ирандық банктердің толығымен жұмысын бастауға мүдделік танытты.
Германиялық телеарна Deutsche Welle да бір хабарда Иранға қарсы халықаралық санкциялардың жойылғанына бірнеше ай болғанына қарамастан, осы нарыққа ену үшін шектеулердің бұрынғысынша қалып отырғанын, соның ішінде Иранның банктік жүйесіне деген қолжетімділіктің жоқтығына сілтеме жасауға болатындығын хабарлады.
Challenge интернет торабы да бір хабарламада Американың айыппұл салуынан қорқудың Иранда франциялық банктердің жұмыстарына кедергі болып отырғанын жазды. Француз тіліндегі осы интернет торабының жазуы бойынша, қолда бар мәліметтер тек франциялық үш банк ғана Иран мен Франция арасындағы қаржы операцияларын жүргізіп отыр, ал басқа банктер бұрынғысынша 2014 жылы Америка тарапынан BNP Paribas банкіне Иранға салынған санкцияларды бұзғаны үшін салынған айыппұлдан қорқуда.
Банктік сенімділіктің болмауы еуропалық елдердің көбіне, соның ішінде Англия, Германия, Франция, Италия елдеріне өте әсер етті.
Американың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысы Федерика Могерини мен олардың Франция, Германия және Англиядағы әріптестері өткен аптада Лондонда өткен отырыста ортақ мәлімдеме жариялап, Иранмен рұқсат етілген сауда жұмыстарының жолына кедергі жасамайтындықтарын қуаттады. Зариф Вена мен Нью-Йоркте Керри және Могеринимен өткізген келіссөздерде келісімдерді жүзеге асыру жолындағы кедергілерді жою үшін іс жүзінде әрекеттер жасау туралы сөйлесті.
Исфаһанның Фуладе Мобараке зауыты 11 миллион тонна болат өндіру мүмкіндігімен әлемдегі ең үлкен өндіріс орыны саналады. Исфаһаның Фуладе Мобараке компаниясының атқарушы директоры Баһрам Собһани кен және кен өндіріснің бағдарламалары мен перспективалары деген тақырыпта IMIDRO директорларымен өткізген алғашқы отырыста сөйлеген сөзінде: «Бұл әлемдегі болат өндіруші ең үлкен компания жылына 11 миллион тоннадан артық көлемде өнім өндіреді.
Исфаһанның Фуладе Мобараке компаниясы ең үлкен биржалық компания ретінде де танымал болып, өндіріс саласында ішкі өндірістің бір пайызы мен ұлттық өндірістің бес пайыздық үлесіне ие болды» деп, бұл компанияны Азияның батысы мен Африканың солтүстігіндегі жұқа темір парақшаларын өндіруші ең үлкен өнеркәсіп деп атады.
Аталмыш компания елдегі 50 пайыздан жоғары үлесі және Таяу Шығыс пен Африканың солтүстігіндегі 22 пайыздық үлесімен ішкі және сыртқы нарықтың қажеттілігінің үлкен бөлігін қамтамасыз етіп отыр. Фуладе Мобараке тобының әлеуеттерін дамыту бойынша үш келісімге қол қойылу Иран президентінің жуықта Римге жасаған сапарындағы маңызды жұмыстардың бірі. Келісімдер аталмыш зауытта жүзеге асырылады.
Германияның Тюрингия штатының Экономика министрі де осы аптада Исфаһанның Фуладе Мобараке компаниясын аралау барысында Азияның батысындағы ең үлкен болат өндіруші компанияға технология және инвестиция салалары бойынша екі жақты серіктестіктер жасауға ұсыныс жасады.
Вольфанг Тиффанзе Германия бизнесмендері және белсенділерінен тұрған 40 адамдық делегациямен Теһранға келіп, осы компанияның дамыған технология және смарт құрал-жабдықтарды қолданып өндіру үдерісіне көріп: «Иран халықаралық қауымдастықпен жасаған келісімі бойынша жаңа кезеңге енді. Иран халықаралық нарықтағы өзіне лайық мәртебесін қайтара алады. Біз Иран және Фуладе Мобараке компаниясымен екіжақты серіктестік жасауға мүдделік танытамыз» деді.
Жаңа Зеландия СІМ Мюррей Маккалли осы аптада Теһранға екі күндік сапармен келіп қайтты.
Аптаның экономикалық журналы бағдарламасының жалғасы осы саладағы хабарға арналған:
Мюррей Маккалли осы сапарда Иранның СІМ, Ауылшаруашылғы жиһады министрімен, ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің хатшысымен кездесіп, екіжақты, халықаралық және аймақтық байланыстар туралы сұхбаттасты.
Ол осы сапарда ынтымақтастық құжатына қол қойылу арқылы Иран мен Жаңа Зеландия арасындағы келісімдер үшін жақсы мүмкіндіктің пайда болғанына тоқталып: «Серіктестіктерді кеңейту бойынша үлкен ықыласқа иеміз. Биыл Жаңа Зеландияның Сауда министрі Иранға бір делегацияны бастап келмек. Иран мен Жаңа Зеландия арасындағы бас бөлімнен тұратын ауылшаруашылығы саласындағы серіктестік құжаты екі жақты мүддеге қол жеткізу мақсатындағы серіктестік жасау салаларын кеңейтуді, сауданы дамытуды, ауылшаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтарды, әртүрлі салаларда байланыстар жасауды ынталандырып кеңейтуді, жеке сектордың құзырын күшейтуді, ауылшаруашлығының әртүрлі салаларына инвестиция салу үшін мүмкіндік қалыптастыруды қамтиды» деді. Иран СІМ Мохаммад Джавад Зариф Жаңа Зеландияның СІМ-мен өткізген ортақ хабар брифингінде бүгінде екі елдің экономикалық байланыстарын жақсартып, кеңейту үшін және саяси кеңесулер үшін қолайлы негіздің бар екендігін айтып, Иран мен Жаңа Зеландияның ауылшаруашылығы, мал өсіру, тамақ өнеркәсібі, сүт өнімдері және технология салаларында серіктестіктердің жасалатынын мәлімдеді.
БизнесМонитор зерттеу агенттігі өзінің жаңа зерттеулерінің есебінде биылғы жылы Иранның әлемдік қаржы нарығына енуін экономиика саласындағы маңызды оқиға ретінде атап: "Иран бірте-бірте жеке сектордағы инвестицияның нәтижесіне куә болады» деп жазды. Осы есепте Иранның шамамен экономиканың барлық саласында даму мен өсу бойынша үлкен әлеуетке ие екендігі, ауылшаруашылығы секторы мен тұтыныс пен өндірістің де осы істен тысқары еместігі айтылған.