Maм 30, 2016 16:42 Asia/Almaty
  •  Ислам әлеміндегі бірлік 10

Исламдық бірлік туралы мәселенің талқылануы осыдан 150 жыл бұрын басталған. Бұл тақырып отаршылардың қысымы мен ислам әлемі және Батыстың арасында орын алған қақтығыстарға себеп болды. Алайда шиіттер мен сүнниттердің арасындағы қайшылықтар және оларды шешу талпыныстарының тарихы ұзақ жылдарға созылады.

Шамамен билік басына Бани Умаие үкіметі келгенге дейін бұл қайшылықтар мұсылмандар арасындағы үлкен қайшылыққа себеп болмады. Бірақ Бани Умаие пайғамбар әулеті мен шиіттерге қарсы дұшпандық білдіруге сүйеніп, қайшылықтарды тереңдетіп, қантөгіске дейін жеткізді. Бани Умаие шын мәнінде пәк имамдар мен шиіттерге тіл тигізу мен бос айыптаудың іргетасын қалаушы болды. Аббасилер кезінде олар өздерін пайғамбар мен имамдардың әулеттерінен деп санағандарымен, шиіттерге, басқаша айтқанда алавилерге қарсы қысымдарын арттырды. Бани Аббасилер алавилердің ұрандары мен шиіттердің терең ой-пікірлерін пайдаланып, билік басына келді. Бірақ біраз уақыттан кейін саяси талаптарын шиіттермен қарсыласу негіздеріне қаратып, алавилерді өлтіру үдерісін бастады. Бұл мәселе қайшылықтардың күшеюі мен қайшылықтардың Куфе мен Басре шекараларынан шығып, бүкіл ислам әлеміне таралуына себеп болды. Бани Аббас әртүрлі мазхабтар мен шиіттердің дұшпандарына олардың шиіттерге зорлық-зомбылық көрсетуі үшін қаржылай көмек көрсетті. Бірақ мұндай әрекеттер жауапсыз қалмады. Шиіттер де оларға қарсы әрекет жасады. Алайда мұндай жағдайға қарамастан шиіттер мен сүнниттердің парасатты ғұламалары ислам әлемінің бірлігін сақтауды көздеп: «Сүнниттердің жамағат намаздарында оларды жамағат имамдарының артынан намаз оқыңдар, олардың науқас адамдарының халін сұрап барыңдар», -деп насихаттап, қайшылықтарды азайту үшін көптеген талпыныстар жасады. Сол себепті шиіттерге қарсы орын алған барлық зорлық-зомбылықтарға қарамастан олар әрқашан мұсылмандардың бірлігін қорғап, шиіт ғұламалары мен ойшылдары сүннит ойшылдарымен бірге барлық кезеңдерде іріткі тудыратын мәселелерді шешіп, шиіттер мен сүнниттер арасындағы бірлікті сақтауға талпыныс жасады деп айтуға болады. 4-5-ші ғасырларда Шафии және Ханафи ғұламаларының кейбіреулері имам Хусейн (ғ.с.) туралы кітаптар жазса, (Хорезми Ханафидің «Мақтал әл-Хусейн» кітабы), 6-шы ғасырда Рей қаласында Абд ул-Джалил Қазвини Рази сынды шиіт ойшылдары шиіттердің сүнниттерге деген қатаң ұстанымдарын жұмсартуға талпыныстар жасады. Абд ул-Джалил Қазвини Рази шамамен хиджри қамаридің 560 жылы сол кезде әлем шиіттерінің орталықтарының бірі саналған Рей қаласында өмір сүріп, шиіттер мен сүнниттердің бірлігіне қатысты мәселеге шынайы көңіл бөлген және бұл екі мазхабтың арасын жақындатуүшін талпыныс жасаған адамдардың бірі саналады. Ол өзінің «Әл-Нақс» кітабында шиіттерге қатысты сүнниттердің кейбір артық кетушіліктерін сынап, шиіттердің кейбір көзқарастарын саяси тұрғыдан бірқалыпты етті. Сонымен бірге саяси тұрғыдан шиіттердің ағымын сол кездегі билікке, яғни Селжұқтарға жақындатуға талпынды. Ой-пікірлер тұрғысынан Абд ул-Джалил Қазвини Рази барлық исламдық мазхабтардың бірлігі мен мұсылмандардың, әсіресе Иран тарихының орта ғасырларындағы біртұтастығының қажеттілігі туралы айтқан теоретиктердің бірі. Бірақ ол мұндай көзқарасты баяндаған жалғыз шиіт ғалымы емес. 6-7-8 ғасырларда мазхабаралық бірлікке көптеген көмек көрсетілді. Суфиандар мазхабтық сенімдерінің жоқтығынан сүнниттер мен шиіттердің жақындауына жағдай жасап, шиіт ғалымдарының көбірек белсенділік танытуына себеп болды. 7-ші ғасырда, дәл моңғол үкіметі кезінде шиіттердің әйгілі ғалымы Ходже Насир Туси үкіметке жақындады. Ол обсерватория салуымен бірге шиіттер мен сүннитердің топтарын жинап, екі жақтың өз пікірлерін жариялауына жағдай тудырды. Шиіттердің үлкен ғалымдарының бірі ғұлама Хилиды Ходжи Насир Тусидің шәкірті деп атауға болады. Ол екі мазхабтың арасындағы қайшылықтарды азайтуға талпыныс жасағанғұлама. Шиіт ғұламалары мен ойшылдарының мұсылмандарды біріктіру саласындағы жасалған көптеген талпыныстарына қарамастан, ғұлама Амини сынды әйгілі азаматтар шиіттердің ниетін қорғауын исламдық үмбеттің қайшылықтарының күшеюі саласында сараптады. «Әл-Ғадир» - ғұлама Аминидің хазірет Әли (ғ.с.)-ның велаятын дәлелдейтін ең сенімді кітап. Бұл кітап араб тілінде жазылған. Кейбіреулер оны шиіттерді дәлелдейтін кітап санайды. Жазушы бұл кітапта 110 сахабасы мен Ғадир хадисін жеткізген пайғамбардың табаиндерінің 54 адамы мен 2-14-ші ғасырлардың аралығындағы «Ғадир» хадисін жеткізген 360 адамды еске алады. Соңында бұл мәселеге қатысты әртүрлі ақындарға тоқталды. Жазушы бұл кітапты тарату үшін Ирак, Үндістан, Пәкістан, Мысыр мен тағы басқа елдердің кітапханаларына сапар шеккен. Мәселен «Әл-Ғадир» кітабінің үшінші томында Рашид Резаның шиіттерді «шиіттер мұсылмандардың әр сәтсіздігіне қуанады, тіпті орыстардың Ирандағы мұсылмандарды жеңгенін тойлады» деген жала жабуына жауап ретінде: «Бұл өтіріктер – Мұхаммад Рашид Резаның ойдан шығарғандары. Бұл жалалардың нысанасына түскен Иран мен Ирак шиіттері, сонымен бірге Иран мен Иракпен қарым-қатынас орнатқан исламдық және исламдық емес елдердің өкілдері мұндай ағымнан хабарсыз. Шиіттер барлық мұсылмандардың, яғни шиіттер мен сүнниттердің мүлкі мен жанын құрметтейді. Олар ислам әлемінің әр жерінде әр мазхабта орын алған қиындықтарға бейқамдық танытпай, басқалардың ұайым-қайғысына ортақ болды. Шиіттер еш уақытта Құран мен сүннетте анықталған исламдық бауырластықты тек шиіттер әлемімен шектемей, шиіттер мен сүнниттердің арасына бұл сала бойынша айырмашылық жасаған емес»,- деді. Ол үшінші томының соңында: «Бұл кітапты сынауымыздағы мақсатымыз исламдық үмбетке ескерту және оларды ояту, сонымен бірге бұл кітаптардың исламдық қоғамға қатер тудырып, исламдық бірлікті әлсірететіндігін қуаттау болып табылады. Бұл кітап әр фактордан артық мұсылмандардың саптарын ыдыратады, бірліктерін бұзып, исламдық бауырластықтың тамырын құртады»,- деп жазды. Ғұлама Амини бесінші кітабінің басты сөзінде «Әл-Ғадир» кітабы туралы Мысырдан келген алғыс хаттардың біріне қатысты исламдық бірлік туралы өзінің көзқарасын толық анықтап: «Мазхабтар туралы наным-сенімдер азат және ғылыми-діни пікірталастарға қарамастан еш уақытта Құранда айтылған бауырластықтың тамырын отамайды. Сондықтан жазушылар ислам әлеміндегі қайшылықтарға қарамастан ортақ қоғам болып, Алла мен Алла елшісіне иман келтірген. Барлық мұсылмандардың болмысында Исламның рухы мен ықылас деген сөз қалыптасқан» деп, сегізінші томындағы исламдық бірлік мәселесіндегі Ғадирдің рөліне тоқталып және «Ғадир мұсылмандардың арасындағы іріткілердің артуына себеп болды» деп айтушыларды теріске шығарып, Ғадир мұсылмандардың бір-біріне жақындауына себеп болы деп дәлелдеді.