-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (53)
Сәу 13, 2016 19:08Бүгінге дейін Иран сәулет өнерінің көптеген үлгілері, әсіресе мешіт, базар, керуен сарай және көпір сынды қалалық кеңістіктердің архитектуралық жобаларымен таныстырдық. Өткен бағдарламада Ирандағы қоғамдық моншалардың архитектуралық жобасы жайлы сөз қозғап, олардың әлеуметтік ерекшеліктері мен тарихи қалыптасу жолына аздап тоқталып өттік.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (57)
Сәу 13, 2016 19:04Ислам дініне бет бұрған әрбір тайпа мен ұлт Алланың бірлігі мен хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.) жолдауының хақтығына кәулік етіп отырған. Халықтар Ислам дініне енгеннен кейін ғибадат ететін орындар салуға қажеттілік туындады.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (56)
Сәу 13, 2016 18:59Әрбір діннің өзіне тән арнайы рәсімдері мен әдет-ғұрыптары бар. Бұл рәсімдерде халықтардың нанымсенімі мен салтдәстүрлерінің бір бөлігі таныстырылады. Аталмыш әдетғұрыптар әдетте әлгі діндерді ұстанушылардың бір ортаға бірігуіне жағдай жасайды. Әрине арнайы рәсімдерді орындаудың арнайы кеңістіктерді қажет ететіндігі айқын.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (55)
Сәу 13, 2016 18:56Иран жерінің көп бөлігінде климаттың құрғақ немесе жартылай құрғақ болуы осы ұлан ғайыр далада әртүрлі архитектуралық ескерткіштердің туындауына ықпалын тигізді. Иранда жауын шашын мөлшерінің салыстырмалы түрде аз болуына байланысты ежелден ақ кең ауқымды даланың көп бөлігінде су табуға үлкен талпыныстар жасалды және ирандықтар өз күш қабілеттерін пайдалану арқылы ондаған шақырым қаннат жерасты су каналдарын қазды.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (54)
Сәу 13, 2016 18:44Өткен ғасырларда монша салу табыс табу үшін жасалмаған. Бұл ізгілікті іс діни сенім мен ақлақтық негізден бастау алып отырған. Бай әрі қайырымды адамдар ақыреттік сыйлыққа деген сенім-иманмен және өздерінен кейін жақсы ат қалу үшін монша салуға тырысқан.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (51)
Сәу 13, 2016 18:39Иранда көпір салу басқаларға жақсылық жасау мақсатында ежелден келе жатқан әлеуметтік-мәдени дәстүрлер негізінде салынатын архитектуралық үлгі болып табылады. Иранның әлеуметтік тарихында көпір, монша, медресе мен мешіт сияқты қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар салу кең таралған еді. Әлеуметтік қауіпсіздік қамтамасыз етілген әрбір заманда осындай ғимараттарды салу қолға алынып отырған.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (50)
Сәу 13, 2016 18:35Ирандағы сәулет өнері мен инженерлік іс табиғаттың төрт элементі – от, жел, су және жермен тығыз байланысты. Жер – сәулет өнерінің негізгі элементі. Әртүрлі панорамалар – күмбездер, қабырғалар мен ғимараттар сәулет өнерінің негізгі кеңістіктерін құрайды.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (49)
Сәу 13, 2016 18:30Қаладан әртүрлі ғимараттар, кеңістіктер, тұрғын үйлер, жолдар мен көпірлер кешенін көруге болады. Қалалық ғимараттар мен кешендердің әрқайсысының өзіне тән қолданыс аясы бар. Сонымен қатар, бұл кешендер бір-бірімен тығыз байланысты.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (48)
Сәу 13, 2016 18:28Иран қамалдары мен қорғандарының архитектуралық жобасы сол замандағы білім мен таным негізінде жау шабуылынан қорғану үшін жасалған. Әдетте олардың ішкі кеңістігі әрбір дәуірдің жергілікті дәстүрі бойынша безендіріліп отырған.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (47)
Сәу 13, 2016 18:26Адамдар баспана сала бастағаннан бастап, үнемі дұшпандар мен жабайы аңдардан сақтанудың жолдарын да ойлап отырған. Сондықтан да алғашқыда қабырғасыз болған үйлерде қабырға пайда болды, кейіннен қабырғалы үйлердің айналасына дуал салынатын болды.