-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (16)
Сәу 13, 2016 14:10Құран Кәрімде иманды адамдар үшін бірнеше ерекшелік аталып өтілген. Мысалы, "Мұминұн" сүресінің 3-аяты: "Олар бос нәрселерден аулақ болады". Иранның мұсылман сәулетшілері осы діни тәлімдерден өнеге алып, ғимарат салуда ысырапшылық пен бос іс атқарудан бас тартуға тырысқан.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (15)
Сәу 13, 2016 14:07Ирандағы үйдің құрылысы мешіттер мен медреселер сияқты жалпы ирандық сәулет стиліне бағынады. Иранның бұрынғы үйлерінің ерекшелігі төрт бұрышында төрт веранда орналасқан аула салу болған.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (14)
Сәу 13, 2016 13:46Үй тыныш та жанға жайлы орын ретінде адамның негізгі қажеттіліктерінің бірі болып саналады. Адам үнемі өзінің бұл қажеттілігін қамтамасыз етуге тырысады. Сыртқы кеңістіктердің арасында үй адамға ең жақын, онымен тығыз байланыстағы және оған әсер ететін кеңістік болып табылады.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (13)
Сәу 13, 2016 13:36Иранның ежелгі географиялық кеңістігі Фарс облысы және бүгінгі Иран территориясымен шектеліп қалмаған, оған үлкен Хорасан, бүгінгі Ауғанстанның бір бөлігі, Қос өзен аймағы да кіретін болған.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (12)
Сәу 13, 2016 13:34Тарихи зерттеулер әр елдің сәулет өнері белгілі бір географиялық және әлеуметтік жағдай ықпалында болатындығын көрсетеді. Көптеген өзгерістер енгізілгендігіне қарамастан, ежелгі дәстүрмен салынған ғимараттардың қазіргі құрылыстармен өте көп ортақтықтары бар.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (11)
Сәу 13, 2016 13:32Иранның сәулет өнері өзінің ұзақ тарихы барысында көптеген құлдыраулар мен шарықтауларды басынан өткізді. Оның қалыптасуына ауа райы мен саяси-әлеуметтік жағдай көп әсер етті.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (10)
Сәу 13, 2016 13:28Ирандағы сәулет өнерін зерттеуші марқұм Мұхаммад Карим Пирниа Иран сәулет өнерін алты стильге бөліп қарастырған және "Исфахан" стилін ең соңғы стиль деп есептеген.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (9)
Сәу 13, 2016 13:25Әзірбайжан аймағының сәулет өнері маңыздылығы жағынан Иран сәулет стилінің алдыңғы қатарында тұр. Өйткені Парсы, Әзери және Исфахан сәулет стильдері сол аймақтан бастау алып, Иранның түкпір-түкпіріне таралды.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (8)
Сәу 13, 2016 13:18Селжұқтар жаугер халық болған. Олардың Иранмен көршілес жерлерді басып алудағы себебі де осы соғысқұмарлық болса керек. Селжұқтар дәуірінің соңында билік басындағылардың бір-бірімен соғысы, олардың өзара бақталастығы және нөкерлердің билік басына келуі салдарынан жергілікті мемлекеттер өздерінің тәуелсіздігін жариялай бастады.
-
Иран мәдениеті және сәулет өнері (7)
Сәу 13, 2016 13:11Шәмс әл-Маали Қабус бен Вошмгир ойшыл және шебер жазушы болған. Ол "Әл Зийар" әулетінің ең атақты шахы ретінде билік жүргізген. Оның теңдессіз жауынгер болғандығы айтылады, бірақ ол кейде өзіне бағынышты адамдарға қатігездік жасап отырған. Осы жағдай оның өз сардарының қолынан қаза болуына себеп болды. Ол Қабус мұнарасының астына жерленген деп айтылады. Сол себептен бұл ғимарат Қабус мұнарасы деген атпен әйгілі.